Сабақтың тақырыбы «Қызыл кітап»



бет1/2
Дата24.09.2022
өлшемі4,74 Mb.
#150602
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
5-сабақ. «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім


Бөлім. «Табиғат және адам»
Сабақтың тақырыбы
«Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім
Қазақ әдебиеті (Т1)
11-сынып
5-сабақ
Оқу мақсаты
11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.
Бүгінгі сабақта:
  • Шығармадағы көтерілген мәселені анықтайсыз;
  • Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасыңызды білдіресіз;
  • Шығармашылық жұмыс орындайсыз.

Бағалау критерийлері:
  • Шығармадағы көтерілген мәселені анықтайды;
  • Көтерілген мәселеге өзіндік пікір білдіреді;
  • Шығармашылық жұмыс орындайды.


Қадыр Мырза Әлі – ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын.

Kүләш Ахметова
«Керуен сұрақтар»
1. Қызыл кітап дегеніміз не? Ол қандай мақсатта жазылған?
2. Поэма неліктен «Қызыл кітап» аталған?
3. Жануарлар неліктен жойылады?
Ықтимал жауаптар:
Қызыл кітап дегеніміз не? Ол қандай мақсатта жазылған?
  • «Қызыл кітап» сирек кездесетін жануарлардың түрлерінің жоғалып кетуіне назар аударту мақсатында жазылған.

  • Поэма неліктен «Қызыл кітап» аталған?
    2. Себебі, бұл түс тоқта, жойма деген мағынаны білдіреді. Бұл түс – қауіп-қатер таңбасы.
    Жануарлар неліктен жойылады?
    3. Біріншіден, оларды броконьерлер құртады. Екіншіден, ластанған қоршаған орта, ауыл шаруашылығы, қоқыс тасталған жерлердің көбеюі т.б. факторлар түрлердің дамуына кері әсерін тигізеді.

Х Одан көріп, Ақыры бұдан көріп, Таласқаннан не таппақ құлан, керік?! Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен, Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі! Әттең, бірақ! Аспанның бұлты биік Жаңбыр емес, Өтеді сілті құйып, Жоқ боп кетті Әдемі теке мүйіз, Айғыр жалды көгілдір жылқы киік! Қара жерді жылатып, Еңіретіп Кетті солай дронттың өмірі өтіп. Екі ғасыр бұрын біз Ең ақырғы Су сиырды өлтірдік мөңіретіп. Қызыл-жасыл, Зер өңді, Қалайы түр Тотылардың музейде талайы тұр. Адамдардың алдында Ақырғы рет Ышқынды да Көз жұмды жабайы тур. Осыны айтсаң, Күрсініп, Тоқтайды жел. Өкініштің мылтығын оқтайды шөл. Солқ-солқ етіп жылайды Опат болған Перзенттерін еске алып, Жоқтайды жер. Одан көріп, Ақыры бұдан көріп, Таласқаннан не таппақ құлан, керік?! Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен, Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі! Отыра алмас ұл шыдап, Қызың шыдап. Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ. Қызыл кітап — Мезгілсіз кеткендердің Бастарына қойылған қызыл шырақ! Келеді кез, Күрделі біздің бұл кез! Жаутаңдайды адамға түзде мың кез, Қызыл кітап — Опат боп кеткен аңның, Бастарына қойылған қызыл күмбез. Қашқан кезде адамнан Ізін қандап, Тау ешкісі өтеді құзыңды аңдап. Қызыл кітап — Тірі жан тимесін деп, Хайуанатқа берілген қызыл мандат. Баяғыдай көбінің халы бірақ — Мойындарын үзеді әлі бұрап. Қызыл кітап — Бұл өзі қызық кітап: Тысы жұқа, Астары қалыңырақ!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет