Кәсіпорын экономикасы және өндірісті басқару пәнінен



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#84258
  1   2   3   4
Байланысты:
кэ баяндама
кэ баяндама




Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжі» КМҚК


Кәсіпорын экономикасы және өндірісті басқару пәнінен
БАЯНДАМА

Дайындаған: Серікқызы Айым


Тексерген: Игишов Е.Т.

2020-2021 оқу жылы


ЖОСПАР:

  1. Кіріспе

    1. Басқару тәсілдері мен функциясы.

  1. Негізгі бөлім

    1. Басқару тәсілдерінің түрлері.

    2. Басқару мектептері.

  1. Қорытынды

3.1. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Басқару- бұл әртүрлі ұйымдардағы адамдарды басқару функциясы, қызмет түрі. Менеджмент-бұл функцияны жүзеге асыруға көмектесетін адам білімінің саласы. Сонымен, менеджерлерден ұжымдық басқару-бұл адамдардың белгілі бір категориясы, басқару жұмыстарын жүргізетіндердің әлеуметтік қабаты.


Демек, басқару дегеніміз-белгілі бір мақсаттарға жету үшін адамдар тобының күш-жігерін үйлестіру.
Біздің динамикалық уақытта ұйымды басқару-бұл қарапайым құрғақ жатталған формулаларды басшылыққа ала отырып, сәтті орындалмайтын күрделі жұмыс. Көшбасшы жалпы шындықты түсінуді және көптеген вариациялардың маңыздылығын біріктіруі керек, соның арқасында жағдайлар бір-бірінен ерекшеленеді.
Тиімді көшбасшы барлық ситуациялық айнымалыларды ескере отырып, бірдеңе жасаудың жалғыз "дұрыс" әдісі жоқ екенін түсінеді. Оңтайлы таңдау - бұл қазіргі кездегі жағдайға сәйкес келетін нәрсені таңдау. Бұл дұрыс таңдау жасау үшін көшбасшының заттарға жан-жақты көзқарасы болуы керек.
Ұйымдастыру теориясы
Шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында коммерциялық қызмет сауда кәсіпорнының айқындаушы негізі ретінде қаралады. Сонымен бірге кәсіпорынның коммерциялық қызметін басқарудың функциялары мен құрылымына назар аударылуда. Басқару жүйесі коммерциялық қызметтің құрылымын нарықтың даму ерекшеліктері мен тенденцияларына бейімдеуге бағытталған өте динамикалық.
Коммерциялық қызметті басқару кезінде басқару процесінің мынадай функциялары орындалады:
- жоспарлау;
- ұйымдастыру;
- мотивация;
- бақылау.


    1. Басқару тәсілдері мен функциясы

Басқару жүйесі аса күрделі, әрі жауаптылықты қажет етеді. Сондықтанда бұл мәселені талдауда ең алдымен оның зерттеу тәсілдеріне ерекше мәе беріледі. Отандық және шетел баспаларында көптеген ғалымдардың пікірі бойынша негізінен басқару жүйесінде үш тәсіл қолданылады: процестік, жүйелі және ситуациялық тәсілдер.
Процестік тәсіл: Бұл концепция басқару жүйесіндегі елеулі өзгеріс, жаңалық, бүгінде іс жүзінде кең қолданып жүр. Мұнда басқару процесс ретінде қаралады. Басқару үшін үздіксіз өзара байланысты болатын санқилы әрекет қажет болады. Бұл іс-әрекеттің әрқайсысы ұйым табысы үшін аса қажет. Мұның бәрі басқару функциясы деп аталады.
Бұл концепцияның алғашқы негізін қалаған Анри Файоль бес функцияны айрықша бөледі. Оның айтуынша басқару дегеніміз – жоспарлау, ұйымдастыру, билік жүргізу, координациялау және бақылау жасау. Ал, қазіргі заманғы баспада жарияланған туындыларды қорытып жинақтасақ, басқарудың мына функцияларын атауға болады: жоспарлау, ұйымдастыру, үкім жүргізу, мотивация(дәлелдеу), басшылық жасау, координациялау, бақылау, коммуникация, зерттеу, бағалау, шешім қабылдау, кадр іріктеу, өкілдік, келіссөз жүргізу не келісім жасау.
Әр автор өзінше басқару функциясының тізімін жасайды. Аталған функциялардың ішіндегі барлық ұйымға ортақ болатыны мыналар: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау.
Осы функцияларға қысқаша сипаттама бере кетелік:
Жоспарлау. Жоспарлау функциялық - ұйымның алдына қандай міндет- мақсат қоюға болатыны жайлы шешім белгілейді және ұйым мүшелері не істеуге тиіс, қандай мақсатқа жетуі тиіс екені жобаланады.
Жоспарлау функциясы мына негізгі үш сұраққа жауап бере алады:

  1. Қазір біз қандай денгейде тұрмыз?

  2. Біз қайда бара аламыз?

  3. Мұны қалай орындауға болады?

Жоспарлау тәсілі арқылы басшылар ұйымның барлық мүшелерін белгіленген мақсатты орындауға жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру – деп, белгілі бір құрылмды құру. Басшы нақты жұмыс істейтін адамдарды тандап, оларға тапсырма беріп, ұйымның ресурсын пайдалануға рұқсат етеді не соны атқаруға делегат жідереді.
Делегат субъектісі сол міндетті орындауды өз жауапкершілігіне алады, бірақ ол сол басшыға бағынады.
Мотивация-функциясының міндеті ұйым мүшелері жұмысты делегат қойған талабына сай белгіленген жоспармен орындалуы керек екені дәлелденуі керек.
Бақылау жасау – басшылардың алғашқы белгіленген міндетінен күтпеген ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен ұйым негізгі бағыттан ауытқуы мүмкін. Сондықтан белгіленген тапсырманы орындау барысына бақылау жасау қажет болады. Бақылау деп – ұйымның өз мақсатына шын мәнінде жетуін қамтамасыз ету процесі.
Басқару тарапынан жүргізілетін бақылаудың 3 түрі болады:
1.Стандартты белгілеу – бұл нақты мақсатты белгілі бір мерзімде орындауды анықтау. Бұл тек белгіленген жоспарға ғана сүйенеді.
2.Белгілі бір мерзім ішінде нақты орындалған істі - өлшеу және қол жеткен нәтижені, алдағы орындалатын нәтижемен салыстыру.
3.Алғашқы белгіленген жоспардың орындалу брысында көп алшақтық болса, онда нақты шара қолданылады.


      1. Сурет.(Жоспарлау бөлімінің басқару құрылымы)

Жоғарыда аталған басқарудың 4 функциясы - жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау жасауға ортақ болатын екі сипаттама бар:оның барлығы да шешім қабылдауды қажет етеді және бәріне де коммуникация қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет