Паллиативті көмекті кімдер қажет етеді


Паллиативтік көмекті қажет ететін науқастарды және хоспистегі науқастарға жалпы күтім көрсету тәртіптері



бет2/5
Дата12.03.2023
өлшемі35,81 Kb.
#171984
1   2   3   4   5
Байланысты:
плиа

Паллиативтік көмекті қажет ететін науқастарды және хоспистегі науқастарға жалпы күтім көрсету тәртіптері. 
Стационарлық көмек көрсету - тәулік бойы медициналық бақылау жасалып, стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау жасалып, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны болып саналады. .
Күтім - дегеніміз науқастардың қасіретін жеңілдетіп, олардың тез жазылуын, асқынуын алдын-алып қолданатын емдік, алдын-алу шараларының, санитарлық -эпидемиологиялық тәртіптердің жиынтығы болып табылады [6,36]..
Жалпы күтім деп науқастың түріне қарамай ,емдік дәрі дәрмегін салу, тамақтандыру, күту, бөлмелерді жиыстыру т.б. 
Арнайы күтім деп  ерекше күтім қажет ететін науқастар тобына ғана көрсетілетін шаралар, таза жара таңу, урологиялық, қуықты шаю, дренаждық түтікше жалғау, терапиялық іш қуысына және плевра қуысына пункция жасау кезінде, дәрігерге көмек көрсету. Науқасты күту мейірбикенің тікелей міндеті. Тек күтімнің кейбір лас түрлерін кіші буын медициналық қызметкерлер атқарады (бөлмелерді жиыстыру, дәрет ыдыстарын алып беру мен зәр қабылдағыштарды алып беру, науқасты санитарлық тазалықтан өткізу), бірақ емдік әдістерді қатесіз дұрыс орындау үшін мейірбике тікелей жауап береді.
Паллиативті науқастың төсекке жату тәртібі
Ұзақ төсек тартып жату тәртібі тағайындалған науқас міндетті түрде жайлы төсекте жатуы тиіс. Төсек тек науқас үшін ғана ыңғайлы емес, ол әр түрлі күтім шараларын өткізуге өте ыңғайлы болу керектігін ескерген жөн. Науқастың төсегі арнайы талаптарға сай болуы қажет. Еденнен матрасқа дейінгі ара қашықтық 60-70см болуы керек.
Науқас жүргенде, отырғанда, тұрғанда қосымша тіректі қамтамасыз етеді. Тіреуіштер науқастың дене салмағын көтеру үшін жеткілікті дәрежеде берік болуы тиіс. Тіреуіштер диаметрі 2-4 см металл немесе пластик түтікшелерден құралған. Олардың көпшілігінің беті қолдың сырғып кетпеуі үшін кедірі, бұдыры болады.
Төсек ауыстырудың екі түрі бар.
Егер науқас қатаң төсек тәртібінде болып, қимылдауға болмайтын жағдайда:
Таза ақ жайманы, клеенка қапшықты, көпшік тысты әзірлеу қажет.
• Таза жайманы көлденеңнен дәке сияқты етіп, ортасына дейін орау.
• Ақырындап науқастың кеудесінің бас жағын беліне дейін көтеру.
• Жастықты алу.
• Лас жайманы бас және аяқ жағынан белдемеге қарай жылдамдықпен орап, керуеттің босаған бөлігіне таза жайманы салу.
• Таза жаймаға жастықты қойып, науқастың бас жағын босату.
• Науқастың жамбасын , сосын аяқ жағын көтеріп, лас жайманы алып, орнына таза жайманы төсеп, жастықты қою.
• Науқастың жамбасын және аяғын жіберу.
• Жайманың шетін матрацтың астына бекіту.
• Алдын-ала жастық пен жамылғы тысын ауыстыру. 
• Лас киімді және төсенішті арнайы қапшыққа салып , кір жуатын жерге алып бару.
Тері асқынуы, тесілуі болмау үшін, науқас астына дөңгелек үрілген резіңке, жастық тысы жаялық, орамал, антисептикалық ерітінділер, мақта тампоны, дәке, ақ опа қажет.
• Әрбір екі сағат сайын науқасты бірнеше минут жанынан жатқызу кажет. 
• Күн сайын ауқаттанып болған соң, астың қалдықтарын науқастың алдынан жинақтап отыру.
• Науқастың жатын орынында, киімдерінде денесіне бататын қыртыс болдырмау. 
• Күніне науқастың терісін екі үш реттен сабынды салқын сумен немесе антисептикалық ерітінділермен сүртіп отыру. 
• Құрғақ орамалмен күніне бір рет науқастың терісін ысқылып сүртіп отыру қажет.
• Егер тері қызаруы байқалса , онда сол жерді перманганат калий ерітіндісімен жуу қажет. 
• Қызарған жерге опаны сеуіп қою. 
• Науқастың жамбас тұсына үрілген резіңкены салып қою қажет. Науқастың ойылған жері деп,үстіңгі, ал кейде, тереңдеп жайыла түсетін терінің, тері асты клетканың шырышты қабықтың жансыздануы, қарайып көрінуі. Ойылған жерлер әдетте бел тұста, арқа тұста, ұршықтың тұсы, қолдың шынтақ тұсынан пайда болады. Ойық үлкейе бастаса науқастың көп төсек тартып жатқанынан, қиын жағдайда жатып, қан айналымының бұзылуынан болады.
Ойық болғанда алғашқы белгісінде тері бозарады , содан кейін қызарады, ісінеді және тері эпидермисі сыдырылады; одан әрі тері үлбіреп шіриді.
Әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуге келесi жатады:
- денсаулық жағдайын ескеру ,науқастың жағдайы қиындаған сәтте адамға күтім жасау, оның ішінде санитариялық-гигиеналық қызмет көрсету күтіну, жуыну, гигиеналық жағынан, тырнағын алу, тарануды үйретуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- санаторий және оңалту іс-шараларын алуға комектесу.
Паллиативті науқастарға психологиялық көмек көрсету үшін әлеуметтік
- психологиялық қызметтерге мыналар жатады:
Психологиялық диагностика жүргізу және мобильдік топтық әлеуметтік - психологиялық көмек көрсетіп отыру.
Үй жағдайында оңалту іс-шараларын өткізіп отыру үшін әлеуметтік-психологиялық білім ұштастыру, өзіне өзі қызмет көрсету дағдысына үйрету, үй жайда және қоғамдық орында мінезқұлыққа, сыпайылық дағдылар мен өзіне және өзгеге қолдау көрсету үшін паллиативтік науқастарға медициналық қызмет көрсетуді әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеп, психологиялық және әлеуметтік бейімдеп отыру; әлеуметтік мінез құлыққа және күйзеліске тұрақтылықты арттырып отыру мақсатында әлеумпеттік 
психологиялық тренингтер жүргізіп отыру;
Ақпараттық және білім беру іс-шараларын өткізіп әртүрлі санаттағы халыққа психологиялық сауаттылық арттыру мақсатында буклеттер, үнпарақтар шығарып отыру.
Паллиативті бөлімдерде имам мен шіркеу қызметкерінің де көмегі қажет болады.
О дүниеге аттану, бақилық болу пенде болған соң барлығымыздың басымызға
ерте ме, кеш пе келеді, көп уақыт бойы төсекке байланып, ақтық сапардың соңғы күнін күту ең қиын кез. Бұл кезде тек аурудың өзіне ғана емес, ет жақын туыстарының да азабы. Туыстар алдында күн сайын, сағат сайын солып,
тасағынан ас өтпей, тіл байланып, екі дүние арасында арпалысып
жатқан жанды бағу, әрине оңай емес қиын. Сондықтан бұл кезде имам мен шіркеу қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге тура келеді, олардың паллиативтік 
науқастарға жанының тыныштануына себебі тиеді [10,13].
Қызметкерлердің эмоциялық жай-күйінің тұрақталуын сақтау үшін 
мынадай жүктеме нормативтерін қарастыру сақталады:
1. 10 науқасқа бір дәрігер
2. 10 науқасқа бір мейірбике 
3. 25-30 науқасқа бір әлеуметтік қызметкер,
4. 50 науқасқа бір имам және шіркеу қызметкері.
5. Топ мүшелерінің паллиативтік көмек көрсету мәселесі бойынша дайындықтары болуы тиіс. 
Паллиативтік науқастарда сәулелену емі қатерлі ісікті емес, симптомдарды емдейді.
Паллиативтік сәулелік терапия емі - бұл паллиативтік терапияның бір түрі, мәселенің өзі ем қонбайтын медициналық проблеманың белгілері болып табылады. Бұл жағдайда негізінен пациенттің өмір сапасын жақсартуға арналған.
Паллиативтік науқасы бар адамдар паллиативтік сәуле терапиясын алады - рак ауруларын емдеуге паллиативті симптомдарды, әсіресе, ауырсынуды жеңілдетіп отыру.Паллиативтік сәулемен емдеу терапиясы науқастарға қалай көмектесе алады? Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар үшін паллиативті сәулеленуді қарастырған кейбір себептер бар.
Ауырсынуды жеңілдету – Паллиативтік сәулемен емдеу әсіресе сүйекке метастатикалық ісіктер пайда болып ауырсынуды емдеуге көмектеседі. Ол сондай-ақ, ісіктердің нервті басу арқылы туындаған ауырсынуды жеңілдетуге көмегі тиеді.Жұлынның компрессиясы – жұлын ми сұйықтығы омыртқа мен жұлынның жұмысына кері әсер тудыратын ісіктен туындалады [15,19].
Паллиативтік сәулемен емдеу арқылы ауруды жеңілдетуі мүмкін. Ересек адамдарда жұлын ми сұйықтығының көлемі жүз қырық, екі жүз жетпіс миллилитр аралығында болады.Жоғарғы кава венасы адам ағзасындағы -жоғарғы және төменгі екі үлкен тамыры (жоғарғы дененің жүрекке қанын көтеретін дененің екінші үлкен тамыры) диаметрі екі см жетеді, ең қалың тамырлар қатарына жатады, сәулелік ем қолданумен ісіктің азаюына, науқастың қан ағымын жақсартуына көмегі тиеді.Қан кету - кейбір ісіктерден қан кетуі мүмкін, жөтелген кезде қан кету болады, қолқа жолындағы ісіктерден туындауы мүмкін, гинекологиялық науқастарда болады, асқазан, өт жолдарында ісікке байланысты қан кету, сондай-ақ қан кету, паллиативтік сәулемен емдеуге кесірі тиюі мүмкін. Паллиативті радиациялық ем берудің терапиялық түрлері.
Радиациялық терапиямен емдеу, оның ішінде паллиативтік сәуле терапиясын жеткізудің үш тәсілі бар екені белгілі: 
- Сыртқы сәулеленумен емдеу радиациялық терапиясы. Радиацияның бұл түрі арнайы сәуле станциясының көмегімен дененің сыртқы жағына беріледі. 
- Ішкі радиациялық ем беру терапиясы. Ішкі сәулемен емдеу ағзаға жақын жерде орналасқан радиоактивті материал арқылы беріледі.
- Жүйелік радиациялық ем беру тераписы.Жүйелік сәулемен ем беру, қан ағымы арқылы бүкіл денеге. Бұл мысалға - қалқанша без рак ауруларының белгілі бір түрлерін емдеу үшін, пайдаланылатын радиоактивті йодпен емдеу. 
Паллиативтік сәулемен емдеу терапиясының жағымсыз әсері болады.
Радиациялық ем беру терапиясы ісік клеткаларын тиімді өлтіреді, бірақ өкінішке орай сау клеткаларға да әсері тиеді. Сау клеткалардың бұзылуы жанама әсер етеді. Радиациялық ем беру терапиясының кейбір жанама әсерлеріне мыналар жатады: 
• Науқаста әлсіздік болады 
• Науқаста шаршағандық болады
• Диарея болуы мүмкін 
• Радиациялық цистит кесірінен қуықта тітіркену мен ауырсыну болады
• Емделу кезінде тері күйігі, тітіркену және инфекциялар болуы мүмкін
• Ауыз қуысында да зақым мен инфекциялар болады 
• Қызу болуы мүмкін 
Қатерлі ісікке қарсы паллиативті көмекке жағымсыз әсерлерді басқару көмектеседі. Паллиативтік сәулемен емдеу терапиясының жанама әсері соңғы сәуле шығарудан кейін, бірнеше аптадан кейін белгілі болады.
- Паллиативті көмек ауру сезімі.
- Ауру- сыртқы және ішкі себептер әсерінен организмнің функциясының бұзылуынан, сонымен қатар оның бейімделуімен әсер етеді.
- Ауру асқынуының пайда болуына әсер ететін факторлар. Физикалық факторлар, психологиялық факторлар, әлеуметтік факторлар. 
- Физикалық факторлар, науқас дертінің күнделікті өмір сүруін қиындататын белгілері бар, емдеудің жанама әсері басқа симптомдар. 
- Психологиялық факторлардан ыза, көңіл қалу, үміт үзу, дәрігерлер алдындағы дәрменсіздік сезім, адекватсыз емделу, науқас тарапынан ыза немесе сенімсіздік, ауруханадан қорқу, мазасыздану. Ешкімге керек емес, жалғыздық сезімнің болуы. 
- Әлеуметтік факторлар қоғамдағы орынды жоғалту, өз өзін төмен дәрежесінде бағалау, табысының төмендеуі, жұмыс орындарында өзін керексіз сезіну, жан ұясының қаржылық мәселесін шешу үшін мазасыздық. Өзінің жұмысқа қабілеті жоқтығы, сенімсіздігі. Ұйқы бұзылуы, үнемі шаршағандық сезім болуы. 
- Жан дүниелік факторлар, эмоционалды тұрақсыздық, өлімнен қорқу сезімі өзін кінәлі санау, болашаққа деген сенімсіздігі, үміттерінің жойылуы, философиялық проблемалары, өзінің кім екенін айыра білмеу. 
Медициналық қызметкерлер тарапынан науқастарға жақсы көзқарас білдіру керек. Паллиативті көмек түсінігі халықаралық, ортақ қабылдауға анықтамаға сәйкес келуі, паллиативті көмек жазылмайтын науқастарға көрсетіледі, өміріне қатер төнген кезде және ауыр өтетін аурулары бар науқастардың сол кезеңдегі жайларында, өмір сүру үшін сапаны күшейту мүмкін болатын, тыныш деңгейде қолдау жасауға бағытталған іс - шаралар қарастырылды [21].
Паллиативті көмектің өзі науқастың өмірін ұзарту емес, жазылмайтын дерттен айықтыру мүмкін емес, сондай-ақ рухани азаптануды жеңілдету мағынасын қамтиды. Медицинада паллиативтік саладан проблема жеткілікті. Негізгі күрделі паллиативтік көмек түріне халық тарапынан көп қажеттілік және оның статистикалық көрсеткіштері емдеу-профилактикалық ұйымдарды қаржыландыруды қажет етеді, қандай да бір кезеңде сауығып кететін науқастарға көмек көрсетуге бағдарланатын заманға сай медицина мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады: Мысалға қаржыландыру жағынан Атырау облыстық онкология диспансері паллиативтік бөлімшеге 2020 жылға 14 347 800 қаражат бөлсе, 2021 жылға 10 000 000 бұның ішіне барлық паллиативтік бөлімге қажетті, жұмсалатын қаржы шығарылымы кірген. Мемлекеттен немесе үкіметтік емес ұйымдардан қаржыландырылатын паллиативтік көмек негізінен хоспистермен күтім жасаумен шектеледі. 
Онкология диспансерінің паллиативті көмек көрсету бөлімі неғұрлым маңыздысы болып табылады. Қазақстан Республикасының онкологиялық көмекті дамытуға арналған бағдарламасына сәйкес, онкологиялық диспансерде психолог пен әлеуметтік қызметкер лауазымдары енгізілген, олар қазіргі кезде де қамтылған. Емдеу мекемесі есік алдынан бастап, тіркеу орыны және қабылдау бөлімінен басталады, ол жерге біріншіден науқастың өзі келеді, науқастың артынан жан ұясы, туыстары келеді. Ақ халатты абзал жандар -дәрігерлер науқасқа байсалды, шын көңілмен және тілектестік көзқараспен, диагностикалық емшаралар өткізеді [22].
Онкологиялық емнің іс-тәжірибеде бағалануында, ауырсынулар, асқазан-ішек жолында, несеп шығару жолдары, жыныстық жүйе және тірек-қозғалыс мүшелері қызметінің бұзылуына байланысты белгілер жиі кездеседі. Хоспис және паллиативтік бөлімі бар онкологиялық диспансер жағдайларында бұл сұраныстарға симптоматикалық дәрілік заттарды (анальгетиктер, ауырсынуды басу, құсуға қарсы дәрілер) тағайындайды. Науқастарда психологиялық-эмоциялық бұзылулар, ұйқысыздық және тіпті ауырсыну синдромдары орын алған кезінде психологиялық паллиативті іс-шаралармен жақсаруы және оған тағдырдың салған қиындығын қабылдауға мүмкіндік беретін, науқастың субъективтік жай-күйін елеулі жақсартуға тырысу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет