Күні: 09.02.2013
Сабақтың тақырыбы : Етіс. Қазақ хандары
Сабақтың мақсаты : 1. Етіс туралы жалпы түсінік. Етіс түрлерін ажырату білу. Қазақ хандары туралы жан-жақты мәлімет беру.
2. Оқушылардың білімдерін, тіл байлығын,қазақша сөйлеу қабілеттерін арттыру.
3. Оқушылардың еліне, тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың типі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс : қазақ әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
I. Ұйымдастыру кезеңі :
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
- Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын пысықтау:
- Үйге берілген тапсырманы сұраймын.
- Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
- Шешендік сөздерді сұрау.
- Ережені пысықтау. (Айтылым)
-
1. Етістік дегеніміз не?
-
2. Дара етістік дегеніміз не? (мысал келтір.)
-
3. Күрделі етістік дегенеміз не? (мысал келтір.)
-
Етістіктің түрін ажырату. (Жазылым)
Мен елімді жақсы көремін. Оқушылар кездесуге келді. Студенттер театрға барды. Ағаммен қыдыруға шықтым. Астананы көргім келеді.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
3.1 Ережемен таныстыру.
Етіс – етістіктің бір түрі. Етіс іс – әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын айқындайды. Етістер төрт түрге бөлінеді: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.
Өздік етіс – іс – әрекеттің қимыл тікелей қатыстылығын анықтайды. Қимыл, іс – әрекет іс иесінің өзіне тікелей бағытталады. Жұрнақтары: -н,-ын,-ін. Мысалы: Айдана тара+нды. Динара жу+ынды. Сафура ки+інді.
Өзгелік етіс – қимылдың, іс – әрекеттің өзге адам арқылы істелетінін білдіреді. Жұрнақтары: - дыр,дір; -тыр, тір; - ыр, р; -ғыз, гіз, -қыз,кіз, -т. Мысалы: Сафура жаз+дыр-ды. Мұрат бер+гіз+ді. Мұғалім оқы + т + ты.
Ырықсыз етіс – сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндей көрінеді. Жұрнақтары: - ыл, іл, л; -ын, ін, н. Мысалы: Егін ор + ыл + ды. Үй таза + лан + ды.
Ортақ етіс – қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіреді. Жұрнақтары: - ыс, іс, с. Мысалы: Жекен мен Мұрат сөйле +с+ті. Сержан мен Сәния айт + ыс + ты.
  
3.2 Ережені пысықтау.
(Грамматикалық тапсырма.)
Оқу-оқыт, ойлау-ойлан, көру-көрінді, шығару-шығарылды, тоқта-тоқтатқыз, айт-айтылды, сөйлесөйлес, жу-жуын, жаз-жазғыз.
-
Мәтінмен жұмыс.
Қазақ хандары
ХV ғасырда құрылған қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген:
Ұлы жүз ханы – Тәуке хан, Орта жүз ханы – Абылай хан, Кіші жүз ханы – Әбілхайыр хан.
Қазақ халқында жоғарғы әлеуметтік сатысында хан тұрған. Ханның міндеті үкіметті нығайту, жерлерді руларға бөліп беру, халықтың мәселесін реттеу, басқа көрші елдермен қарым – қатынасын нығайту.
Жаңа сөздер:
Ғасыр – век
Әлеуметтік – социальный
Үкімет – государство
Ру – род
Қарым – қатынас – взаимоотношение
Нығайту - укреплять
- «Қазақ хандары» мұғалімнің оқуы.
- Оқушыларға мәнерлетіп оқыту.
- Мәтінді аудару.
3.4 Өздік жұмыс.
- Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар.
Реттеу, нығайту, тұрған, құрылған, бөлінген, бөліп беру.
- Мәтін бойынша сұрақ құрастыру.
1. Қазақ хандығы неше жүзден тұрады?
2. Қазақ хандығы нешінші ғасырда құрылған?
3. Қандай хандарды білесіңдер?
IV. Сабақты бекіту.
-
Берілген сөздерді етістің түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар.
Жеңілді, аяқталған, әкелісті, жуынды, сөйлестік,сұрат, жинасты.
Мысал:
Өзгелік етіс
|
Өздік етіс
|
Ырықсыз етіс
|
Ортақ етіс
|
оқыт
|
көрінді
|
тазаланды
|
сөйлес
| -
Мақалдың мағынасын түсіндір.
-
Тура биде туған жоқ.
-
Бір ханның басында қырық кісінің ақылы болады.
- осыған ұқсас қандай мақалдарды білесіңдер?
V. Қорытынды:
1. Біз бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
2. Етістің неше түрі бар?
3. Қандай қазақ хандарын білесіңдер?
4. Қазақ хандығы неше жүзге бөлінген?Қандай?
5. Хандардың міндеті неде?
VI. Үйге тапсырма:
-
«Қазақ хандары» тақырыбына баяндама дайындау.
VII. Бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |