Білім туралы заң Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң.
1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12 тараудан тұрады. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар. Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi,
осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және
Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ
адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге
бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1) адъюнктура - әскери оқу орындарында біліктілігі жоғары ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
2) академия - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны;
2-1) бiлiм беру ұйымдарын аккредитациялау - кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң білiм бағдарламаларын iске асыратын ұйымдардың мәртебесiн бiлiм бағдарламаларының тiзбесiн белгiлей отырып, олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрiне қарай (институт, академия, университет) мемлекеттiң тануы (кезектi мерзiмге растауы). Бұл ұйымдардың бiтiрушiлерге аталған бағдарламалар бойынша бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар беруге құқығы бар;
3) аспирантура, докторантура - оқу орындары мен ғылыми мекемелерде білiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
3-1) ассистентура-тағылымдама - өнер оқу орындарында жоғары бiлiктi ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
4) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттay - тиiстi бiлiм беру деңгейiнде олар көрсететiн білiм беру қызметiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм; <*>
4-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау - педагогикалық қызметкердiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
5) бакалавр, магистр - жоғары кәсiптiк бiлiмнiң тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже; <*>
6) гимназия - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, оқушыларды олардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес тереңдетiп, салаға бөлiп, саралап оқытуды көздейтiн, жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны;
6-1) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын стипендия;
7) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы - мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыру; кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiн кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн сатып алу; конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн беру арқылы iске асырылатын, тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейтiн бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау жоспары;
8) мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорны - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлттық Банкi не жергiлiктi атқарушы орган құратын ұйым;
9) мемлекеттiк бiлiм беру мекемесi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын бiлiм беру мекемесi;
10) девианттық мiнез-құлық - балалар мен жасөспiрiмдердiң әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемi жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемi кетiп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгiлерi бар, қоғамға қауiптi әрекеттер жасауы;
11) дистанциялық оқыту (алыстан бiлiм беру) - оқыту нысандарының бiрi, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы бiлiм беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметi мен дамуына нысаналы және әдiстемелi түрде ұйымдастырылған басшылық жасау;
12) қосымша бiлiм беру - азаматтардың, қоғам мен мемлекеттiң бiлiмге деген қажеттерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегi қосымша бiлiм беру бағдарламаларының негiзiнде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесi;
13) доцент, профессор:
тиiстi жоғары оқу орны беретiн академиялық атақ;
жоғары оқу орнының немесе ғылыми-зерттеу ұйымының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы беретiн ғылыми атақ;
14) рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдары - дiн қызметкерлерiн даярлаудың кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары;
14-1) бiрыңғай ұлттық тестiлеу - кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен бiрiктiрiлген жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарында жоғары сатыда бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау нысандарының бiрi;
15) жеке педагогикалық қызмет - жеке нысанда бiлiм беру қызметiн көрсетуге бағытталған қызмет;