«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата08.12.2019
өлшемі0,74 Mb.
#53173
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
lekcija


«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы. 

 

XVIII—  XIX  ғасырларда  қазақ  халқы  сырттан  төнген  экспансияға  қарсы  үздіксіз  күрес  жүргізді. 



Қазақ  қоғамы  XVIII  ғасырдың  алғашқы  жартысында  Жоңғар  хандығымен,  оның  артын  ала  Цинь 

империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында 

Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі 

феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына 

қарады. Шамамен осындай дөрежедегі қазақ елін Ресей империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш 

ғасыр  бойы  Орталық  Азиядағы  елеулі  күш  ретінде  танылған  қазақ  және  жоңғар  мемлекеттері  көрші 

қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете алмады. 

Ұлт-азаттық  қозғалыс  —  отар  елдерге  тән  тарихи  құбылыс.  Ұлт-азаттық  қозғалыстың  басты 

мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру 

және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс 

— отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі. 

Оның  басты  мақсаты  —  ұлтты  өзге  мемлекеттің  экономикалық,  саяси  және  басқа  езгісінен  азат 

ету,  елдің  табиғи  ұлттық  мүддесін  қорғауға  қабілетті  мемлекеттілігін  қалпына  келтіру.  Отаршыл 

жүйені  жою  және  отарсыздандыру  шараларын  іске  асыру  арқылы  шынайы  дербестікке  қол  жеткізу. 

Яғни,  ұлт-азаттық  қозғалыс  дегеніміз  —  отарлық  тәуелділіктегі  халықтардың  жат-жұрттық  езгіге 

қарсы жалпыұлттық күресі. 

XVIII  ғасырдағы  қазақ  халқының  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  азаттық  жолындағы  күресі  — 

Отан  қорғау  мақсатын  көздеді.  Елдің  бір  бөлігі  жау  қолында  қалған  жағдайда  оны  азат  ету  ісі 

жалпыұлттық  міндетке  айналды.  Отан  соғысы  мен  ұлт-азаттық  қозғалыстың  мақсаты  ортақ  —  елдің 

мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Сондықтан бұл ұғымдар 

бір-біріне  жақын,  мазмұны  жағынан  өзара  астасып  жатыр.  Дегенмен  ұлт-азаттық  қозғалыстың 

мазмұны  тереңірек.  Ұлт-азаттық  күрес  қоғам  өмірінің  барлық  салаларымен  байланыста  дамиды. 

Мұндай байланыстылық тек саясат пен экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени-

рухани  жағын  да  қамтиды.  Ұлт-азаттық  қозғалыс  —  бұл  ұлттық,  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси, 

діни,  рухани  қайшылықтардың  түйіні.  Демек,  ұлт-азаттық  қозғалыстар  туралы  жан-жақты  шынайы 

тарихи контексте оқып-үйренуіміз қажет. 

Қазақ  халқының  төл  тарихы  революцияға  дейін  де,  кеңестік  дәуірде  де  отаршыл  саясат,  таптық 

идеология,  еуроцентристік  қағидалар  тұрғысынан  зерттелді.  Отаршылдық  дәуірде  ұлт-азаттық 

күрестерге «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды. 

Ресейдің  империялық  пиғылдарына  қарсы,  жалпы  адамзаттың  өркениет  көшінде  өз  этносын  сақтап 

қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыстардың 

толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды. 

 

Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері. 



 

Абылай хан 

 

Аса  қиын  сыртқы  саяси  жағдайлар  Әбілқайыр  мен  Әбілмәмбетке,  Абылай  ханға  Ресейдің  қол 



астына кіруге мәжбүр етті. Солай бола тұрса да, Ресейдің Кіші жүз бен Орта жүзді өзіне қосып алуы 

күрделі  де  қайшылықты  жүрді.  Мысалы,  Кіші  жүздің  ханы  Әбілқайырды  Орта  жүздің  белгілі 

сұлтандарының бірі Барақтың өлтіруі қазақ қоғамындағы дағдарысты аңғартады. Ал Абылай ханның 

қайтыс  болуы  Орта  жүз  бен  Ұлы  жүз  аумағында  да  саяси  дағдарыс  туғызып,  хандық  биліктің 

әлсіреуіне  әкелді.  Патша  үкіметі  бұдан  былай  қазақ  хандарының  іс-әрекетіне  бақылау  жасап,  хан 

тағына  қабілетті,  беделді  үміткерлерді  жібермеуге  күш  салды.  Керісінше,  Ресей  бағытын  жақтаушы 

хандарды тағайындап, қазақ қоғамын жікке бөлуді одан әрі жалғастырды. Сондықтан отаршылдықка 

қарсы  күрестің  бастапқы  кезеңіндегі  көтерілістерге  Ресей  бағытына  қарсы  рубасылары,  билер, 

батырлар басшылық етті. 

Ресей  империясының  XIX  ғасырдың  20-жылдарындағы  реформалары  қазақ  мемлекеттілігін 

түпкілікті жоюды көздеді. Бұл өз кезегінде Қазақ жерінің тұтастығын көздеген сұлтандар Саржан және 

Кенесары Қасымұлы бастаған кең аукымды ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырды. 

 

Кенесары Қасымұлы 



 

Ал  XIX  ғасырдың  ортасы  мен  екінші  жартысы  қазақ  жерлерінің  Ресейге  қосылуының  аяқталу 

кезеңі  болып  есептеледі.  Қазақстанның  Ресейге  түпкілікті  қосылу  дәуіріндегі  ұлт-азаттық 

қозғалыстарға  К.Қасымұлы,  Ж.Нұрмұхамедұлы,  Е.Көтібарұлы  бастаған  көтерілістерді  жатқызуға 

болады.  Отаршыл  Ресей  үкіметінің  әр  түрлі  әкімшілік-саяси  шаралары  қазақ  көшпелі  қоғамының 

дәстүрлі  құрылымын  бұзды.  Мұның  өзі  оның  қоғамдық  өмірінде  үнемі  дағдарыстық  құбылыстар 

туғызып отырды. Бұл фактор өз кезегінде мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты болғандардың 

табанды  қарсылығын  тудырды.  Қоғам  дамуындағы  тепе-теңдіктің  бұзылуы  сол  қоғамның  барлық 

әлеуметтік элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды. 

XVIII—XIX  ғасырлардағы  қазақтардың  тәуелсіздік  үшін  күресі  орыс  отаршылдығы  өзімен  бірге 

ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсы күрес ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының 

ұлт-азаттық  күресі,  сонымен  бірге  екі  өркениеттің,  екі  этностық  жүйенің  арасындағы  қақтығыс  еді. 

Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына 

келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өзінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін 

қайта жаңғыртты. 

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері 

 

Қазақ  халқының  Ресей  отаршылдығына  қарсы  тәуелсіздік  жолындағы  күресі  ұзаққа  созылып, 



XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80-жылдарын қамтыды. 

 

Сырым Датұлы 



 

Халық  бұқарасының  алғашқы  әрі  тегеурінді  әрекеттерінің  бірі  —  Сырым  Датұлының 

қолбасшылығымен  болған  қозғалыс.  Кіші  жүз  қазақтарының  көтерілуіне  патша  өкіметінің 

қазақтардың  "ішкі  жаққа",  Жайық  сыртына  өтуіне  тыйым  салуы,  қазақ  билеушілерінің  бір  бөлігінің 

құқықтарымен  санаспауы  негізгі  себеп  болған  еді.  Ресейдегі  шаруалар  көтерілісінің  көптеген 

қолбасшылары сияқты Сырым батырға да "жақсы ханға" деген сенім тән еді. Сырым билердің қазақ 

қоғамындағы рөлін көтеру мақсатын көздеді. Сонымен қатар хандық билікті келтіруге де өз келісімін 

берді. Дегенмен қозғалыстың отаршылдыққа және хандар зорлығына қарсылық сипаты соңғы кезеңге 

дейін сақталды. 

1836—1838  жылдардағы  старшын  Исатай  Тайманұлы  бастаған  көтеріліс  халық  бұқарасының 

отаршыл билікке, сондай-ақ сол билікке сүйенген Жәңгір хан бастаған феодалдар тобына қарсы ашу-

ызасының  сыртқа  шығуы  еді.  Бұл  ретте  Исатай  Тайманұлы  бастаған  қозғалыс  қазақ  топырағындағы 

ашық әлеуметтік-таптық сипат алған алғашқы қоғамдық қарсылық болды. 

1836—1838  жылдардағы  көтеріліс  оған  дейінгі  қозғалыстардан  ерекшелеу  болатын.  Бұл  уақытта 

қазақ жерінің негізгі бөлігі Ресейдің қол астына еріксіз еніп, отаршылдық саясат барған сайын өктем 

сипат  ала  түскен  еді.  Хандық  биліктің  жойылуы,  жаңа  әкімшілік  басқару  жүйесінің  енгізілуі, 

қазақтардың  құнарлы  жерлерден  ығыстырылуы,  міне,  осының  бәрі  көтерілістің  патша  үкіметінің 

отаршылдық  саясатына  қарсы  бағытын  айқындап  берді.  Бұл  стихиялы  көтеріліс  бола  тұра,  көтеріліс 

басшысы мен оның ақтастарының Ақбұлақ түбіндегі шайқасқа дейін табандылықпен күрескенін атап 

өту  қажет.  Сөйтіп,  ол  өзінің  алдына  қойған  мақсатты  күресінің  идеясына,  қатардағы  көшпелілер 

алдында  адалдығын  дәлелдеді.  Ал  көтеріліске  қатысқан  кейбір  билер  тобының  тұрақсыз  әрекеттері, 

жазалаушы күштердің басымдылығы көтерілістің жеңіліске ұшырауын жылдамдатты. 

Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихында  ауқымдылығы,  қуаттылығы  жағынан  ең  ірісі 

— 1837—1847 жылдардағы көтеріліс. Көтерілістің басталған уақыты патшалық Ресейдің қазақ жеріне 

тереңдей  еніп,  әкімшілік-әскери  шараларымен  әлі  де  болса  дербестігін  сақтап  тұрған  аудандарға 

жеткен  кезеңіне  тұспа-тұс  келді.  Орта  жүздегі  округтік  басқару  жүйесіне  қарсы  басталған  бұл 

көтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10 

жыл бойы Ресейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздердің басым бөлігінің Ресейдің 

қол астына еріксіз кіру мерзімін біраз уақытқа болса да кейінге шегерді. Кенесары Қасымұлы бастаған 

козғалыс  жеңіліске  ұшырағаннан  кейін  ғана  Орта  жүз  толығымен  Ресейдің  құрамына  енген.  Патша 

үкіметі  Ұлы  жүз  иеліктеріне  ауыз  салуға  мүмкіндік  алды.  Көтеріліс  өлі  де  толығымен  Ресейдің 

құрамына кіре коймаған аудандарды, ауқымы жағынан бүкіл үш жүзді қамтыды. Кенесары қозғалысы 

әлі де дербестігін сақтап қалған жерлерде орыс отаршылдығының тереңдей түсуіне қарсы бағытталды. 

Қазақ елінің Ресей империясының құрамына енгеннен бергі уақыттағы азаттық козғалысын қозғаушы 

күштер мен күрес тәсілдеріне байланысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең — XVIII 

ғасырдың  соңы  және  XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  аралығын  қамтиды.  Қазақ  қоғамындағы  қалың 

бұқара  атсалысқан  азаттық  қозғалыстың  бұл  алғашқы  кезеңінде  белгілі  объективті  себептерге 


байланысты  билеуші  әлеуметтік  топ  жетекші  рөл  атқарды.  Сырым  Датұлы  (1783—1797  жылдары), 

Исатай  Тайманұлы  (1836—1838  жылдары),  Кенесары  Қасымұлы  (1837—1847  жылдары),  Есет 

Көтібарұлы  (1847—1858  жылдары)  және  Жанқожа  Нұрмұхамедұлы  (1856—1857  жылдары)  бастаған 

көтерілістер, ең алдымен, орталық езгіге қарсы наразылықтың көрінісі болатын. 

 

Ақбұлақ соғысы. 



 

Ұлттың  саяси  белсенді  тобы  ұлттық  тәуелсіздікті  қорғау  ісінде  орасан  зор  табандылық 

танытқанымен,  қазақ  қоғамының  шектеулі  экономикалық  мүмкіншілігінен  асып  кете  алмады,  қару 

күші,  экономикалық  қуаты  мен  отарлау  әдіс-айласы  басым  империялық  жүйе  дегеніне  жетті, 

халықтың  қарсылығын  күшпен  басты.  Ендігі  уақытта  сұлтан,  батыр  мен  би  сияқты  әлеуметтік 

топтардан тұрған басқарушы элита жалпыұлттық мәселелерді шешу ісінде өз рөлін жоғалта бастайды. 

Ұлт-азаттық  козғалыстың  келесі  екінші  кезеңі  —  зиялылар  тобының  қызметімен  байланысты. 

1867—1868  жылдардағы  әкімшілік  реформасы  қазақ  қоғамында  дербестіктің  ізін  де  қалдырмады,  ал 

1886 жылы (Түркістан уалаяты бойынша) және 1891 жылы күшіне енген Ережелер қазақ жерін орыс 

мемлекетінің  меншігі  деп  жариялады.  Столыпиннің  аграрлық  реформасы  тұсында  жүргізілген  орыс 

шаруаларын  қазақ  жеріне  әкеліп  жаппай  қоныстандыру  шаралары  қазақ  қоғамының  дәстүрлік 

құрылымына әсер етпей қоймайды. Міне, осындай жағдайда ұлт тағдыры мен оның табиғи сұраныс-

тілектерін,  сондай-ақ  ұлттық  мүмкіндіктерді  ортақ  мақсаттарға  жұмылдыра  алатын  заман  талабына 

сай қабілетті әлеуметтік күш өзін көрсете бастайды. Ол ұлт зиялылары еді. 

Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынұлы  мен  М.Дулатұлы  бастаған  бұл  топ  ұлттық  құндылықтарды 

қорғау  және  негізгі  мақсат-міндеттерді  анықтау  тұрғысынан  халық  ағарту  ісін  негізгі  мұрат  ретінде 

алға  тартты.  Газет-журнал  және  кітап  бастыру  ісі  қолға  алынды.  Заман  сұранысына  жауап  реакция 

ретінде  өмірге  қазақ  ұлтшылдығы  келді.  Бұл  сыртқы  экспансияға  қарсы  және  оны  тоқтатуды 

көздейтін,  сондай-ақ  ұлттық  құндылықтарды  қорғау  және  оларды  жаңғырту  ұстанымындағы 

ұлтшылдық  болатын.  Ұлттық  күрестің  негізгі  идеялық  тіректері  қазақ  жерінің  тұтастығын  сақтау, 

ұлттық  мемлекеттілікті  қалпына  келтіру,  ана  тіліне  негізделген  білім  жүйесін  қалыптастыру  сияқты 

ұғымдардан тұрды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес

 

1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс 



алды.  Бұл  күрестегі  басты  мәселе  -  КСРО-дағы  социалистік  құрылыстың  үлгісі  жөнінде  еді.  Ол 

уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға 

одан  әрі  қысым  жасау,  күш  қолдану  мен  террорға  сүйенген  әскери-коммунистік  демократияны 

дамыту;  екіншісі  -  өндірушілердің  материалдық  ынтасын  арттыру  қағидасына,  тауар-ақша 

қатынастарын  жан-жақты  дамыту  идеясына  негізделген  ЖЭС-тік  үлгісі  болған  еді.  Большевизм 

басшыларының  қай-қайсысы  болмасын  индустрияландыруды,  ауыл  шаруашылығын  кооперациялау 

мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм 

құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар 

мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл 

мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ. 

Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік 

партияның  үстемдігі  мен  авторитарлық  биліктің  күшею  тенденциясы  өсе  түсті.  Қазақстанда 

автономияның  жариялануы  сөз  жүзінде  қалып,  республика  өзін-өзі  іс  жүзінде  толық  басқаруға  қол 

жеткізе  алмады.  Өнеркәсіп  орындары,  темір  жолдар,  республиканың халық  шаруашылығына  қатысы 

бар  нәрселердің  бәрі  Мәскеудің  тікелей  басқаруында  болды.  Демократияға  жат  сайлау  заңдары 

қазақтардың  басшылық қызметтердегі  санын  шектеп отырды. 1920  жылы қазақтар барлық өнеркәсіп 

жұмысшыларының  бар-жоғы  17%-ын  құрады.  Бірінші  облыстық  партия  конференциясының  163 

делегатының  тек  19-ы  ғана  қазақ  болса,  1922  жылы  Қазақстан  партия  ұйымдарындағы  қазақтардың 

жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті. 

1920  жылы  жергілікті  халықтар  коммунистерінің  саяси  хал-ахуалды  ортаазиялық 

республикаларды  бірыңғай  Түркістан  АКСР-іне  біріктіру  жолымен  өзгерту,  түркі  халықтарының 

Коммунистік  партиясын  құру  әрекеті  орталық  өкімет  орындарының  араласуымен  сәтсіз  аяқталды. 

Партияның  өлкелік  комитеті  таратылып,  реформаның  Т.  Рысқұлов  бастаған  бастамашылары 

партиялық  және  мемлекеттік  қызметтерден  кетуге  мәжбүр  болды.  Өздерінің  «қателіктерін»  ресми 

түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды. 

Сталинизм 

Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген 

И.Сталин  1929  жылды  «ұлы  бетбұрыс»  жылы  деп  атады.  30-жылдардың  басында  сталиндік  аппарат 

«миды  шаюдың»  неше  түрлі  әдістеріне  кірісе  бастады.  Бұл  мақсат  үшін  радио,  газеттер,  өнердің  кез 

келген  түрі  белсенді  түрде  пайдаланылды.  Барлық  жерде  еліктеуге  болатын  өзіндік  «шамшырақтар» 

жасала  бастады.  Мысалы,  жастарды  Қиыр  Шығысқа  аттандыруда  комсомол  мүшесі  Хетагурованың 

бастамасы,  шахталардағы  еңбек  өнімділігін  арттыруда  Алексей  Стахановтың  т.б.  есімі  шебер 

пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың 

есімін  пайдалану  болды.  Идеологиялық  қызметкерлердің  қолымен  өгей  әкесін  ұстап  берген  Павлик 

Морозовтың  жалған  бейнесі  жасалды.  Бұл  жағдайда  сталиндік  насихат  адамдарды  сөз  жеткізу  мен 

ұстап  беруге  ашық  итермеледі,  оларды  жалған  қырағылыққа  шақырды.  Болуы  мүмкін  әр  түрлі 

жаулардың  тіміскі  әрекеттерінен  сақтандыруға  шақырған  плакаттар  барлық  жерде  ілулі  тұрды. 

Әркімнің  жеке  өміріндегі  кез  келген  факті  немесе  абайсызда  айтылған  сөз  жұмысшылар,  студенттер 

мен  оқушылардың  жалпы  жиналыстарының  басты  талқылайтын  мәселесіне  айналды.  Елде 

адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады. 

БК(б)П  ОК-нің  1923  жылғы  маусымда  өткен  мәжілісінен  кейін  ұлттық  идеялардың  көріністерін 

неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен 

байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 

жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, 

ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды. 

Өлкедегі  коммунистік  күштерді  бір  партиялық  ұйымға  топтастыру  шаралары  жүзеге  асырылды. 

1924  жылы  коммунистік  партия  қатарына  республикадан  7  944  адам,  оның  ішінде  2000  қазақ 

мүшелікке  өтті.  1925  жылы  1  желтоқсанда  өткен  РКП(б)  Бүкілодақтық  В  конференциясынан  кейін 

ауыл  коммунистерінің  қатары  толығып,  жергілікті  партия  ұйымдары  қалыптаса  бастады. 

Республиканың  партия  ұйымы  1932  жылы  толық  қалыптасып,  өлкедегі  шешуші  күшке  айналды. 

Алайда  партия  қатарына  жалған  белсенділер  көбірек  еніп,  бюрократизм,  көсемге  табынушылық, 

жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дәстүр мен партия өктемдігі орнықты. 

Өлкеде жастар қозғалысы да өріс ала бастады. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Телепов, Федор Рузаев 

т.б.  жалынды  жастардың  есімдері  республикаға  кеңінен  танылды.  Кәсіподақтар  мен  әйелдер 

арасындағы  жұмыс  та  жолға  қойылды.  Кәсіподақтар  сауатсыздықты  жою,  сенбіліктер  ұйымдастыру, 


еңбекшілердің  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  ісіне  белсене  араласты.  Қазақ  әйелдері  арасынан 

шыққан  белсенділер  Н.  Құлжанова,  Н.  Арықова,  А.  Оразбаева,  Ш.  Иманбаевалардың  есімдері  бүкіл 

Қазақстан жұртшылығына әйгілі болды. 

Қазақстандағы  1920-1940  жылдардағы  қоғамдық-саяси  жағдайдың  күрделілігі  сол  дәуір 

оқиғалары:  В.  И.  Лениннің  ізбасарлары  -  И.  Сталин  мен  Л.  Троцкий  және  басқалардың  арасындағы 

билік,  саяси  көсемдік  үшін  тайталаспен  ерекшеленді.  Сонымен  қатар  бұл  қайғылы  оқиғалар:  аштық 

пен  жаппай  қуғын-сүргін,  тоталитарлық  таңбасын  мәңгі  иемденген  режимнің  жазықсыз  адамдарды 

қуғындауы  мен  күштеп  жер  аударуы  еді.  Жүйенің  тоталитарлық  табиғаты  жүргізілген  саяси  қуғын-

сүргінде  өз  көрінісін  тапты.  Халықтың  есінде  30  жылдардағы  жаппай  саяси  қуғын-сүргінде  ешбір 

жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи 

қалды.  Көлемі  жөнінен  теңдесі  жоқ  бұл  қылмыстардың  негізін  Ресейдегі  Қазан  революциясы  мен 

Азамат  соғысы  қалады.  1930  жылдары  Кеңес  елінде  социалистік  қатынастар  қалыптасып,  сталиндік 

жүйе толық орнықты 

Қазақстанда  республика  жұртшылығына  қысым  жасау  саясаты,  әсіресе  1925  жылы  қыркүйекте 

БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И. Голощекиннің келуімен қатаң 

сипат ала бастады. 

Өлкелік  партия  комитетінің  ұйымдастыру-нұсқаушылық  бөлімінің  меңгерушісі  болып 

тағайындалған Н.Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе түсті. 

20-жылдардың  соңында  жағдайдың  шиеленісуі  мен  адамдардың  бір-біріне  деген  жаппай 

сенімсіздігі  басталды.  Орталықтағы  және  ұлттық  республикалардағы  «троцкийшіл-зиновьевтік 

оппозициямен»  және  «оңшыл  оппортунистермен»  күрестің  өсуі  ұлт-азаттық  қозғалыстың  өкілдеріне 

қарсы  қуғын-сүргін  ұйымдастыру  түрінде  көрінді.  1928  жылдың  соңында  «буржуазияшыл 

ұлтшылдар»  атанған  «Алашорданың»  бұрынғы  қайраткерлерінің  бәрі  тұтқындалды.  «Алаш» 

партиясының  өкілдерін  қылмыстық  қудалау  мақсатында  кез  келген  айла-шарғы,  құралдар 

пайдаланылды.  Баспасөзде  олардың  атын  қаралайтын  мақалалар  жарияланып,  тікелей  арандату 

әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы 

сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің 

ісі  пайдаланылды.  Бұл  кезеңде  Ж.  Аймауытов,  Ә.  Байділдин,  Д.  Әділевтер  атылып,  қалғандары  әр 

түрлі  мерзімге  түрмеге  жабылды.  Олардың  кейбіреулері  (М.  Дулатов  т.  б.)  лагерьлерде  қаза  тапты, 

қалғандары  (А.  Байтұрсынов,  М.  Жұмабаев  т.  б.)  жазасын  өтегенімен,  1937  жылы  «Алашорданың» 

қызметіне  араласқаны  үшін  қайта  айыпталып,  1937-1938  жылдары  атылды.  Ұлттық  зиялылар 

өкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, Х. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа 

бір  тобы  (40-тай  адам)  1930  жылдың  қыркүйек-қазан  айларында  тұтқындалды.  Көп  ұзамай  олардың 

15-і  (М.  Тынышбаев,  Ж.  Ақбаев,  Х.  Досмұхамедов,  Ж.  Досмұхамедов,  Қ.  Кемеңгеров  т.  б.)  Ресейдің 

орталық  қаратопырақты  облысына  жер  аударылды.  Олардың  барлығы  дерлік  1937  жылы  қуғын-

сүргінге ұшырады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазақстандағы саяси партиялар 

 

1 Зиялылар қызметі 



2 Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында 

3 Алаш партиясының құрылуы 

4 Алаш партиясының бағдарламасы 

5 Қоғамның саяси өміріндегі басқа ұйымдар мен партиялар 

 

Зиялылар қызметі 



 

Халел Досмұхамедов 

ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  зиялылары  сан  жағынан  көп  болған  жоқ.  1917  жылғы  Қазан 

төңкерісіне  дейінгі  кезеңде  қазақ  қоғамында  жоғары  оқу  орнын  аяқтағандығы  туралы  дипломды 

иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті 

жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар 

мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік 

орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды. 

Патша  үкіметі  қазақ  халқының  жалпы  мәдени  деңгейінің  өсуіне  мүдделі  болған  жоқ,  керісінше, 

қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал ХЫХ ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын- 

аулақ  мектептер  мен  гимназиялар  жергілікті  жұртты  ислам  дінінің  «зиянды  әсерінен»  сақтау  және 

далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды. 

Сонымен  бірге  отаршыл  әкімшілік  ресейлік  оқу  орындарынан  бірлі-жарым  орынды  қазақ 

жастарына  бөлуге  мәжбүр  болды.  Мұндай  қадамға  бара  отырып,  ол  жыл  сайын  өсе  түскен  басқару 

жүйесінің  жергілікті  ұлттан  шыққан  мамандарға  мұқтаждығын  канағаттандыруды  көздеді.  Осы 

мақсатта  генерал-губернаторлык  кеңселері  жанынан  қазақ  студенттеріне  жылына  3-4  стипендия 

белгіленіп  отырды.  Міне,  осы  белгіленген  стипендияға  және  қазақ  ауқатты  топтарының  өз  еркімен 

жәрдемге  жиған  қаржысына  сүйеніп  қазақ  жастары  Мәскеу,  Петербург,  Қазан,  Орынбор,  Омбы, 

Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандыктар бойынша білім алды. Мәселен, тек 

Қазан университеті мен мал дәрігерлік институтын 1917 жылға шейін 35 (20 және 15) қазақ жастары 

аяктап шыққан. 

ХIХ ғасырдың соңы мен  ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін 

Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. 

Бөкейханов  (Орман  шаруашылығы  институты),  М.  Тынышпаев  (Темір  жол  көлігі  институты), 

Х.Досмұхамедов,  С.Асфендияров  (Дәрігерлік  академиясы),  Б.Қаратаев,  Ж.Досмұхамедов,  М.Шоқай 

(Петербург  университеті)  сиякты  ұлт-азаттық  қозғалысында  өшпес  із  қалдырған  қайраткерлер  білім 

алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды. 

Қазақ  зиялыларының  үлкен  бөлігі  гимназия,  дәрігерлік  училище,  мұғалімдер  даярлайтын 

семинария  түлектерінен  тұрды.  Бұл  топтың  қатарында  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев, 

Ж.Аймауытов, С. Торайғыров, Ғ. Қарашев сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді. 

  

Жүсіпбек Аймауытов 



 

Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі орталықтарда оқып, саяси оқиғаларға тікелей араласуы, 

орыс  демократиясының  ыкпалында  болуы  оның  қоғамдық  көзқарасының  кемелденуіне,  саяси 

белсенділігінің артуына әсер етпей коймады. 

Саяси  қызметке  араласу  тек  ірі  қалаларда  оқитын  студенттерге  ғана  тиесілі  құбылыс  емес-тін. 

Қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға ден қою, түрлі саяси үйірмелер ісіне араласу Омбы, Семей, 

Орал сияқты жергілікті орталықтарда оқып жүрген жастарға да тән әрекет еді. 

ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  зиялылары  қоғамдық-саяси  қызметке  даярлықпен  келді,  ал  олардың 

дербес  саяси  күш  ретінде  белсенді  әрекетке  көшуі  1905  жылғы  революциялық  оқиғаларға  тұспа-тұс 

келді.  Оған  қазақ  халкының  орыс  отаршыл  әкімшілігіне  тәуелділігі  және  қоғамдық  дамуда 

ортағасырлық  деңгейде  қалып  қоюы  түрткі  болған  еді.  Саяси  қызметі  тура  осы  мезгілде  басталған 

Міржақып  Дулатұлы  1929  жылы  кеңестік  абақтыда  тергеушілерге  берген  жауабында  жалпы  ұлт 

зиялыларына ортақ мынадай пікір білдірді: 

 «...Ол  жылдардағы  қазақ  халқының  қараңғылығы  мен  надандығын  айтып  жеткізу  қиын.  Қазақ 

бұқарасы  губернаторлар  мен  уезд  бастықтарын  айтпағанда,  ең  төменгі  урядниктің  алдында  діріл 

қағып,  адам  төзгісіз  қорлыққа  шыдады,  оның  бұл  халге  жетуіне  өз  арасынан  шыққан  надан  тілмаш 



шенеуніктер,  болыс  басқарушылары  және  басқалары  өз  үлестерін  қосып,  ауыр  салық,  зорлық, 

парақорлық,  құпия  өсектер  үйреншікті  көрініске  айналды;  қазақ  әйелі  күң  жағдайында  болды,  ең 

құнарлы  жерлер  ешқандай  есепсіз  қоныс  аударушыларға  алынып  берілді,  ал  қазақтар  шөлге 

ығыстырылды;  патша  үкіметі  мектептер  аштыруға  бас-көз  қамқоршы  болудың  орнына,  қазақтарға 

өздері  жиған қаржыға  мектеп салуға тыйым салды;  мектеп ашуға әрекет  жасағандар Якут  облысына 

жер аударылды (мысалы, Қосшығұлов, Науан хазірет, т.б.), дәрігерлік көмек жөнінде халықта түсінік 

те  болған  емес...  Қазақ  елі,  міне,  осындай  түнекте  ғұмыр  кешті.  Патша  үкіметінің  отаршыл  саясаты 

гүлдеу  шегіне  жетті.  Осының  бәрін  көре  түрып  өзімнің  азын-аулақ  біліміме  қарамастан,  қолымдағы 

барыммен ар-намысы аяқ асты болған сорлы халқыма көмектесуді өз борышым санадым». 

1905  жылғы  жазға  қарай  Қазақстанның  барлык  өңіріндегі  жәрмеңкелерде  қазақ  жұртының 

мұқтаждықтарын  талқылаған  съездер  өте  бастады.  Бірден  жандарм  мекемелерінің  назарына  іліккен 

бұл  жиындарда  патшаға,  ортақ  билік  орындарына  арналған  арыз-тілектер  жазылды;  Жетісу  және 

Семей облыстары атынан жазылған шағымдарды талқылауға 25 мыңнан астам адам қатысты. 

Бұл  талап-тілектерде  қазақ  елінің  қоғамдық  өмірдегі  ең  негізгі  мұқтаждықтары,  яғни  жергілікті 

басқару,  сот,  халыққа  білім  беру,  ұждан  және  дін  бостандығы,  бақылаусыз  газет  шығару  және 

баспахана  ашуға  рұксат  беру,  қазақ  елінің  жоғарғы  заң  шығарушы  орындарға  депутат  сайлау  кұқын 

мойындау және басқа сол сияқты аса маңызды мәселелер көтерілді. 

Барлык  арыз-тілектерде  жоғарғы  билік  алдына  қойылған  үлкен  де  өзекті  мәселе,  әрине,  жер 

мәселесі  болды.  Арыз-тілек  авторлары  «әкелер  қанының  өтеуімен  азат  етілген  атамекенін»  орыс 

үкіметінің  ешқандай  да  дәлел-себепсіз  мемлекеттік  меншік  деп  жариялап,  соған  сүйеніп  ең  кұнарлы 

жерлер мен тұщы су кездерінің қоныс аударушыларға өтіп жатқандығына наразылықтарын білдірді. 

Арыз-тілек науқаны ұлт-азаттық козғалысында өзара айырмашығы бар екі ағымның қалыптасып 

келе  жатқандығын  аңғартты.  Оның  бір  жағында  қазақ  жұртының  болашағын  еуропалық  өркениеттің 

жетістіктерімен  байланыста  қарап,  дін  ісін  екінші  кезекке  ығыстырған  зиялылар  тұрса,  оған  қарсы 

екінші  бетте  қоғамдық  дамуда  ұлттық-діни  ерекшеліктерді  негізгі  құндылық  ретінде  бағалаған  топ 

тұрды.  Ә.Бөкейханов  алғашқы  ағымдағыларды  батысшылдар,  ал  соңғы  ағымдағыларды  түрікшілдер 

деп атады. 

1905  жылғы  6  тамызда  жарияланған  манифест  бойынша  қазақ  еліне  де  Мемлекеттік  Думаға 

депутат  сайлау  құқығы  берілді.  Ұлт  зиялылары  Дума  жұмысына  белсене  араласу  арқылы  үкіметтің 

Қазақстандағы  саясатына,  әсіресе  жер  мәселесіне  ықпал  етуге  болады  деп  түсінді.  Бірақ  сайлау 

қарсаңындағы қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын өз бағдарламасы бар саяси партия жоқ 

болатын.  Уақыттың  тарлығына  байланысты  және  баска  даярлыктың  жоқтығын  түсінген  ұлт 

зиялыларының  басым  бөлігі  ресейлік  конституциялық  демократиялық  партияның  (кадеттер) 

бағдарламасын  мойындап,  қазақ  облыстарында  осы  партияның  бөлімшелерін  құрып,  осы  ұйымның 

атынан депутаттыққа түсті. 

 Мемлекеттік  Дума  жанындағы  Мұсылман  фракциясы  жұмысына  белсенді  араласқан  қазақ 

зиялылары үкіметтен Қазақстанға ішкі Ресейден қоныс аударушыларды жіберуді, жергілікті халықты 

егіншілікке  жарамды  жерлерден  ығыстыруды  тоқтатуды  талап  етті.  Қазақ  депутаттарының  бұл 

талабын  қазақстандық  Т.  И.  Седельников  және  сібірлік  Н.Л.  Скалозубов  бастаған  демократиялық 

бағыттағы орыс және баска ұлт депутаттары да қолдады. 

 

Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында 



 

Сайлау  науқанына  араласқан  қазақ  зиялылары  отарлық  тәуелділіктегі  қазақ  халкының  мүддесі 

тұрғысынан  қоғамдык  үгіт-насихат  жұмысын  жүргізіп,  депутат  сайлап,  оған  аманат  тапсыру  ісіне 

мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды. 

1906 жылы 10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін 

өкілдер  жиналысы  өтіп,  Ә.Бөкейханов  жиналғандарды  «Халық  еркіндігі»  (кадеттер)  партиясының 

бағдарламасымен  таныстырып,  жиналыс  оған  қатысқандардың  аталған  партияға  косылатындығы 

жөнінде  каулы  кабылдады  («Семипалатинский  листок»,  1906,  13  маусым).  Саяси  күрес  жолына  енді 

ғана  түсе  бастаған  қазақ  зиялыларының  осы  кезеңдегі  саяси-әлеуметтік  бағдары  белгілі  дөрежеде 

ресейлік  радикалдық-буржуазиялық  партия,  кадеттердің  қызметімен  ұштасты.  Бірак  осы  кезеңдегі 

қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. 

Қазақ  кадеттерінің  бағдарламасында  төмендегідей  талаптар  қойылды:  қазақ  жерін  бүтіндей  қазақ 

елінің  меншігі  етіп  жариялайтын  заң  қабылдау,  ішкі  Ресейден  көшіп  келушілер  легіне  тежеу  қою, 

қазақ  жұмысшыларына  еркіндік,  теңдік  беру,  олардың  мүддесін  қорғайтын  заңдар  шығару,  қазақ 

балалары  үшін  мектеп,  медресе,  университеттер  ашу,  т.б.  Отарлық  езгіге  қарсы  жалпыұлттык  бас 


көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені 

оған кажетті алғышарттар пісіп-жетіле қойған жоқ еді. 

Қазақ  зиялылары  тарапынан  жалпыұлттық  саяси  партия  құру  әрекеті  1913  жылы  тағы  да  бой 

көрсетті.  М.  Сералин  бастаған  «Айқап»  журналы  төңірегіне  топтасқан  зиялылар  ең  өзекті  қоғамдық 

мәселелерді  талқылап,  белгілі  бір  бағдарламалық  тұжырымдарға  келу  үшін  Жалпықазақ  съезін 

Сурет:Шақыру  жөнінде  бастама  көтерді.  Бірақ  қазақ  даласында  орнаған  катаң  әскери-отарлық 

тәртіппен  есептесу  қажеттігін  айтқан  Ә.Бөкейханов  бастаған  топ  мұндай  әрекеттерге  көшуге  үзілді-

кесілді қарсы шықты. 

 

Алаш партиясының құрылуы 



 

Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана 

қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру 

бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: 

«Ресейде  осы  күнде  түрлі  саяси  партиялар  бар.  Олардың  көздеген  мақсаттары  бағдарламасында 

жазылған.  Оны  білетін  адамдарға  мағлұм:  қай  партияның  да  болса  бағдарламасы  түп-түгел  қазақ 

мақсаттарына  үйлеспейді.  Сондықтан  біздің  қазақ  мақсаттарын  түгел  көздейтін  өз  алдына  партия 

жасалмайынша болмайды». 

1917  жылғы  21—26  шілде  аралығында  Орынбор  қаласында  өткен Жалпықазақ  съезі  қазақ  саяси 

партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси 

партиясы  болуын  тиіс  көріп,  бұл  партияның  жобасын  жасауды  съезд  «Шуро-и-Исламға»  сайланған 

қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға 

құрылмақ...». 

Съездің  соңғы  күні  жаңа  қалыптаса  бастаған  партияның  басшысы  Ә.Бөкейханов  ресейлік 

Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық 

тұрғыдан  құрылуы  күзге,  яғни  Бүкілресейлік  Құрылтай  жиналысына  депутаттар  сайлау  науқанына 

тұспа-тұс  келді.  «Қазақ»  газеті  өзінің  бас  мақаласында  партияның  атын  «Алаш»  қойып,  оған 

тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға 

шақырды.  Сонымен  бір  мезгілде  «Қазақ»  басқармасынан  барлық  облыстардағы  Қазақ  комитеттеріне 

қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді. 

Алаш  партиясының  облыстык  ұйымдары  1917  жылдың  қазан  айынан  қалыптаса  бастады. 

Ә.Бөкейхановтың  тікелей  ұйымдастыруымен  және  басшылығымен  қазанның  12—20  аралығында 

партияның  облыстық  ұйымдары  алдымен  Семейде,  кейін  Омбыда,  ал  карашаның  10-на  қарай 

Орынборда  ашылды.  Семей  облыстық  партия  комитетінің  төрағасы  болып  Халел  Ғаббасов,  Омбы 

обкомының  төрағасы  болып  Айдархан  Тұрлыбаев,  ал  Торғай  обкомының  төрағасы  болып  Әлихан 

Бөкейханов  сайланды.  Партияның  арнайы  съезін  шақырып,  баскару  орындарын  сайлауға,  жарғысы 

мен  бағдарламасын  бекітуге  қолайлы  жағдайдың  болмауынан  Бүкілресейлік  Құрылтай  жиналысына 

депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды. 

 

Алаш партиясының бағдарламасы 



 

Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік 

республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде 

тұтас  бір  мемлекетке  бірігіп,  автономиялық  негізде  Ресей  Федерациясының  құрамына  еңбек. 

Әлеуметтік  қатынаста  феодалдық  ақсүйектер  құқын  шектеу,  таптық  жіктелуді  жеделдету  мәселесі 

қойылған  жоқ,  керісінше,  жалпыұлттық  мүдде,  ұлттык  тұтастық  бағытына  басымдылық  берілді. 

«Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік 

жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды» деп көрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан 

шешілуге тиіс болды. «Салық мал-ауқат,  табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ  жолмен 

салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады». 

Бағдарламаның  антифеодалдық  сипаты  «негізгі  құқық»,  «ғылым-білім  үйрету»  сияқты 

тарауларынан  байқалады.  «Ресей  республикасында  дінге,  қанға  қарамай,  еркек-әйел  демей,  адам 

баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», 

заң  орындарының  рұксатынсыз  жеке  адамдардың  табалдырығынан  аттап,  ешкім  тінту  жүргізе 

алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б. 

Бағдарламадағы  ең  негізгі  мәселе  —  жер  мәселесі.  Қазақ  жері,  оның  асты-үсті  байлығы  қазақ 

елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер 


мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған 

жерінен,  атамекенінен  әркімнің  тілегіне  сай  ауылға,  ұлысқа,  руға  бөлінеді.  Адам  басына,  жеке  үй 

басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер 

сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады. 

1917  жылдың  соңына  карай  ұйымдық  тұрғыдан  қалыптасқан  Алаш  партиясының  жергілікті 

ұйымдары  облыстық,  уездік  Қазақ  комитеттері,  ал  жергілікті  сауатты,  партиялық  ниеттегі  зиялылар 

партияның  активі,  тірегі  болды.  Алаш  партиясы  күрделі  үш  ірі  мәселені  шешуге  үлкен  үлес  қосты. 

Біріншіден,  партия  мүшелері  халық  арасында,  қазақ  зиялылары  ішінде,  ең  алдымен,  шешілуге  тиіс 

жалпыұлттық  зәру  мәселелерді  талқылауға  мұрындық  болып,  сол  мәселелер  бойынша  ортақ 

тұжырымдарға  келуде  басты  рөл  аткарды.  Бұл  тұжырымдар  партия  бағдарламасының  жобасында 

берілді.  Екіншіден  партияның  ұйытқысы  болған  қайраткерлер  1917  жылы  желтоқсанда  қазақ  елінің 

Алаш  автономиясы  атанған  ұлттық  мемлекеттігі  өмірге  келгенін  жария  етті.  Осы  съезде  өмірге 

Алашорда  —  ұлттық  Кеңесі  үкіметі  келгені  мәлім.  Оның  мүшелері  түгелдей  дерлік  өздерін  Алаш 

партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен 

Бүкілресейлік  Құрылтайға  депутаттар  сайлауында  барлық  қазақ  қайраткерлері  Алаш  партиясының 

атынан  тіркелді  және  оның  атынан  депутат  болып  сайланды.  Осы  құрылтайға  депутаттар  сайлау 

барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Объективті 

жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі 

саяси  күшке  айналуына  мүмкіндік  бермеді.  Қым-қиғаш  азамат  соғысы  тұсында  ондай  міндетті  тек 

Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді. 

 

Қоғамның саяси өміріндегі басқа ұйымдар мен партиялар 



  

Сәкен Сейфуллин 

 

1917  жыл  Қазақстанда  түрлі  саяси  ұйымдар  мен  партиялардың  белсенділік  танытуымен 



сипатталады. Олардың біразы Ресейдегі революциялык қозғалыстың тікелей ықпалымен бірінші орыс 

революциясы жылдарында-ақ қалыптаса бастаған. 1905 жылы социал-демократиялық топтар Верный, 

Қостанай, Перовск, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында қалыптаса бастайды. Олардың құрамында 

темір  жол,  баспахана,  пошта  және  телеграф  жұмысшылары,  жергілікті  зиялылар  өкілдері  болды. 

Басым  түрде  орыс  және  басқа  славян  тұрғындар  өкілдерінен  құралған  бұл  топтардың  мүшелері 

өздерінің  жабық  құпия  отырыстарында  марксистік  әдебиеттермен  танысты  және  оларды  халық 

бұқарасы арасында насихаттау ісін қолға алды. 

1913  жылы  Омбыдағы  түрлі  оқу  орындарында  оқитын  қазақ  жастары  «Бірлік»  қоғамын  құрды. 

Қоғамның мақсаты бастапқы кезенде, негізінен, ағартушылык  қызметтен тұрды, ал оның басқарушы 

тобы құрамында Мұхтар Саматов, Нығмет Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев, Шаймерден Әлжанов, Сәкен 

Сейфуллин сияқты жастар бар еді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар тұсында «Бірлік» 

ұйымы  екі  қанатқа  жарылып  кетті.  Оның  бір  қанаты  (Ә.  Досов,  Ж.Сәдуақасов,  Жүсіпбеков,  т.б.) 

кеңестік  билік  жағында  болса,  екінші  қанаты  (Қ.Кемеңгеров,  С.Сәдуақасов,  т.б.)  Алаш  партиясының 

бағдарламасын қолдады, өздерін «жас алашшылар» санады. 

Түрлі  саяси  ұйымдар  мен  партиялардың  саяси  белсенділігінің  арта  түсуі  1917  жылға  тұспа-тұс 

келді. Құрамы жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны жиырмадан 

асып түсетін еді. Олардың арасында Ақмоладағы «Жасқазақ», Орынбордағы «Еркін дала», Ордадағы 

«Жігер», Петропавлдағы «Талап», Меркідегі «Қазақ жастарының революциялық одағы» және басқалар 

бар  еді.  Бұл  қоғамдық  ұйымдардың  көздеген  мақсаты  біркелкі  болған  емес,  олардың  қайсыбірі 

жалпыұлттық  ұстанымда  болса,  екінші  біреулері  соңынан  белгілі  бір  әлеуметтік  топтарды  ертуді 

көздеді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1920 - 1930 ж. Қазақстан. Ф. И. Голощекин «Кіші Қазан» теориясының үстемдігі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет