«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата08.12.2019
өлшемі0,74 Mb.
#53173
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
lekcija

жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі 

бірден-бір  шешім  —  ядролық  қарудан  бас  тарту  еді.  1994  жылы  үш  мемлекеттің  —  Еуропадағы 

қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның 

қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы 

оларға  Қытай  мен  Франция  қосылды.  Сөйтіп,  Қазақстанның  төуелсіздігі,  дербестігі,  шекара 

біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды. 

Ядролық  қаруды  өз  жерінен  көшіру  үшін  республика  84  млм  доллар  алды.  1995  жылдың  26 

мамырында  ядролық  қарудың  соңғы  бөлшектері  республика  аумағынан  әкетілді.  1995  жылдың  30 

мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды. 

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-

ның  ыдырауы,  бұдан  кейінгі  Ресей  жағдайын  анықтау,  бірігуге  бет  алған  Еуропа  мен  реформадан 

кейінгі  Қытайдың  күшейе  түсуі,  бірқатар  Азия  аумағы  мемлекеттерінің  пайда  болуы,  жаңа 

халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы 

саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді: 

АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың 

қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі. 

Еуразиялық  Одақ  1994  жылдың  наурыз  айындавы  Мәскеуге  сапары  кезінде  Н.  Назарбаев  бұл 

одақты құру жөнінде мәселе көтерді. 

1992  жылдан  бері  Қазақстан  Экономикалық  өзара  қарым-қатынас  ұйымына  Иран,  Пәкстан, 

Түркия,  Әзірбайжан,  Қазақстан,  Ауганстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Турікменстан,  Өзбекстан  мүше 

болды. 


Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік 

қатынастардың  саяси  орталығына  негізделеді.  Олар  Солтүстік  Америка,  бірігу  бағытындағы  Еуропа 

және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық 

кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді. 

Қазақстанның  геосаяси  жағдайы,  қазақстандық  өнімдерді  дүниежүзілік  рынокқа  шығару 

жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды. 

 

Қазақстан және халықаралық ұйымдар 



 

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың 

басты-басты  қағидаларын  алға  қойып  отыр.  Қазақстан  жекелеген  мемлекеттермен  сыртқы  қарым-

қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді. 

Сондықтан  да  жас  мемлекет  үшін  БҰҰ,  ЕҚЫҰ  (ОБСЕ)  —  (Еуропадағы  кауіпсіздік  және 

ынтымақтастық  ұйымы,  Халықаралық  Еуропалық  даму  және  қайта  құру  банктері,  Халыкаралық 

валюта  қоры,  ЮНИСЕФ,  ЮНЕСКО,  т.б.  сияқты  ірі-ірі  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болуы  аса 

маңызды жағдай. 

1992  жылғы  2  наурыздағы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясыныц  (БҰҰ  БА)  46-сессиясында  Қазақстан 

Республикасын  БҰҰ-ға  мүшелікке  алу  жәніндегі  қарарға  қол  қойылды.  Халықаралық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне 

белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына 

қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды. 

1998  жылы  16  қарашада  БҰҰ  БА-ның  53-сессиясы  «Халықаралық  ыңтымақтастық  және 

тұрғындарды  сауықтыру  Қазақстандағы  Семей  аумағының  экологиясы  мен  экономикалық  дамуы 

мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық 

ұйымдардың  белсенді  мүшесіне  айналды.  1998  жылы  республика  БҰҰ-ның  Экономикалық  және 

әлеуметтік  кенесі  (ЭӘК)  жанындағы  комиссия  құрамына  кірді.  Қазақстанның  БҰҰ-ның  балаларға 

көмек  қорымен  (БКҚ)  ынтымақтастығы  кең  түрде  даму  үстінде.  Республикада  «Бала  мен  ана 

денсаулығы»,  «Базалық  білім  беру»,  «Сумен  қамтамасыз  ету  және  санитария  ісі»  және  басқа  да 

бағдарламалар  бойынша  жұмыстар  жүргізілді.  1997  жылы  Қазақстан  БҰҰ-ның  балаларға  көмек 

қорының Атқару Кеңесіне мүше болды. 

1996  жылы  мамырда  ЮНЕСКО  (БҰҰ-ның  білім,  ғылым  және  мәдениет  мәселелерімен 

айналысатын  ұйымы)  делегациясының  Алматыға  сапары  кезінде  үлкел  ғаламдық  ЮНЕСКО 

бағдарламаларын  («Адам  және  биосфера»,  «Халықаралық  гидрология»)  жүзеге  асыру  жөнінде 

келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі  Бас конференциясында 

Қазақстан  ЮНЕСКО-ның  Атқару  Кеңесінің  мүшелігіне  қабылданды.  1994—1995  жылдарда  ЕҚЫҰ-

ның  төмендегідей  құрылымдарымен  тұрақты  ынтымақтастық  байланыстар  орнады:  аз  санды  ұлттар 

жөніндегі  институты,  демократиялық  институттар  мен  адам  құқығы  бюросы.  1999  жылдың 

қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді. 

 

Қазақстанның сыртқы саясаты 



 

Халыкаралық  байланысты  жүзеге  асыруда  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  дүние  жүзінде 

қалыптасқан  жағдайға  байланысты  көпбағыттылығын  ескеру  принципінен  шығуы  керек.  Дүние 

жүзіндегі  саяси  және  экономикалық  үдерістердің  ғаламдық  сипаты  жағдайында,  жекелеген  елдер 

қауіпсіздігіне  кепілдік  ұжымдық  күш-жігермен  ғана  қамтамасыз  етіледі.  Қазақстан  Республикасы 

өзімен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады. Бұл 

мақсатқа  жету  үшін  Қазақстан  қауіпсіздік  жүйесін  құруға  арналған  және  халықаралық 

ынтымақтастықтың  барлық  деңгейіндегі  қарусыздану  ісіне  міндетті  түрде  қатысады.  Оның  бірнеше 

деңгейі бар: 

Қазақстанның  ТМД-дағы  халықаралық  кауіпсіздік  және  қарусыздану  саласындағы  ықпалдастық 

саясаты; 

Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы; 

Қазақстан  халықаралық  БҰҰ,  ЕҚЫҰ  және  т.б.  ұйымдарға  қатысып,  қарусыздану  және 

бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады. 

Қауіпсіздікке  кепілдік  алуға  қол  жеткізу  үшін  Қазақстан  бірқатар  сыртқы  саясат  әрекеттерін 

қарастырды.  1992  жылы  Ташкентте  Қазақстанның,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Белоруссия,  Армения, 

Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге 

кол  қойды.  Мемлекет  басшылары  жөнө  ТМД  Біріккен  Қарулы  күш  Бас  қолбасшыларынан  тұратын 



Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда АӨСШК мүшелері — 15 

мемлекеттіц Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. 

1995  жылы  үш  республика  —  Қазақстан,  Өзбекстан  және  Қырғызстан  басшылары  БҰҰ  Бас 

хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның (ОртАзБат) құру 

туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді. 1996 жылы бес 

мемлекет  —  Қазақстан,  Қытай,  Қырғызстан,  Ресей  және  Тәжікстан  әскери  салада  және  шекаралық 

аудандарда  сенім  шараларын  нығайту  туралы  Келісімге  қол  қойды.  1997  жылы  шекаралық 

аудандардағы  қарулы  күштерді  келісімді  қысқарту  туралы  Келісімге  қол  қойылды.  Бұл  келісімдер 

Қытаймен  шекара  жөніндегі  дауды  реттеуге  негіз  болды.  2001  жылғы  көктемде  бұл  Келісімге 

Өзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды. 

Республика  ішінде  жүргізіліп  жатқан  реформаларды  қамтамасыз  ету  жөнінде  де  бірқатар 

міндеттердің бар екені белгілі. Оларды атап айтсақ: 

Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және жекелеген қаржы ұйымдары тарапынан 

қаржы салымын тарту

экономикалық  міндеттер,  экологиялық  мәселелер,  дүниежүзілік  коммуникацияға  шығу  үшін 

қаржы тарту және практикалық көмек көрсету; 

әр түрлі мәселелер бойынша халықаралық ақпараттармен алмасуға қатысу; 

Қазақстандық  экономиканың,  ғылым  мен  басқарудың  әр  түрлі  салалары  үшін  шетелдерде 

мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру; 

шетелдердегі Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын қорғау; 

шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту. 

Аталған бағыттар бойынша Қазақстанның дипломатиялық қызметін тұрақты жүзеге асыру біздің 

еліміздің ұзақ мерзімдік басым бағытын іске қосуға мүмкіндік береді. 

Қазақстанның  сыртқы  саясаты  1991  жылдан  2001  жылға  дейінгі  10  жыл  ішінде  күрделі  даму 

жолынан  өтті.  1991—1993  жылдары  Қазақстан  халықаралык  құқық  субъектісі  ретінде  әлемдік 

коғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың 

келісімдік-құқықтық базасын қалыптастырды. 

1994—1997  жылдары  сыртқы  саясат  қызметінде  мықты  құкықтық  база  құру  жұмысы 

жалғастырылды,  бірінші  кезекке  шет  елдер  стратегиялық  ұлттық  мүдделерді  қамтамасыз  ету  тетігін 

қалыптастыру міндеті шықты. 

1997  жылдан  бастап  Қазақстанның  сырткы  саясатында  үшінші  даму  кезеңі  басталды,  ол  ел 

алдында  жаңа  ғаламдық  жағдайлар  тууымен  сипатталады.  Қазақстаниың  сыртқы  саясатындағы 

бағдары «Қазақстан—2030» стратегиялық даму бағдарламасында ашып көрсетілді. 

2003  жылы  Алматыда  Бейбітшілік  пен  өзара  келісім  жөніндегі  халықаралық  конференция  мен 

Әлемдік  және  дәстүрлі  дін  өкілдерінің  1  съезі  болып  өтті.  2006  жылдың  қыркүйек  айында  Астанада 

Бейбітшілік пен өзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің ЫЫ съезі болды 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тэуелсіз Қазақстанның білімі, ғылымы жэне мэдениеті

 

Этникалық мәселелер 



Кеңестік  тоталитарлық  жүйеден  қалған  осындай  этникалық  мәселелер  жағдайында  Тәуелсіз 

Қазақстан  өзінің  этникалық  топтар  саясатын  екі  түрлі  бағытта  жүргізді.  Бірі  —  осы  мемлекетті 

құрушы  негізгі  ұлт  болып  есептелетін  қазақтардың  этникалық  мәдениетін,  тілін,  ділін  қайта 

жандандыру  болса,  екіншісі  —  Қазақстанда  өмір  сүріп  жатқан  басқа  этностардың  мәдени,  тілдік 

құқықтарын қамтамасыз ету. 

Қазақстандағы  этникалық  топтар  саясатын  зерттеуші  ғалымдар  осы  бағыттағы  мемлекеттік 

саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі. 

Бірінші кезең 

Бірінші  кезең—1991—1995 жылдар  аралығын қамтиды. Бұл кезеңді  этноұлттық басымдылықтар 

кезеңі  деп  атауға  болады.  Бұл  кезеңде  мемлекетті  құрушы  негізгі  ұлт  ретінде  қазақ  этносына,  оның 

тіліне,  оның  мәдениетіне  біраз  артықшылық  берілді.  Сондықтан  да  1990  жылғы  25  қазанда 

жарияланған  «Қазақ  КСР-інің  мемлекеттік  егемендігі»  жөніндегі  Мәлімдемесінде  қазақ  халқы 

мемлекет  құрушы  ұлт  деп  танылды.  1991  жылғы  16  желтоқсанда  қабылданған  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  жөніндегі  конституциялық  заңда  қазақ  ұлтының  өз 

мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан 

Республикасының  Конституциясында  да  Қазақстан  мемлекеттілігінің  ұлттық  сипатына  ерекше  мән 

берілді.  Ол  бойынша  да  Қазақстан  өзін-өзі  таныған,  өз  болашағын  өзі  анықтайтын  қазақ  ұлтының 

мемлекеті деп танылды. 

Тәуелсіз  еліміздің  бұл  кезеңінде  мемлекеттігіміздің  формасын  ұлттық  деп  жариялаудың 

объективті қажеттілігі болды. 

Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлық мемлекеттер өздерін сол мемлекеттердің негізін 

құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын. 

Екіншіден,  ғасырлар  бойы  өз  тәуелсіздігін  жоғалтып,  өз  жерінде  саны  жағынан  азшылыққа 

айналған қазақ халқының ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада 

аяғынан тік тұрғызу керек болды. 

Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезінде жойылып кете жаздаған қазақ халқының ұлттық дәстүрлі 

мәдениетін, тілін, ділін қалпына келтіру үшін мұндай саясат қажет болды. 

Өткен  ғасырдың  90-жылдарының  ортасына  қарай  қазақ  халқы  өзінің  мемлекеттілігін  сезіне 

бастады,  ұттық  рухы  оянды,  өзінің  ұлттық  құндылықтарын  ақтап  алды,  ұлттық  дәстүрлі  мәдениетін, 

тілін қалпына келтіре бастады, имандылыққа мойнын бұрды. Осы кезеңді мемлекеттің атауына негіз 

болып  отырған  қазақ  ұлтының  ұлттық  санасының  ерекше  ояну  кезеңі,  ұлттық  рухының  ерекше 

көтерілу кезеңі десе де болады. 

Жалпы осы кезеңде, бұдан соңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан қоныс аударуын 

республикадағы  этноцентристік  саясаттың  нәтижесі  ғана  деп  түсінбеу  керек.  Егемендік  алған  кездің 

алғашқы жылдарындағы өзге ұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің біздіңше мынадай себептері де бар. 

Біріншіден,  бұрынғы  КСРО  сияқты  үлкен  мемлекеттің  ыдырауы  ұлттық  жаңа  құрылған 

мемлекеттер  жағдайында  ұлттардың  арасында  болашағына  деген  белгілі  бір  сенімсіздік  туғызды. 

Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті. 

Екіншіден,  ұлттық  мемлекеттіліктер  құрылу  кезеңінде  этностар  өкілдерінің  санасында 

этноцентристік пиғылдар уақытша болса да күшейді. 

Үшіншіден,  сана  бодандығынан  құтылған  азаматтарда  өз  тарихи  Отанына  қайту  пиғылының 

күшеюі заңды құбылыс еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде Қазақстан жеріне күшпен депортацияланған 

неміс, т.б. халықтарға тән болды. 

Екінші кезең 

Қазақстанның  ұлт  саясатының  екінші  кезеңі  1995  жылы  қабылданған  жаңа  Конституциядан 

басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл 

заң  бойынша  ендігі  жерде  Қазақстан  мемлекеті  ұлттық  негізде  емес,  жалпыазаматтық  негізде 

құрылатындығы баяндалды 



Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық  қоғамның қағидаларына 

сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін 

саясатқа  айналды.  Бұл  —  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  қабылдаған  адамдар 

қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл 

—  этностық  мәдениеті,  діні,  тілдері  түрлі  болғанымен,  «Мен  қазақстандықпын!»  деген  елдік  сананы 

қалыптастыру. 

Тіл туралы заң 

 Толық мақаласы: Тіл заңы 

1997 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданды. Бұл заң 

бойынша  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  болып  —  қазақ  тілі  бекітілді.  Бұл  тіл 

мемлекеттік  басқару  органдарының,  заң  шығару,  сот  ісінің,  іс  жүргізудің  тілі  болып  саналады  және 

мемлекет аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады. 

«Қазақстан  халқының  басын  біріктіруші  маңызды  қатынас  туралы  болып  табылатын  осы 

мемлекеттік  тілді  білу—  Қазақстан  Республикасының  әрбір  азаматының  қасиетті  борышы  болып 

табылады» — делінген Тіл жөніндегі Заңның 4-бабында. 

Осы  заңның  5-бабында  мемлекеттік  ұжымдарда  және  жергілікті  басқару  органдарында  қазақ 

тілімен бірдей дәрежеде ресми түрде орыс тілі де пайдаланылатындығы жазылған. Сонымен қатар бұл 

заң  бойынша  «Қазақстан  Республикасының  әрбір  азаматы  өз  ана  тілінде  сөйлеуге,  өзінің  қалаған 

тілінде  тілдесуге,  шығармашылықпен  айналысуына,  тәрбие,  оқу  жұмыстарын  жургізуге  құқылы»  (6-

бап). 


Мемлекет қазақ тілінің және өзге тілдердің ұлтаралық қарым- қатынаста қолдану аясын сақтауға 

және  оның  еркін  дамуына  кепілдік  береді.  Сондай-ақ  мемлекеттік  тілді  немесе  ұлтаралық  қатынас 

тілін  білмегені  үшін  азаматтардың  құқығы  мен  бостандығын  шектеуге  тыйым  салынады.  Қазақстан 

Конституциясының  тіл  туралы  баптары  әлемнің  өзге  елдерінде,  сондай-ақ  ТМД-да  ерекше 

демократиялы болып есептелінеді 

Қазақстан  —  өз  Отаным  деп  есептейтін  әр  азамат  қазақ  тілін білуі  міндетті.  2030  жылға  дейінгі 

стратегиялық  даму  бағдарламасындағы  ұзақ  мерзімді  жеті  басым  бағыттың  ішінде  ұлттық 

қауіпсіздіктен  дейінгі  екінші  орында  көрсетілген.  Ұлттық  бірлік,  татулық,  теңдік  қоғамның 

топтасуының  кепілі.  Республикада  жалпы  ұлттық  мүдделерді  жүзеге  асыруда  қазақ  ұлты  оларды 

біріктіруші рөл атқаратындығы айқын. 

Ғылым 

Толық мақаласы: Қазақстан ғылымы 



Ғылымның  дамуы  мен  гүлденуі  табиғаттың  шынайы  заңдылықтарын  үйренуге  және  оған  қоғам 

мүшелерін  тартуға  тікелей  байланысты.  Кеңес  Одағы  жүйесінің  күйреуі  барысында  республика 

ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу: 

Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге 

асырылды.  Одақтық  ведомстволар  зерттеу  институттарын  көбіне  республикалардың  қалауынсыз 

жүргізіп келді; 

Республика  ғылыми-техникалық  әлуетінің  басым  бөлігі  жалпы-одақтық  ғылыми  құрылымға 

тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді

Ғылым  академиясы  мен  салалық  ғылым  мекемелері  (КСРО  энергетика  және  электрлендіру 

министрлігі 6 мұнай және газ өндірісі министрлігінің батыс қазақстандық институты, т.б.) өзара және 

академиялармен тығыз байланыста жұмыс істей алған жоқ; 

Экономикалық дағдарыс салдарынан ғылымды қаржыландыру едәуір қысқартылды; 

коммунистік  қызметке  арналған  бағаны  ырықтандыру  ғылыми  мекемелерді  ұстап  отыру 

мәселелерін одан сайын қиындата түсті; 

90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын төмендетті, көптеген жас та 

дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті; 

ХХ  ғасырдың  90-жылдарындағы  республика  ғылымының  өрісі,  оның  жаңа  технологиялармен 

жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады. 

Аталған  кемшіліктердің  орнын  толтыру  бағытында  Қазақстан  Республикасының  Ғылым  және 

жаңа  технология  министрлігі  нақтылы  жұмыстарды  қолға  ала  бастады.  Министрліктің  ұсынысына 



сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың 

ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды. 

Жергілікті  жерлердегі  бөлімшелері  мен  материалдық-техникалық  базаларының  жоқтығына 

қарамастан,  аталған  министрлік  Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан  және  Батыс  Қазақстан 

облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты  

ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді.  Олар: 

 

• 

электроника мен байланыс жүйесі бойынша, 



• 

ақпаратты және есепті техника бойынша

• 

биотехнология, 



• 

экология, 

• 

жаратылыс ғылымдары бойынша, 



• 

минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу, 

• 

жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары. 



 

Бірақ  бұл  аталған  шаралар  дер  кезінде  материалдық  ресурстармен  қамтамасыз  етілмеді.  Елдегі 

экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған 

ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық жүйенің күйреуі  мен 

құрылымдық  құлдырауына  қарамастан,  өз  тұрғыларын  сақтап  қалды.  Жалпы  алғанда,  1992—1994 

жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады. 

1994  жылы  Ғылым  және  жаңа  технология  министрлігі  жанынан  ғылыми-техникалық 

бағдарламалар  мен  жобаларды  мемлекеттік  сараптау  бөлімі  құрылды.  Аталған  құрылым  ғылымға 

арналған  бюджеттік  ассигнадиялардан  қаржыландыруға  қабылданған  ғылыми-техникалық 

бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды. 

1996  жылы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  Республикасында  ғылымды 

басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты. 

1996  жылы  мемлекет  ғылыми  саланы  қайта  жаңғыртуға,  академиялық  ғылымның  реформалық 

жолдарын  анықтауға  бет  бұрды.  Осы  мақсатта  Ғылым  және  жаңа  технология  министрлігін,  Ұлттық 

академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан 

Қазақстан  Республикасының  Ғылым  Академиясы  дүниеге  келді.  2001  жылы  министрлік  мақсатты 

бағдарламаларды  қаржыландыруға  көшті.  Ғылыми-зерттеу  институттары  мұндай  бағдарламаларды 

қорғап,  конкурстық  негізде  жеңіп  алуы  тиіс.  Зерттеу  бағдарламалары  республикадағы  ғылым 

дамуының  басым  бағытына  сәйкес  келуі  қажет.  Бағдарлама  зерттеушілері  істелген  жұмыс  жайлы 

жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы 

мүмкін.  Ғылымды  қаржыландыруға  байланысты  мұндай  жағдай  2001  жылы  қабылданған  «Ғылым 

туралы» Заңда анықталған. 

Жаңа  заң  республика  дамуының  соңғы  он  жылдығында  болған  өзгерістерді  ескере  отырып 

даярланды.  Осылайша  бюджеттік  қаржыландырудан  басқа  ғылыми  мекемелер  мен  ғылыми 

қызметкерлердің  өзге  де  қаржы  көздерін  тауып,  қаражат  тартуға  мүмкіндіктері  бар.  Мысалы,  грант 

түрінде  арнайы  ғылыми  және  қоғамдық  қорлардан  ала  алады.  Сөйтіп,  жаңа  заң  қазір  біздің 

мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді. 

Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—



2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет