«Оқушылардың логикалық тапсырмалар арқылы
зияткерлік қабілеттерін дамыту.»
Тәуелсіз Қазақстанның
келешегі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт
болып қалуының кепілі.
1. Кіріспе
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым.
Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.
«Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек».
М.Жұмабаев.
“ Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да
қадірменді парызы”
Н.Ә.Назарбаев
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті
К.Д.Ушинский
Тәуелсіз елімізге тұлға болар,
талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз, өз идеясын жүзеге асыра алатын, проблеманы өзінше шеше алатын, өмірдің барлық саласының белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан- жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Мақсатым:
Шығармашылық қабілетін
дамытуды ерте бастан қолға алу;
Жүйелі түрде шығармашылық
әрекет жайында болу;
Шығармашылық іс-әрекетке
жағдай тудыру.
Оқушының зейінін тұрақтандыру,
интеллектісін дамыту
Міндетім:
Оқу процесіндегі осындай
іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары,өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын шығармашыл жеке тұлға қалыптасуы.
Күтілетін
нәтиже:
Бағыты:
Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым: Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту; Жеке дара қасиеттерін ескере білу; Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
Қызығушылығын арттыру; Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; Шығармашылық ізденісін дамыту.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері: Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар); Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).
Ребус
К
Не артық?
(математикалық , логикалық есептер.
1. Мұз айдында жеті бала. Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала. Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың Санын айтсаң –жарадың! 2.Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді? 3.Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып.
Геометриялық фигуралар
Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:
1.Пәнге қызығушылығы артады; 2.Ой-өрісі дамиды; 3.Шығармашылық пен дарындылық
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |