А.Ә. Мыңбаева 27 желтоқсан 2012 жыл батыс қазақстан облысы білім басқармасының



бет1/2
Дата10.04.2017
өлшемі1,25 Mb.
#13625
  1   2




«Бекітемін»

Батыс Қазақстан облысының

білім басқармасының бастығы

_____________ А.Ә. Мыңбаева

27 желтоқсан 2012 жыл

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2013 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС

ЖОСПАРЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫ



ЖОСПАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



№№

м а з м ұ н ы

беті




Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2012 жылғы жұмысына талдау және 2013 жылға міндеттері

3-19

1-бөлім.

Білім басқармасы іс-әрекетінің 2013 жылға арналған

мақсаттары және негізгі бағыттары

20-23

2-бөлім

Атқарушы және уәкілетті билік органдарының қарауына енгізілетін мәселелер

24

3-бөлім.

Білім жүйесін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті


24

4-бөлім

Білім басқармасының алқа отырыстары


25

5-бөлім.

Білім басқармасының аппарат кеңестері

26-27


6-бөлім

Білім басқармасына қарасты ұйымдардың басшыларымен өткізілетін кеңестер


28


7-бөлім.

Білім беру жүйесінің құқықтық-нормативтік базасын қамтамасыз ету


29-30


8-бөлім.

Білім ұйымдарының қызметіне талдау, бақылау мен мониторинг жүргізу


30

9-бөлім.

Аралық және тақырыптық бақылаулар


30-31

10-бөлім

Семинарлар мен конференциялар

31


11-бөлім

Педагог кадрлармен өткізілетін облыстық бұқаралық-көпшілік іс-шаралар


31

12-бөлім

Облыстық байқаулар мен конкурстар

31-32


13-бөлім.

Оқушылармен өткізілетін бұқаралық- көпшілік іс- шаралар


32-38

14-бөлім

Білім басқармасы аппараты қызметін ұйымдастыру мәселелері


38

15-бөлім

Білім басқармасының жұмыс тәртібінің циклограммасы

38-39


16-бөлім.

Аудандар мен ведомствоға бағынысты білім ұйымдарына жетекшілік


39



Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2012 жылғы

жұмысына талдау және 2013 жылға міндеттері
Облыстық білім басқармасының қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы мен басқа да салаға қатысты заңнамалардың және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», басқарманың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда алға қойған міндеттер мен мақсаттарды қамтамасыз етуге, 12 жылдық жалпы білім беруге көшуге дайындықты жалғастыруға және білім сапасын арттыруға бағытталды.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Облыстағы мектепке дейінгі білім беру қызметінің дамуы келесі бағыттар бойынша жүріп жатыр: балалар бақшасының құрылысы, жалпы білім беретін мектептерде бос орындарды пайдалану есебінен шағын орталықтарды, жеке мектепке дейінгі ұйымдарды ашу .

Облыста 2012 жылдың 1 қазанына 471 мектепке дейін ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде 143 балалар бақшасы, 39 «мектеп-бала бақша» кешені, 289 шағын орталықтар ( өткен жылы- барлығы 461 МДҰ, соның ішінде 139 балалар бақшасы, 39 «мектеп-бала бақша» кешені, 283 шағын орталықтар), мұндағы балалардың жалпы саны – 27 862 (өткен жылы- 26 215 бала).

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту облыста 60,6%-ды құраса (республика- 47,2 %), өткен жылғы бұл көрсеткіш- 60%, 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 95,3% болса (республика- 70,6%) өткен жылғы бұл көрсеткіш- 93 % болды.

3-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші Қаратөбе (100%), Шыңғырлау (99,6%), Жаңақала (99,7%), Тасқала (98,9%), Казталов (96,4%), Бөрлі (96,3%) аудандары мен Орал қаласы (96,2%) жоғары болып отыр.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен, біліммен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы:

- Республикалық бюджет қаражаты есебінен Орал қаласы Самал көшесінде 360 орындық, Бөрлі ауданы Қызыл тал ауылында 320 орындық, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында 290 орындық, Теректі ауданы Подстепный ауылында 290 орындық бөбекжайлар салынып, ашылды;

2012 жылы шетел инвестициясы есебінен Орал қаласының Самал көшесінде 350 орындық бөбекжай құрылысы басталды;

- жалпы білім беретін мектептерде бос орындарды пайдалану есебінен 450 орынға арналған 9 шағын орталықтар ашылды, оның ішінде 1 жеке мектепке дейінгі орталық.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы 1 тәрбиеленушіні ұстаудың орташа шығыны 162,7 мың теңгені (өткен жылы- 146,8 мың теңге) құраса, ата-аналар төламақысының орташа құны 5 076 теңгені (өткен жылы- 4 262 теңге) құрады. Республика бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналар төламақысының орташа құны 8 441 теңге.

Қолға алынған шараларға қарамастан Орал қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалар санының азаймай отырғандығы байқалады. Егер 2011 жылы кезекке 12 433 бала тіркелсе, 2012 жылдың 1 қазанына 12 983 бала тіркелген.

ҚР «Білім туралы» Заңының 30-бабына сәйкес жаңа оқу жылында міңдетті мектепалды даярлықпен бес-алты жастағы 11 376 (100%) бала қамтылды.



Жалпы орта білім беру
2012-2013 оқу жылының басында облыста 87 441 оқушы контингентімен 412 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 64 оқушы контингентімен 3 жеке мектеп жұмыс жасайды.

Мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер 277-і немесе 66,1% (өткен жылы 277-і немесе 67,2%) мектеп оқытуды қазақ тілінде жүргізеді, оларда 44 257 (өткен оқу жылында 44 025) оқушы бар.

Шағын құрамды мектептер желісі облысымызда - 308 (2011 жылы - 313) бірлікті құрап, оларда 27 287 оқушы (2011 жылы- 28 392 оқушы) оқиды.

Кешкі мектептер саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 2 бірлікке ұлғайып 6 бірлікті құрап, олардағы бала саны -408 (Орал қаласында 1, Ақсай қаласында 1, Жәнібек ауданында -1, Ақжайық ауданында -1 мектеп, Зеленов ауданында-1, Теректі ауданында-1) және 23 күндізгі мектептер жанынан 514 оқушыны қамтитын кешкі оқытудағы ОКП құрайды.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда мектептер жанындағы интернаттар саны 1 бірлікке ұлғайып, жалпы саны 63 болды. Ондағы оқушылардың жалпы саны – 2231 оқушы (өткен оқу жылында - 2363 оқушы).

Аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің 15.12.2012 ж. деректері бойынша 10 күннен астам сабаққа қатыспай жүрген балалар саны - 15, соның ішінде оқығысы келмейтін балалар – 11 және 3-уі іздестірілуде, 1-уі тергеуде. Олардың ішінде 4 бала жайсыз отбасынан.

15.12.2012 жылдың деректеріне сай облыстың 378 (91,7%) мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылып, оларда 63 237 (72,5%) оқушы ыстық тамақпен қамтылды, соның ішінде тегін ыстық тамақпен 51 622 (81%) оқушы қамтылды.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту Бөрлі (100%), Зеленов (83,9%), Тасқала (81,2%), Ақжайық (76,2%) аудандарында жоғары болса, ал төмен көрсеткіш Казталов (56,3%), Шыңғырлау (62,3%), Сырым (66,5%), Қаратөбе және Жаңақала аудандарында (67,4%).

Жаңа 2012-2013 оқу жылында оқушыларды тасымалдау облыстың 53 мектебінде ұйымдастырылып 2 789 (3,1%) оқушы қамтылды (өткен оқу жылында-51 мектеп, 3 277 оқушы), соның ішінде 1 352 оқушы Орал қаласында және Зеленов ауданында - 604, Теректі ауданында -353, Ақжайық ауданында -143, Сырым ауданында -91, Тасқала ауданында-72, Казталов ауданында -59, Бөрлі ауданында-53, Қаратөбе ауданында -41, Шыңғырлау ауданында-21 бала тасымалданады.

Облыс бойынша оқу үлгерімі 99,9 пайызды құрады (өткен оқу жылының деңгейінде).

Білім сапасы 54,92 пайыз, өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,83 пайызға жоғары.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ). 2012 жылы оқушылардың білім сапасын бағалау мақсатында тәуелсіз сырттай бақылау- оқу жетістіктерін сырттай бағалау өткізілді. Облыс бойынша ОЖСБ-ға 34 мектептің 9 сынып оқушылары (1594 оқушы) қатысса, қорытындысында орташа балл 51 балды құрайды (республика- 51,6 балл), немесе тапсырмалардың 63,75 пайызының орындалуы.

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ). 2012 жылы тестілеуге 4 427 түлек немесе жалпы мектеп бітірушілерінің 72,65% (2011 жылы -81,06%) қатысса, республикалық орташа көрсеткіш - 75%. 2012 жылы 18 түлек Халықаралық олимпиадалар жүлдегерлері болғандықтын ҰБТ-дан босатылып, сертификаттар алды.

Аудандар бойынша Бөрлі (88,81%), Шыңғырлау (86,57%), Жәнібек (80,28%) аудандары түлектерінің қатысу пайызы жоғары болса, Зеленов (56,27%), Бөкей ордасы (66,66%), Теректі (69,97%), Тасқала (71,93%) аудандары мен Орал қаласы (66,88%) түлектерінің қатысу пайызы төмен болды.

Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп бітіруші түлектердің білім сапасы өткен жылдармен салыстырғанда 10,09 балға төмен болып, 77,39 балды құрады (2011 жыл-87,48) және бұл жалпы тапсырмалардың 61,9% орындалуы (республика-56,7%). Орташа жинақ балл республикалық көрсеткіштен 6,49 балға жоғары (республика – 70,9 балл).

Өткен жылмен салыстырғанда барлық аудандар мен Орал қаласының орташа жинақ балының төмендеуі байқалса, Қаратөбе (23,98б.), Бөкей ордасы (18,30 б.), Жаңақала (16,30 б.), Бөрлі (15,76 б.) , Шыңғырлау (15,13 б.), Ақжайық (15,04 б.), Сырым (14,25 б.) аудандарында күрт төмендеуі байқалады.

«Алтын белгіге» 238 үміткер болса, олардың 88-і немесе 36,97 %-ы (2011 жылы -72,19%) өз білімдерін қорғаса, республикалық бұл көрсеткіш 25,9 % (2011 жылы- 65,4 %). «Үздік аттестатқа» 107 үміткерден 24-і немесе 22,43%-ы (2011 жылы- 50,70 %) өз бағаларын қорғаса, «Алтын белгіге» үміткер 22 оқушы ереже талаптарына сай 1 балл жетпеуіне орай үздік аттестат алды. Нәтижесінде облыс бойынша үздік аттестат иегері -46.

100-ден жоғары балл жинаған түлектер саны - 590 немесе жалпы ҰБТ-ға қатысушылардың 13,33 %-ы (республика-9,2%). Өткен жылы бұл көрсеткіш- 1383 түлек (25,73 %) болды.

Білім грантын иеленуге конкурсқа қатысуға шекті деңгейден өте алмағандар саны 1059 түлек немесе 23,92% , республикалық бұл көрсеткіш- 36,8% (2011 жылы шекті деңгейден өтпегендер саны-347 немесе 6,4%).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасының ІІІ облыстық кезеңіне 404 оқушы қатысты. Облыстық кезеңде облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Орал қаласы, Ақжайық, Теректі, Тасқала аудандары оқушылары жақсы дайындықтарын байқатса, Бөкей ордасы, Қаратөбе, Сырым, Жәнібек аудандары оқушыларының дайындық деңгейлері төмен болды.

Республикалық кезеңге 58 оқушы қатысып, 29 оқушы жүлделі орынға ие болып, қоғамдық- гуманитарлық және жаратылыстану-математика пәндері бойынша облыс жалпы командалық есепте 2-ші орынды иеленді. Жүлдегерлердің 22-сі немесе 75,8%-ы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары (дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфулллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені-6 оқушы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-интернаты-3 оқушы, облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-интернаты-13 оқушы) болды. Сонымен қатар жеңімпаздар қатарында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушыларымен бірге Ақжайық ауданы Қ.Байсықов атындағы орта мектептің оқушысы Е.Горбунова (орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні, мұғалімі Б.Избасарова), Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің оқушысы Н.Муратова (қазақ тілі мен әдебиеті пәні, мұғалімі С.Батырова) , Орал қаласы №9 орта мектеп оқушысы А.Гиниятова (орыс тілі мен әдебиеті пәні, мұғалімі Л.Петрук), Орал қаласы №21 орта мектеп оқушысы Н.Кулжановалар (биология пәні, мұғалімі Н.Парфенова) болды.

2012-2013 оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің құзырына берілді. 2012-2013 оқу жылының І жарты жылдығында облыс бойынша аттестаттаумен 39 жалпы білім беретін мектептер, 16 мектепке дейінгі ұйымдар қамтылуы тиіс болса, 2012 жылдың 25 желтоқсанына дейінгі аттестаттау жұмыстары өткізілген 39 мектептің 19- ы (48,7 %), 16 мектепке дейінгі ұйымның 10-ы (62,5%) аттестатталды. Мектептердің аттестататталмауының негізгі себептері оқу жоспарын құру барысында мемлекеттік стандарттың орындалмауы, зертханалық жұмыстардың орындалмауы және білім сапасының төмен болуынан. Сонымен қатар аттестаттау кезінде мұғалімдердің жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолданбауы және пәндер бойынша маман емес педагогтардық сабақ беру фактілері де орын алды. Бұл жағдай аудандық әдістемелік кабинеттердің мектептердегі білім сапасын көтеру мен педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған әдістемелік көмек көрсету жұмыстарының жеткіліксіздігін және аудандық білім беру бөлімдері тарапынан мектепшілік бақылау-басшылық жұмыстарына тиісті бақылаудың төмендігін көрсетіп отыр.


Қосымша білім беру мен тәрбие жұмысы
Облысымызда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларға өз қалаулары, мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына қарай көркем және техникалық шығармашылықтарын дамытуға, туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық жұмыспен айналысуға, спортпен және зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға жағдай жасалды. Осы мақсатта бүгінгі таңда 56 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, оларда 48 288 оқушы қамтылған, бұл барлық оқушылар санының 55%-ы, сонымен бірге облыстағы спорттық мектептерде, аула клубтарында оқушылардың 83 %-ы қамтылып отыр, өткен оқу жылына қарағанда 9% -ға көп. Республикалық көрсеткіш 22,9 %.

2012 жылғы қаңтар айында Сырым ауданында туризм және экология орталығы жұмыс істей бастады.



Балаларды қамту үрдісі аудандық жерлерде 48%-ды құрайды, былтырға қарағанда 3 779 балаға немесе 10,6%-ға көп. Тасқала (91,7%), Ақжайық (91,5%), Зеленов (82 %) аудандарында қамтылған пайыз жоғары болса, Қаратөбе (22,6 %), Жәнібек (23%) аудандарында және Орал қаласында (26,6 %) қамту пайызы төмен.

Қосымша білім беру орталықтарының қызметі оқушылардың халықаралық және республикалық конференциялар, көрмелер, байқаулар мен фестивальдарда бақтарын сынап, үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндіктер туғызады. Ағымдағы жылғы жетістіктерді алатын болсақ, республикалық «Тұрақты дамудағы экологиялық білім бойынша балалардың бизнес-жобасы» атты байқауында облыстық экологиялық-биологиялық орталығы (директоры Ф.Г.Кержикова) Гран-при жеңіп алды. «Жастар шығармашылығы-2011» республикалық форумының қорытындысы бойынша Казталов ауданы Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Дисәлі Асланбек (жетекшісі Қ.Сармалаев) 1-орын алса, осы мектептің 8-сынып оқушысы Молдаш Шыңғыс (жетекшісі Қ.Сармалаев) 3-орынға ие болды. Қазақстан құрама командасымен Дисәлі Асланбек «Ғылымға бастау» ХІV халықаралық оқушылардың ғылыми-техникалық конкурсына қатысып, жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Халықаралық балалар көркем шығармашылығы көрмесінде облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Джумагалиева Амира (жетекшісі М.Т.Назиров) алтын медальді жеңіп алды. Республикалық VIII Ұлттық Дельфий ойындарында «Эстрадалық ән салу» аталымы бойынша № 7 ЖББОМ оқушысы Шин Алексей (жетекшісі Л.Драчкова), «Фотография» аталымы бойынша Ақжайық ауданының балалар шығармашылығы орталығының үйірме мүшесі Тажқұранов Мейірбек (жетекшісі С.Абулхайров), «Қолөнер» аталымы бойынша С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Елеусін Елебек (жетекшісі Ж.Нығметов) «Алтын медальге» қол жеткізді, №1 балалар музыкалық мектебінің оқушысы Сидарович Мария (жетекшісі С.Вастьянова) «Фортепиано» аталымы бойынша және Бөрлі ауданы саз мектебінің оқушысы Балписов Қуаныш (жетекшісі Н.Сажко) «Баян» аталымы бойынша «Күміс медальге» қол жеткізіп, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылының жас термешісі Айтуған Нұрәлі (жетекшісі Ж.Ғайнеденов), № 3 балалар саз мектебінің оқушысы Константинов Леонид (жетекшісі С.Прокофьева) «Скрипка» аталымы бойынша «Қола медальді» иеленді. 46-республикалық жас музыканттар байқауында Теректі ауданы №3 БСМ ұлттық аспаптар оркестрі (жетекшісі Е.Нұрымбетов) қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықласына бөленіп, Гран-при иегері атанды.

Балаларды қосымша білім беру арқылы дамытуда өзекті мәселелердің бірі - қосымша біліммен қамту деңгейінің Бөкей орда (28,4), Жәнібек (19,7), Зеленов (20), Сырым (25), Бөрлі (23,7) аудандары мен Орал (26,7) қаласында төмендігі, сонымен қатар, орталықтар желісінің Казталов ауданында аздығы: облыстың 11 ауданында қосымша білім беру орталықтарының желісі - 3, 4, 6 бірліктен, ал Казталов ауданында. 2 бірлік қана (мектептен тыс жұмыс және туризм орталықтары). Облыстағы 19 саз мектептерінің, 4-еуі Орал қаласында, 3-еуі Теректіде, ал Ақжайық, Зеленов аудандарында 2 мектептен болса, Казталов ауданында балалар саз мектебі жоқтығынан баллаардың саз, эстетикалық қосымша білім алуына толыққанды жағдай туғызылмаған.

Проблемалық мәселелердің бірі қосымша білім беру орталықтарының материалдық-техникалық базасының төмендігі: типтік үлгiдегi ғимараттарда барлығы 6 орталық орналасқан, 50-і бейімделген ғимараттарда, орталықтардың материалдық жабдықталуы - 60%, кiтапханалық қор 3601 бiрлiкті құрайды. Қосымша бiлiм ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуде де проблемалар бар: орталықтарда барлығы 1571 педагог қызмет етеді, соның 1333-інің педагогикалық білімі болса, 235-і кәсіптік білімі бар педагогтар, 23 маманға (Бөрлі, Бөкей ордасы, Сырым, Тасқала аудандарында) жетіспеушілік болып отыр.

Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында әрбiр елдi мекенде, ауданда, мекемеде, оқу орындарында спортты дамыту, сабақтан тыс жұмыстар мен дене тәрбиесі секцияларын көбейту туралы баяндалған. Тапсырманы орындау мақсатында облысымыздағы мектептерде 443 спорт алаңы, 268 спорт залдары, 133 гимнастикалық залдар қызмет атқарады. Облыста 1378 спорттық секцияларға 27 376 оқушы, барлық оқушылардың 31,3%-ы қатысады. Спорттық секцияларға тарту бойынша жоғары көрсеткіш Бөкей ордасы, Қаратөбе, Теректі және Шыңғырлау аудандарында, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов аудандарында бұл көрсеткіш төмен.



Елбасының тапсырмасымен оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Облыс мектептерінде 15 578 оқу озаттары, облыстық, республикалық шығармашылық, ғылыми-байқаулардың, жобалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары «Жас ұлан» қатарына қабылданды.

Құқықтық мәдениетті, салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыруда қабылданып отырған шараларға қарамастан, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін суицид, нашақорлық, токсикомания, алкоголизм, құқық бұзушылық мәселелері өзекті.

Кәмелетке толмағандардың бақылаусыздығы мен панасыздығын болдырмау жөніндегі алдын-алу жұмысын күшейту, оларға дер кезінде дағдарысты жағдайдан шығуына және одан әрі өмірін орнықтыруға әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету мақсатында «БҚО білім беру басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылды. Ағымдағы жылғы 10 айда аталған орталықта 86 кәмелетке толмағандар болды (олардың ішінде 37-сі қадағалаусыз қалғандар, 49-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, осы балалардың 35-і ата-анасына қайтарылды, 31-і ата-аналары құқықтарынан айырылуына байланысты балалар үйлеріне жіберілді, 4-уі қамқорлыққа алынды).

Облыстық наркология орталығының мәліметі бойынша 50 кәмелетке толмағандар есепке алынып тіркелген (өткен жылғы 9 айда 91 кәмелетке толмағандар), оның ішінде 22-сі есірткі және психотроптық заттарды пайдаланғаны үшін, 28 балалар мен жасөспірімдер ішімдікпен тіркелген (2011 жылы 36 есірткі және психотроптық заттарды пайдаланғаны үшін, 55 ішімдік ішкендіктен тіркелген).



ІІД мәліметі бойынша 2012 жылдың 10 айында 2011 жылмен салыстырғанда кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс 27,1%-ға азайған (2011 жылы - 188 факт, 2012 жылы – 137). Мектеп оқушылары арасындағы қылмыс фактілері 37%-ға кеміген. Қылмысқа қатысқан кәмелетке толмағандар саны да 37%-ға кеміген (2011 – 197, 2012 – 124).
Инклюзивті білім беру
2011 – 2020 жылдардағы Мемлекеттік бағдарламаны орындауда, инклюзивті білім беруді дамытуда біраз жұмыстар жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды және мүгедек балаларды жалпы білім беру ортасында «қауіпсіз аймақпен» қамтамасыз ету 129 жалпы орта білім беретін мектепте құрылды, бұл барлық санның 31,3 % - ы және былтырғы жылдың қазіргі уақытымен салыстырғанда 46 бірлікке артық.

2012 жылы жалпы орта білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту 29 бірлікке артты, яғни 128 мектепте, бұл барлық санның 31 % - ын құрайды.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі 60 түзете-дамыта оқыту сыныптарында 336 оқушы, бұл былтығы оқу жылымен салыстырғанда 26,8 % - ға артық. Түзете дамыта оқыту сыныптарының саны 15 бірлікке көбейді (33%)

Арнайы сыныптар мен логопедиялық пункттер ашуға мүмкіндігі жоқ, бірақ 10 және одан да көп мүмкіндігі шектеулі балалары бар 51 мектепке дефектолог бірлігі енгізілді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 37 бірлікке артық.

Балаларды инклюзивті біліммен қамту 13,7 % -ға көбейіп, мектеп жасындағы барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың 42,6 % -ын құрады.

Дамуына арнайы қолдау қажет мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті біліммен қамту 46 %.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктірген балабақшалар саны 36 бірлік (қалада – 15, ауылда – 21)

Арнайы топтары бар балабақшалар 45 % , ондағы тәрбиеленушілер 42 %. Қазіргі уақытта 16 арнайы топтардағы мектепке дейінгі біліммен және түзетумен 159 бала қамтылған.

Психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемелері (3), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (11) саны еш өзгеріссіз қалды.

Облыстағы арнайы білім беру саласында тіл мүкістігі бар 1443 оқушымен қамтылған 50 логопедиялық пункт бар. (2011 жылы 1431 оқушымен қамтылған 49 логопункт) Осы жылы 1 бірлікке көбейді.

Арнайы түзету мектептері еш өзгеріссіз 3 бірлікті құрайды. Арнайы түзету мектептерінде 534 оқушы ( № 15 көмекші мектеп-интернатта - 294, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатта 116, есту және сөйлеу қабілетінде бұзылысы бар балалар мектеп-интарнат кешенінде 124 оқушы)

Облыстағы инклюзивті білім беруді дамытуда 2 негізгі қиындық туындап отыр:



  1. Арнайы сыныптарды ашу мен педагог-дефектолог бірлігін енгізуде жағдайдың жоқтығы ( балалар әр түрлі жасты, даму деңгейлерінің әртүрлілігі, педагог-дефектолог бірлігін енгізуге оқушылардың жетіспеушілігі)

  2. Кадрмен қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы, себебі облыстағы ешбір оқу орны арнайы педагогтарды (логопед, дефектолог) дайындамайды.

Бұл қиындықтарды шешу Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығы мен Самара түзету педагогикалық институтымен келісім шартқа отыру арқылы шешілуде.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау
Облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 537 бала тұрады, өткен жылмен салыстырғанда 114 балаға кем.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің саны 2011 жылмен салыстырғанда 9 %-ға және 2010 жылмен салыстырғанда 33%-ға кеміді.

2013 жылдың 1 қаңтарында кәмелеттік жасқа толмаған қорғаншылық (қамқоршылық), патронат тәрбиесіндегі балаларға және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 161 тұрғын үй бекітілген.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан 1059 бала кезекке қойылған, оның 314-і балалар үйінің тәрбиеленушілері және 745-і қабылдаушы отбасының балалары. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үй кезегіне тұрған жалпы бала саны екі есеге артты (2011 жыл -541)

2012 жылы балалар үйінің 51 түлегі тұрғын үй алса, оның 17-сі «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде тұрғандар.

Қазіргі таңда қорғаншылықтағы (қамқоршылық) 857 балаға жәрдемақы тағайындалған, қорғаншылық және қамқоршылық органы және балалар үйінің әкімшілігі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан және қабылдаушы отбасындағы балалардың 12 ата-анасынан алимент өндірді, сонымен қатар 35 баланың мүддесіне орай ата-аналарынан ата-аналық құқықтарынан айыру мезгілінде алимент өнідірліген.



Жазғы демалыс
2012 жылы жазғы кезеңде 1-10-класс оқушыларының жалпы санынан 60 098 оқушы немесе 72,8%–ы түрлі лагерьлерде демалыспен қамтылды (2011 жыл 58 573 оқушы немесе 69,7%).

Облысымызда 15 стационарлық балалар сауықтыру лагері қызмет істейді (2011 жыл-14, 2010 жыл-13). Ең ірі үш стационарлық лагерьде күрделі жөндеу жүргізілді («Еуразия», «Дарын», «Атамекен»).

Оқушылардың стационарлық лагерьлерде демалыспен қамтылуы 1-10-класс оқушыларының жалпы санынан 6154 адамды немесе 0,7% -ды құрады.

Мектеп жанындағы лагерьлер желісі саны жағынан лагерьлердің басым бөлігін құрайды. Ағымдағы жылы 346 мектеп жанындағы тамақтану ұйымдастырылған лагерьлерде 40 873 оқушының (49,5%) демалысы ұйымдастырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 мыңға артық. Сонымен қатар 119 мектеп жанындағы тамақтануы ұйымдастырылмаған лагерьлер мен алаңдар ұйымдастырылып, олармен 10 574 оқушы (12,8%) қамтылды.

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған, көп блалы отбасының балалары және даму мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысы мен сауықтырылуына ерекше көңіл бөлінді.

2012 жылдың жазғы кезеңінде демалыс және сауықтырылумен аталған санаттағы оқушылардың 74,2%-ы қамтылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2,4% -ға артық.

КТИ-да, мектепішілік бақылауда есепте тұрған және қолайсыз отбасындағы оқушылардың демалысын ұйымдастыру мәселесі бақылауда болды. Жалпы 2012 жылдың жазғы кезеңінде аталған снаттағы оқушылардың жалпы санынан 825 оқушы немесе 89,7%-ы демалыспен, сауықтырылу және жұмыспен қамтылды.

2012 жылы жазғы демалысты ұйымдастыруға 305,5 млн. теңге (2011 жылы 175,7 млн.тг.) жұмсалынды. Соның ішінде 198,3 бюджеттік және 107,2 млн.тг. – бюджеттен тыс қаражат (88,1 млн. тг. – ата-аналар және 14,5 млн.тг. - демеушілік, 4,6 млн.тг - кәсіподақ қаражаты). Жалпы қаржыдан 87,6 млн. тг. күрделі жөндеуге және 1,8 материалдық-техникалық базаны нығайтуға бөлінді.



Кәсіптік білім және кадрларды даярлау
Облыста техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны – 39, оларда 26319 адам оқиды. 2012 жылы облыстағы 20 кәсіптік лицейлер колледждер болып қайта құрылып, колледждер саны 39-ға жетті. Оның 28-і мемлекеттік және 11-і жеке білім беру ұйымдары.

Мемлекеттік тапсырыспен жергілікті бюджет есебінен оқу орындарына 3752 адам (жоспар-3722 адам) қабылданды. Оның ішінде жаңадан 7 мамандыққа даярлық ашылды. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында 802 адам (жоспар-785 адам) еңбек нарығына қажетті мамандықтарға даярлыққа қабылданды. Өткен оқу жылында облыстың техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының күндізгі бөлімдерін 6075 адам бітірсе, соның 3957-сі (65,1 %) жұмысқа орналасты (2011 жылы – 64,3 %), 1425-сі (23,5 %) оқуларын ЖОО-да, немесе колледжде жалғастыруда, армия қатарына алынғаны 198 адам (3,3 %), жұмысты қажет ететіні – 525 адам (8,6 %).

2012 жылы Республикалық бюджет есебінен 125 млн теңге бөлініп, оған 5 оқу орны жаңа оқу жабдықтарымен жасақталып, бұл оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын заманауи жабдықтар, интерактивтік тренажерлер көмегімен бекітуге мүмкіндік берді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 466 инженер-педагог қызметкері біліктілік арттыру курстарымен қамтылды. Оқытушылар мен өндіріс оқыту шеберлері өз кәсіби даярлау деңгейлерiн облыстық, республикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының базасында, сондай-ақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы ТжКББ жүйесі педагогикалық қызметкерлерiнiң біліктілігін арттырудың Өңіраралық орталығында жетілдірді.

Жыл ішінде 18 облыстық семинар, 2 ғылыми-практикалық конференция, 1 форум, 2 ғылыми-техникалық оқулар, олимпиадалар және кәсіби шеберлік байқаулары өткізілді. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде соңғы жылдары болып жатқан сапалы өзгерістер нәтижесінде педагогикалық қызметкерлер мен оқушылар түрлі республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Кәсіптік лицей мен колледж оқытушылары арасында «Үздік педагог» облыстық байқауында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің оқытушы Г.К. Жусупкалиева жеңiмпаз атанды.

Кәсіби білім беру ұйымдары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыздандырудың маңызды факторы түлектердің кәсіби даярлығы сапасын бағалау болып табылады. Ағымдағы жылғы түлектердің кәсіби даярлық деңгейін бағалау 49 мамандық пен 76 жұмысшы біліктілігі бойынша 15 колледж бен 19 кәсіптік лицейде 5067 адамды қамтумен жүзеге асты.

Теориялық тестілеу мен практикалық жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша сәйкестік сертификаттарын 4662 адам алды немесе қатысушылардың жалпы санынан 92,0% (2011 жылы – 81,4%).

Облыстың 4 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жыл ішінде мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді. Аттестаттаудан өткен 3 мемлекеттік колледждердің 2-і тиісті дәрежеде жұмыс деңгейін көрсетіп (Бөрлі ауылшаруашылық колледжі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжі), аттестаттаудан өтсе, 1-уі (Тасқала колледжі) аттестаттау рәсімінен өте алмады. Оқушылардың кәсіби даярлығына жүргізілген білім кесіндісі нәтижесінде 68 оқушының 30 ғана (44,1%)тиісті білім деңгейін көрсетсе, 38 оқушы (55,9%) межелік деңгейден өте алмады. Арнаулы пәндер оқытушыларының кәсіби білімі мен теориялық даярлығы төмен болуы салдарынан, оқушылардың арнаулы пәндерден теориялық білімдері де төмен болып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік емес білім беру ұйымы – Жоғары техникалық мектеп те аттестаттаудан өтпеді. Бұл оқу орнында білім деңгейін бағалауға 220 оқушы қатысса солардың 86-і (39,1%) межелік деңгейде білім көрсете алмады. Оқу орнының материалдық-техникалық базасы талап дәрежесінен кем.

Облыста техникалық және кәсіптік білімді дамыту мен кадрларды даярлау жөніндегі Өңірлік кеңес құрылып, қызмет етуде. Бұдан басқа, техникалық және кәсiби бiлiм беруді дамыту, бизнес пен білім берудегі әріптестікті нығайту мақсатында 9 салалық кеңестер жұмыс жасайды. Өңірлік кеңестің отырыстарында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды жақсартудағы жұмыс берушілер мүмкіндіктерін анықтау, оны жүзеге асыру жолдарының мәселелері талқыланды.

Еңбек нарығына лайық білікті мамандарды даярлауға дуальдық жүйенің элементтерін енгізу қажеттілігіне арналған Теміртаулық форум ұсынбасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында облыста оқытудың дуальды жүйесінің элементтерін енгізу үшін мамандықтар мен базалық кәсіпорындар, оқу орындарының Тізбесі даярландып, 2012-2013 оқу жылынан бастап дуальді жүйемен оқыту 7 колледжде еңгізілді. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2012-2013 оқу жылында Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында мүмкіндігі шектеулі жастар үшін «Техник-бағдарламашы» мамандығы ашылып, аталған мамандық бойынша 8 адам оқып жатыр.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бойынша
2012 жылы облыс мектептерінің компьютерлік техникамен жабдықталу көрсеткіші 92 компьютерге азайып, 9260 компьютерді құрады, оның 1816-сы ауыстыруды қажет етеді. 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны ауытқымай, орта есеппен 1 компьютерге 9 оқушыны құрады (ескірген компьютерлерді есептемегенде 1 компьютерге 12 оқушыдан келеді), соның ішінде қала бойынша - 15, ауыл бойынша - 7 оқушы.

Облыс колледждерінде 2056 компьютер бар, соның ішінде 247 компьютер ауыстыруды қажет етеді. 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны орта есеппен 1 компьютерге 10 оқушыны құрайды (ескірген компьютерлерді есептемегенде 1 компьютерге 11 оқушыдан келеді).

Жалпы білім беретін мектептердегі мультимедиялық-лингафондық кабинеттердің саны 2 бірлікке артып, облыстың 215 мектебіне 222 кабинетті құрап отыр. Бұл мектептердің жалпы санынан 52,2 пайызды құрайды.

Облыстың 141 мектебі интерактивті кабинеттермен жабдықталған, соның ішінде 69 мектепте бес кабинеттен орнатылған (екі әмбебап және үш физика, химия және биология пәндері кабинеттері).

Мектептердегі интерактивті тақталардың саны (интерактивті және мультимедиялық-лингафондық кабинеттерді қоса есептегенде) 76 бірлікке көбейіп, 733 тақтаны құрады.

Интернет желісіне облыс мектептерінің 100 пайызы қосылған. Кеңжолақты Интернет желісіне ADSL технологиясы бойынша 512 кбит/с жылдамдықпен қосылған жалпы білім беретін мектептер саны 11 бірлікке артып, 123 мектепті немесе мектептердің жалпы санынан 30 пайызды құрады.

Сонымен бірге, келесі проблемалар туындап отыр:

- облыс мектептерінде біртіндеп есептен шығарылған немесе біртіндеп есептен шығарылу үрдісіндегі ескірген компьютерлік техникалар бар (1998 – 2004 жылдары жабдықталған);

- мектептердің Интернет желісіне 100 пайыз қосылғанына қарамастан, іс жүзінде Интернет мектептердің 50 пайызында ғана қолданылып отыр. Дерек беретін телефон желілері сапасының талап етілетін параметрлерге сәйкес келмеуіне байланысты, Dial-up технологиясы бойынша қосылған мектептерде Интернет желісімен жұмыс жасау мүмкін емес.

Аталған мәселелердің шешімі ескірген компьютерлерді ауыстырған жағдайда табылады, бұл жалпы сомасы 181080 мың теңгеге 1509 бірлік компьютерлік техника сатып алу, сондай-ақ, мектептерді кеңжолақты Интернет желісіне қосу қажеттігіне әкеліп соғады. Осыған байланысты, «Қазақтелеком» АҚ-мен бірге мектептерді кеңжолақты Интернет желісіне қосу және өткізу қабілеттілігін 4-тен 10 Мбит/сек-ке дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2012 жыл ішінде келесі негізгі бағыттар бойынша іс-шаралар атқарылды: ақпараттық технологиялардың қолданылуымен облыстық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, АКТ-ны қолдану бойынша мұғалімдермен әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандырылу, «Интерактивті қосымша білім беру» жобасын енгізу, білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу.

«Сабақтарда АКТ-ны қолдану» тақырыбында пәндер бойынша әдістемелік семинарлардың циклі ұйымдастырылды. Семинарлар «Мұғалімнің әдістемелік портфолиосын қалыптастыру», «Биология сабақтарында АКТ-ны қолдану», «Химия сабақтарында АКТ-ны қолдану», «Бәйтерек бағдарламасын оқу үрдісінде қолдану», «Пифагор бағдарламасын оқу үрдісінде қолдану», «Оқу үрдісінде АКТ-ны тиімді қолдану» тақырыптарында жүргізілді.

Ұйымдастырылған әдістемелік семинарлар мұғалімдердің қатысу көрсеткішінің белсенділігін, мазмұны мен өткізілу формасы жағынан өзінің қажеттілігін көрсетті. Сондықтан, үстіміздегі жылы семинарлар тақырыбын кеңейтіп, шалғай аудандардың жағдайын ескере отыра көшпелі семинарларды жергілікті жерлерде немесе он-лайн режимінде өткізу қажет.

Жұмыс жоспарына сәйкес «Туған өлке», «Үздік интернет-ресурс», «Үздік оқу-әдістемелік кешен», «Интерактивті құрылғы қолданылатын үздік әдістемелік әзірлеме» «Infoman» интеллектуалдық компьютерлік турнирі, «Мультимедиялық жобалар фестивалі» облыстық байқаулары ұйымдастырылып, өткізілді.

Жүргізілген байқауларды талдау нәтижелері байқауға қатысқан жұмыстар сапасының жылдан-жылға артып келе жатқандығын көрсетті. Дегенмен, аудандық деңгейде өтетін сайыстардың өз дәрежесінде өтпейтіндігі аңғарылады. Оған дәлел жекелеген конкурстық жұмыстардың байқау ережелеріне сай келмеуі болып табылады. Сондықтан жарияланған байқаулардың аудандық деңгейде ұйымдастырылуына әдістемелік көмек көрсету қажет.

Жыл бойы білім беру ұйымдарына интерактивті оқыту жүйелерін енгізу және жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын жүзеге асыру шеңберінде «Интерактивті қосымша білім беру» Интернет-жобасы жасалды.

Интерактивті оқыту және он-лайн сабақтарды ұйымдастыруға көмек ретінде «Интерактивті оқытуды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар», «Он-лайн сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық» әзірленді. Физика пәнінен оқу бағдарламасына компьютерлік модельдеуге байланысты практикалық жұмыстар енгізілуіне байланысты «Компьютерлік модельдеуге байланысты практикалық жұмыстарды ұйымдастыру» әдістемелік құралы өңделді. Сонымен қатар, модельдеудің бағдарламалық қамсыздандырылуы жинағы жасалды.

Оқушыларды Интернет желісіне тиімді, әрі қауіпсіз қатынаумен қамтамасыз ету үшін «Жалпы білім беру мекемелерінде интернетті қолдану қауіпсіздік ережелері» дайындалды.

Қашықтан оқыту және мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «Қазіргі сабақтарды жобалау» атты виртуалды сабақтар циклі ұйымдастырылды. Бұл сабақтар облыстық ақпараттандыру орталығының www.ashyk-sabak.kz сайты арқылы жүргізіліп, облыстың барлық мұғалімдеріне қолжетімді болды. Виртуалды сабақтардың мазмұнына баса назар аударылып, интерактивті бейнероликтердің мүмкіндіктері сынақтан өткізілді.

Жүргізілген жұмыс талдауы аталған бағыттағы жұмыстарды дамыту қажеттігін көрсетті. Виртуалды сабақтар мен оқу телеарнасының техникалық және бағдарламалық қамсыздандырылуын жетілдіре отырып, оларды іс-тәжірибеге енгізу қажет. Он-лайн режиміндегі шаралардың мүмкіндіктерін және қолжетімділігін арттыру мақсатында медиа-сервер орнату көзделіп отыр. Осы медиа-сервер базасында интерактивті оқу-телеарнасын ұйымдастыру жоспарлануда. 2013 жылға арналған жұмыс жоспарына ай сайынғы виртуалды сабақтар мен интернет телеарнасы хабарларының бағдарламасы енгізілді.


Білім саласын қаржыландыру.
Еліміздегі әлеуметтік – экономикалық жаңару облыстың білім беру жүйесіне оң әсерін тигізуде. Басымды бағыттар бюджеттік қаржыландыруда, жыл сайын қаржының көбеюі білім берудің барлық деңгейі мен бағыттарына қолжетімділігін және сапасын артыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Облыстың жалпы бюджетінің білім беруді қаржыландыру көлемі 33,6%-ды құрайды. 2012 жылы облыста білім берудің нақтыланған бюджеті 38,1 млрд. теңгені құрады. 2011 жылмен салыстырғанда бюджеттің жалпы сомасы 5,7 млрд. теңгеге көбейген. Бұл облыстық білім беру ұйымдарының құрлымын және желісін дамытуға, оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді

Облыстың білім беру бюджеті 8634,8 млн. теңгені немесе облыс білім беру бюджетінің 22,8%-ын құрайды.

Облыстық бюджеттен тәрбиеленушілердің жалпы санынан, бюджет шығындарының функционалдық классификациясының 12 бағдарламасы бойынша 25,4 мың адамды қамтыған 60 білім беру ұйымы, оның ішінде 27 мемлекеттік мекеме, 33 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын қаржыландырылады.

Білім басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында ғимараттардың жағдайын, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және құрылыстар, оқушы орын тапшылығын жою, облыстың білім беру жүйесін қажетті кадрлармен және материалдық-техникалық ресурстармен қамту, даярлау бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Облыстың жалпы орта білім беретін мектептері бойынша 1 оқушыны ұстаудың орташа шығыны 255,0 мың теңгені құрады.

Облыстың колледждері бойынша 1 оқушыны ұстаудың орташа шығыны 352,0 мың теңгені құрады.

2013 жылы БҚО ББ-ның Стратегиялық жоспарына және Аумақтарды дамыту Бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен 9820,3 млн.теңгеге іс-шаралар жоспарлануда, оның ішінде:



  • 8 білім беру нысанының құрылысына – 1372,6 млн.теңге;

  • 90 білім беру нысанын күрделі жөндеуге – 6766,6 млн.теңге;

  • жалпы білім беретін мектептерді спорттық жабдықтармен жабдықтауға 351,8 млн.теңге;

  • жалпы білім беретін мектептерде ыстық тамақты ұйымдастыру үшін технологиялық жабдықтармен жабдықтауға – 832,4 млн.теңге;

  • 11 жалпы білім беретін мектепке оқушыларды тасымалдау үшін автокөлік алуға – 57,9 млн. теңге.

  • тузеу білім беру ұйымдарын арнаулы жабдықтармен қамтуға – 20,9 млн.теңге;

  • арнаулы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға -12,7 млн.теңге;

  • кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға -45,0 млн.теңге;

  • білім беру ұйымдарын компьютерлермен жабдықтауға – 181,1 млн.теңге;

  • жалпы орта білім беретін мектептерді медициналық жабдықтармен қамтуға – 179,0 млн.теңге.


Бухгалтерлік есеп, есептілік және мемлекеттік сатып алуларды жүргізу:
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес және білім беру нысандарын күрделі жөндеу, олардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

№1, №6, №15 кәсіптік лицейлердің, «Ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК және «Ақжайық агротехникалық колледжі» МКҚК шеберханалары мен зертханалары үшін оқу құрал-жабдықтарын, химия кабинеттерін сатып алуға арналған материалдық базаны нығайтуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді.

Химия кабинеттерін сатып алуға мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурсты ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізді, 30.11.2012 ж. жағдай бойынша барлық кабинеттер толық жеткізілді.

Ағымдағы жылы ұйымдастырушы ретінде Басқарма 8,5 млн.теңгеге «№19 КЛ» ММ қазындығының ғимаратын күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізді.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңына сәйкес барлық мекемелер тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатып алуды Веб-портал арқылы жүргізеді, бұған тек сатып алу көлемі 2000 есептік көрсеткіштен кем түзету кабинеттері ғана қатыспайды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Есеп комитетінің қызметкерлері білім басқармасында және таңдау арқылы ведомствоға бағынысты мекемелерде тексеру жүргізді, қорытындысында Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша 1,4 млн.теңге сомасында республикалық трансферттердің қайта қаржыландырылғаны және 860,0 мың теңгеге күрделі жөндеу бойынша жұмыстың орындалмаған көлемі анықталды. Аталған дәйектер бойынша тәртіптік жаза қолданылды, сомалар бюджет кірісіне қайтарылды.

Қаржыны толық және мақсатты игеру, мемлекеттік сатып алулар рәсімін сақтау, жеткізушілермен жасалған шарттардың барлық тармақтарын орындау, бухгалтерлік есепті нормативтерге сәйкес жүргізу мәселелері бойынша басшылармен және бас бухгалтерлерімен кеңестер өткізілді.

Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында көбінесе бір ғана бұзушылықтар қайталанады, жеткізуші шартты тиісінше орындамаған кезде сот органдарына талап-шағым уақытылы ұсынылмайды.

Аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы облыстың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды, барлық деңгейлер мен сатыларға білімнің қол жетімділігі мен сапа деңгейінің көтерілуіне жағдай жасалды.
Педагогикалық кадрлар
Облыстағы білім беру мекемелерінде 20655 педагог қызметкер жұмыс жасайды, өткен жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру ұйымдарындағы қызметкерлер санының көбеюі есебінен педагогтар саны 538 адамға өскен. Мектептегі педагогтардың жалпы санынан жас мамандар үлесі 3,1% немесе 367 адамды құрады.

Жоғары білімді педагогтар саны 16309, яғни 78,9%-ды құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артқан. Облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінде 11793 мұғалім, оның ішінде 10046-сы жоғары біліммен жұмыс жасайды, бұл 85,1% -ды құрайды (республикалық көрсеткіш 87,4%). Облыстық көрсеткіштерден жоғары педагог кадрлардың сапалық құрамы Облыстық мектептерде (95,6%), Орал (89,2%), Ақсай қалаларында (88,1%) және Ақжайық (82,1%), Сырым (81,9%) аудандарында жоғары болып отыр.

Жоғары және бірінші санатты педагог қызметкерлердің үлесі 38,9% немесе 8045 педагогты құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 139 педагогқа көп. Жалпы орта білім беретін мектептерде жоғары және бірінші санатты педагог қызметкерлердің үлесі 48,1%-ды құрайды (республикалық көрсеткіш 45,9%).

Мектептердегі педагогтардың орташа жасы -43. Облыстағы мектептерде жұмыс жасайтын педагог-зейнеткерлер саны -200, бұл жұмыс жасайтын педагогтардың жалпы санының 17%-ын құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілер, мұғалімдер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы қызметшілердің барлығы бірдей жоғары педагогикалық білімді емес.

Қазақ мектептеріндегі орыс тілі және әдебиеті, математика, физика, информатика және химия т.б. пәндер мұғалімдеріне қажеттілік бар. Мұғалімдердің жетіспеушілігіне байланысты ҚР Білім және ғылым министірінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» Теректі, Ақжайық, Жаңақала, Қаратөбе аудандарының кейбір мектептерінде орындалмай пәндерді маман емес педагогтардың жүргізу жағдайлары орын алып келеді. Бұндай жағдайлар балалардың оқу деңгейіне, білім сапасына кері әсерін тигізеді.

Білім беру ұйымдарын педагогикалық кадрлармен қамту бойынша нақтыланған жұмыстар жүргізілуіне қарамастан, қазіргі таңда, әсіресе, ауылдық мектептерге 126 маманға сұраныс туындап отыр.

Мұғалімдер отбасында тұрғын үй жағдайларының жақсару бағыттары байқалады. Атап айтқанда, 2012 жылы Ақжайық (14 педагог), Зеленов (3), Шыңғырлау (2), Қаратөбе, Тасқала және Жәнібек аудандарына (1-ден) пәтер берілді. Жас мамандардың қалауы бойынша үй алуға жеңілдікпен несие беріледі. 2012 жылдың 9 айында 41 педагогқа тұрғын үй алу үшін несие берілді және бұл жұмыс жалғасын табуда. 2012 жылдың 9 айында 221 жас маманға көтерме төлемақы төленді. Өкінішке орай, тек Бөрлі ауданында ғана ауылдық жерлердегі мұғалімдер коммуналдық қызметтермен қамтылғанын атап айтуға болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №394 қаулысына сәйкес «Үздік педагог» атты облыстық байқау оздырылды, байқаудың жеңімпаздары: Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернатының мұғалімі Мынбаев А.А., Ақжайық ауданындағы К.Байсықов атындағы ЖОББМ мұғалімі Ізбасарова Б.С., Орал мұнай, газ салалық технологиялар колледжінің оқытушысы Жүсіпқалиева Г.К. Бұл педагогтар «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары болды. Аталған педагогтар ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан «Үздік педагог» медалі, сертификат және 1 618 000 теңге көлемінде ақшалай үстемақы табысталды.

Елбасы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың негізгі міндеттерін айқындап берді. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында педагог мәртебесін көтеру атап көрсетілген.

Жаңа құрылым арқылы - Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы және «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты арқылы мұғалімдер үшін біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізілуде.

3-ші базалық деңгейліктің үш айлық бағдарламасы бойынша 46 педагог Педагогикалық шеберлік орталығында және 110 педагог ««Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында біліктілігін көтерді.

156 педагог біліктілік емтиханын тапсырып, біліктіліктің үшінші деңгейін меңгергені туралы сертификаттар алды, яғни 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еңбекақысына 30 % қосымша ақы төленуде.

Облыста 190 педагог Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында 3 деңгейлік курстан өтуде.

Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалы базасында PASCO компаниясының қатысуымен пәндерді (физика, химия, биология) оқыту әдістемелерінің элементтері қосылған 3 деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курсынан облыстың 3 педагогы (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернатынынан -2, Орал қаласының №6 ЖОББМ -1) өтуде.

2012 жылы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы базасында 3500 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Сонымен қатар, біліктілігін арттыру курсынан өту жоспары Жәнібек ауданында, облыстық мектептерде және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында орындалмаған.

Директор – бұл мектептің келбетіне, мектептің тынысына, мектептің бейнесіне жауапты адам: инновациялық үрдістер жүргізіле ме, авторлық мектеп болып табыла ма және қаншалықты бала денсаулығына әсер етеді.

Облыстағы жалпы орта білім беретін мектептердің директорларының орташа жасы-41. Мектеп директорларының орташа педагогикалық өтілі 5 жылды құрайды. Мектеп директорларының жиі ауысу жағдайлары орын алып отыр. Егер 2011 жылы жұмыс жасап отырған лауазымынан әр түрлі себептермен босатылғандар -29, ал 2012 жылы - 64 мектеп директоры. Екі жыл ішінде ең көп ауысқан Ақжайық және Казталов аудандарында (11 басшыдан), Тасқала, Теректі және Зеленов (10), Қаратөбе және Бөкей ордасы аудандарында (8).

Бір мамандық бойынша мектеп әкімшілігі мүшелерінен басшы болғандар да бар, мысалға Орал қаласында (32 мектепте), Ақжайық (17), Бөрлі (8) және Бөкей ордасы (4) аудандарында.


Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
Жұмыстардың маңызды бағыттары басқару жүйелерін жетілдіру болып табылады. Аудандық білім беру бөлімдерінің қызметтерін талдауда басқарудың тиімділігі тиісті деңгейде еместігі көрінеді. Білім беру ұйымдарының қызметі нашар бақылануда және қабылданған шаралар нашар орындалуда. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдері мектеп ұжымдарының моральді-психологиялық климатын тиісті дәрежеде қадағаламайды.

Бұл маңызды мәселелер екендігін білім басқармасына келіп түскен шағымдар мен өтініштер дәлелдейді. Ағымдағы жылдың 10 айында білім басқармасына жеке тұлғалардан 275 (2011 жылдың 10 айында 167) өтініш, оның ішінде жоғары тұрған ұйымдардан 52-і (2011 жылы 44), заңды тұлғалардан келіп түскен 274 (2011 жылы 224).

Негізгі өтініш берушілердің мәселесі педагогтар мен оқушылар арасындағы кикілжің, бұл білім беру ұйымдары басшыларының заңсыз қызметін көрсетеді: мектепке дейінгі ұйымдарға және мектепке қабылдауда, еңбек өтілін растауда, жұмысқа орналасутыруда,педагогикалық ұжым арасындағы жағымсыз жағдайлар, мемлекеттік қызметке орналасу Ережесін бұзу, Педагогтардың аттестациядан өту Ережесін бұзу туралы мәселелер және т.б. Іс жүзінде бұл мәселелер расталып отыр.

Шағымдардың туындауының бірден бір себебі білім беру бөлімдері меңгерушілері мен білім беру ұйымдары басшыларының көтерілген мәселелерді сол жерде шешуге толық мүмкіндігі бола тұра мәселелерді дұрыс шеше алмауы болып табылады.

2012 жылдың 10 айында тек қана Бөкей ордасы және Қаратөбе аудандарынан шағымдар түскен жоқ.

Шағымдардың ең көбі Орал қаласынан (49), Зеленов (23), Теректі (17), Ақжайық (10) аудандарынан түскен. Түскен шағымдарды талдауда анықталғандай, көбіне азаматтар аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне, жергілікті басшыларына емес, облыстық білім басқармасына жүгінуді дұрыс көреді. Бұл мәселелерді сөзсіз өз орындарында шешуге болады. Аудандық білім беру бөлімдері тарапынан тиісті бақылау болмау себебінен Зеленов ауданындағы Батурин ЖОББМ-нің, Ақжайық ауданындағы Мерген ЖОББМ-нің ұжымынан олардың директорларына қатысты шағым түскен болатын. Білім басқармасымен аталған орындарға барып, шағымда көтерілген мәселе қарастырылды. Іс жүзінде шағымда көрсетілген мәселе расталды. Зеленов ауданындағы Батурин ЖОББМ-нің директорына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылып, Ақжайық ауданындағы Мерген ЖОББМ-нің директоры лауазымынан босатылды.

17 өтініштің Теректі ауданы бойынша 5-уі №1 Подстепный ЖОББМ және 5-уі Ақжайық ЖОББМ бойынша. Азаматтармен көтерілетін мәселелер жергілікті деңгейде уақытында назарға алынбаған. Тек басқарма қызметкерлерінің тексерісінен кейін аталған мәселелер аудандық білім бөлімдерімен бақылауға алынды.

Білім басқармасына түскен барлық өтініштер білім беру сапасын бақылаудың жоқтығынан, ойланбай істеген іс-әрекеттер, білім беру бөлімдері қызметкерлерінің, облыстағы мектептер басшыларының жүктелген міндеттеттерді орындауға немқұрайлы қарауынан болып отыр.



1-бөлім. Білім басқармасы іс-әрекетінің 2013 жылға арналған

мақсаттары мен негізгі бағыттары:

мектепке дейінгі білім беру саласында:


  • педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту жұмыстарын жүргізу және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, барлық педагогикалық ұжымның шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу-тәрбие жүйесінің сапасының тиімділігін арттыру;

  • мектепке дейінгі ұйым желісінің одан әрі дамуына шаралар белгілеп, топтардың жүктемеден тыс толымдылығын төмендетуге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған топтардың желісін кеңейтуге, сауықтыру топтарының көбеюіне жағдай жасау және жеке мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жұмыстарын қолдау;

  • барлық мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың толықтай мектепалды даярлығын қамтамасыз ету;

  • жаңа инновациялық әдістемелер мен тәжірибелік құралдарды енгізуде үш тілдің оқытылуында тиімді жағдай жасау.


орта жалпы білім беру саласында:
- 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмысты жетілдіру;

- «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығының» озық идеялар мен әдіснамалық тәсілдердің ендірілуіне ұйымдастыру және әдістемелік жағдай жасау;

- оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін білім беру жүйесіне тарату жұмыстарын жүйелі жүргізуге қолдау көрсету;


  • білім сапасын көтеру, мектепішілік басқаруды жақсарту және педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыру және білім сапасын көтеру бағытында мұғалімдерге әдістемелік көмектер көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру;

- педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру жұмыстарын жалғастыру, педагогтардың жаңа форматтағы біліктілік арттыру курстарынан өтуін қадағалау;

- оқушылардың білім сапасы мониторингін ұйымдастыру және білім сапасын көтеру бағытында және облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар, жобалау және зерттеу жұмыстарын, түрлі интеллектуалдық конкурстарға қатысу шараларын алу;



- ҰБТ нәтижелерін және білім қызметін алу сапасының басқа да аралық бақылау түрлерін талдау және өзінше пайымдау есебінен білім жүйесі қызметінің және оның барлық компоненттерінің тиімділігін арттыру, білім беру технологияларын және оқыту әдістемелерін арттыру;

- оқушылардың ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеу дағдысын дамыту және ағылшын тілін 1 сыныптан бастап енгізу жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсету;



  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің берілу сапасын арттыру бағытында мақсатты жұмыстарды жалғастыру;

- қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың озық тәжірибелерін зерттеп, жинақтау және он-лайн режимінде сабақтар, шеберлік байқауларының ұйымдастырылуын бақылауға алу;

- өзге ұлт оқушылары мен мұғалімдері арасында мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасау және мемлекеттік тілді меңгергендер санын 100 пайызға жеткізу;



  • себепсіз сабаққа қатыспаған оқушыларды есепке алуын және олардың себепсіз сабаққа қатыспауын алдын алу жұмысын күшейту, мектеп жасындағы балалардың оқудан қол үзулеріне жол бермеу;

- оқушылардың денсаулығын нығайтуға жағдай жасау, мектеп оқушыларын теңгерімді ыстық тамақпен қамту жұмыстарын жалғастыру;
Қосымша білім беру саласында:

  • жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбие тұжырымдамасының жүзеге асырулыуын бақылауға алу;

  • балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу жұмысын белсендіру;

  • балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, зиянды әдеттердің алдын алу жұмысын мониторингтеу, бақылау жүйелерін жетілдіру;

  • ата-аналар қоғамдастығымен, үкіметтік емес ұйымдармен біріккен жұмысты жақсарту.


Арнайы және инклюзивті білім беру мен кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласында:

- жалпы орта білім беретін мектептердегі даму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете қолдауға жолдайтын білім беру ұйымдарының санын көбейту;

- инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер санын көбейту;

- білім беру ұйымдарында мүгедек балаларды «қауіпсіз аймақпен» қамтамасыз ету шараларын өткізу;

- білім беру ұйымдарын дамуына арнайы қолдау қажет балалармен жұмыстанатын кадрлармен қамтамасыз ету;

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленіп жатқан кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету құрылымын жетілдіру;

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыруды дамыту;

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді біріктіру;

- отбасы қолайсыздығының алғашқы кезеңінде өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау;

- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және бала еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу;

- жазғы кезеңде оқушылардың қауіпсіз және жайлы демалысын қамтамасыз ету.


Техникалық және кәсіптік білім беру саласында:

- кәсіптік даярлықтың сапасын көтеру;

- жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды еңгізу;

- кәсіби даярлықты бақылаудың тәуелсіз бағалауын жүргізу;

- облыстың колледждерінде оқытудың дуальді жүйесінің элементтерін еңгізу;

- жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер арасындағы байланысты күшейту;

- мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кәсіптік біліммен қамту мүмкіндіктерін кеңейту ;

- тәрбие жұмыстарының түрлері мен әдістерін жақсарту.

- арнаулы пәндер оқытушылары мен өндіріс шеберлерінің біліктілін көтеру, даярлық және қайта даярлық курстарынан өткізу, соның ішінде шетелдік тәжірибені қолдану;

- оқу орындарын материалдық базасын жаңарту жұмыстарын одан әрі жүргізу;

- арнаулы пәндерден теориялық білім беру сапасына жете мән беру.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру саласында:


  • ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында ғылыми-техникалық бағытта оқитын оқушыларға қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • «Интерактивті қосымша білім беру» жобасын жүзеге асыру;

  • облыстық интерактивті іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

  • білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;

  • АКТ-ны қолдану бойынша мұғалімдермен әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы озы- педагогикалық іс-тәжірибені тарату;

  • АКТ саласында қашықтық және күндізгі фестивальдар, турнирлер, байқаулар, конференциялар және семинарлар өткізу, оларды ақпараттық-әдістемелік қолдау;

  • облыс педагогтары мен оқушыларын білім беру тақырыптары бойынша жаңалықтық және аналитикалық ақпараттармен қамтамасыз ету;

  • статистикалық мәліметтер негізінде облыстың білім беру жүйесінің жағдайы туралы тұтас түсінік беретін ақпараттық-аналитикалық материал қалыптастыру;

  • білім беруде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу;

  • облыс мектептерінің интерактивті, мультимедиялық және компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне кеңжолақты қатынаумен жарақтандырылуын талдау, сондай-ақ техникалық жағдайын талдау.



Педагогикалық кадрлармен жұмыс бойынша:

- Білім беру ұйымдарының басқару кадрларына резерв құру;

- Мектеп басшыларының үнемі ауысуына жол бермеу;

- Басшылар мен педагогтардың уақытылы біліктілігін арттыруды ерекше бақылауға алу;

- Облыстағы жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істейтін зейнеткерлер мен бар бос орындарды ескеріп, 3 жылға кадрлардың болжамдық қажеттілігін құру;

- Аудандарда педагогикалық ЖОО-на түсуі үшін мектеп түлектерін тарту мақсатында нақты жұмыстар жүргізу үшін насихаттау тобын құру;

- Облыстық білім беру ұйымдарында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» бұйрығын орындау барысын бақылауды іске асыру;

- 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарын орындауға бақылауды күшейту.



Білім беру жүйесін қаржыландыруда:

Төмендегі жұмыстарды жақсарту қажет:

- 3 жылдық кезеңге шығындарды және бюджеттік қаржыны игеруді, нәтижелерге қол жеткізуді тиімді жоспарлауға талдауды іске асыруда;

- 2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан аумағын дамыту бағдарламасының орындалуын бақылау бойынша;

- Инвестициялық жобаларды іске асыру және облыстың білім беру нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарын орындауда;

- БҚО ББ 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының іс-шараларын орындауда;

- білім беру ұйымдарының есепшілеріне әдістемелік көмек көрсетуді;

- мониторинг және жұмыстың тиімділігін арттыру және нәтижелерін бақылау туралы ұсынылған есептер бойынша.


Бухгалтерлік есеп, есептілік және мемлекеттік сатып алуларды жүргізуде:
Төмендегі жұмыстарды жақсарту қажет:

- халықаралық стандарттарға сәйкес есептеу әдісімен бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша;

- нәтижелерге қол жеткізген бюджеттік қарыжыны игеру мен шығындау тиімділігін талдауды жүзеге асыру бойынша;

- бухгалтерлік есепті, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі есептерді ұсыну мен мониторингілеу бойынша;

- жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу, сатып алуларды жүргізу бойынша тексерулер ұйымдастыру бойынша;

- бухгалтерлік жұмыс қызметкерлерінің жауапкершілігін және атқарушылық тәртібін арттыру, әдістемелік көмек көрсету бойынша.



2-бөлім. Атқарушы және уәкілетті билік органдарының

қарауына енгізілетін мәселелер


№№

Атауы

Мерзімдері

Жауаптылар

Облыс әкімдігінің қаулы жобалары

1

1


Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру

сәуір

АБДжБҚҚ

22

2014-2016 жылға арналған 3 жылдық кезеңге бюджет жобасын жасақтау, облыс білім жүйесінің стратегиялық дамуының жоспарын түзету

сәуір

ЭТжЖБ

БЕЕжМСАБ


33

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары және өткізу туралы

мамыр

МДжОБДБ

4

4


ҚР Үкіметінің 2012 жыл 30 наурыздағы №393 қаулысына сай «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын беруге арналған конкурсын өткізу туралы

тамыз

МДжОБДБ

5

ҚР Президенті атынан жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыру

желтоқсан

АБДжБҚҚ



3-бөлім. Білім жүйесін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті




Атаулары

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (I кезең) бекіту туралы» қаулысының іс-шараларының уақытында орындалуы туралы есеп

кестеге сай

Е.С.Катаев,

Барлық бөлімдер



2

2013-2015 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасын жасақтау, облыс білім жүйесінің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын түзету

Обл. мәслихат сессиясында бюджетті нақтылау барысында

Е.С.Катаев,

Барлық бөлімдер



3

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарлама паспорттарына өзгерістер енгізу туралы

Обл. мәслихат сессиясында бюджетті нақтылау барысында

Е.С.Катаев,

Барлық бөлімдер



4

2011-2015 жылдарға арналған облыстағы білім беру саласының стратегиялық жоспарының орындалуы бойынша ақпараттар даярлау

кестеге сай

Е.С.Катаев,

Барлық бөлімдер



5

2013 жылғы балалар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамту, оңалту және жазғы демалысты ұйымдастыру

сәуір

Р.Хамза,

АБДжБҚҚБ


6

ҚР Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршаны өткізу туралы

желтоқсан

Р.Хамза,

АБДжБҚҚБ




4-бөлім. Білім басқармасының алқа отырыстары


1- тоқсан

1

Қаратөбе және Сырым аудандарының мектептерінде оқушылардың тамағын ұйымдастыру барысы туралы

МДжОБДБ

2

КОжТ мекемелердегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтамасыз ету

АБДжБҚ

3

Жаңақала және Шыңғырлау аудандарының білім мекемелерінде дене шынықтыру пәнінің берілу сапасы мен спорттық шаралардың ұйымдастырылу жағдайы туралы

ҚБДжТЖБ

2- тоқсан

1

Ұлттық бірыңғай тестілеудің ұйымдастырылуы мен қорытындысы туралы

МДжОБДБ

2

Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультациясының дамуына арнайы қолдау қажет балаларды анықтау, есепке алу және олардың дәрігерлік, білім, арнайы әлеуметтік қызметін алу құқығын анықтау жұмысы.

АБДжБҚҚ

3

Облыстың ТжКБ ұйымдарында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты бойынша кадрларды даярлау жұмыстарының жүргізілуі туралы

КБжКДБ

4

Облыс білім мекемелерінде 2010-2014 жылдарға арналған республикалық «Жасыл даму» бағдарламасының даму проблемалары мен перспективасы

ҚБДжТЖБ

3-тоқсан

1

ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және «Балапан» бағдарламасының Жәнібек, Казталов аудандарында орындалуы туралы

МДжОБДБ

2

Теректі ауданы білім ұйымдарының 2013-2014 жылдың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығы туралы

ЭТжЖ бөлімі

3

Зеленов, Бөрлі аудандарының білім мекемелерінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының орындалуы туралы

ҚБДжТЖБ

4-тоқсан

1

Тасқала, Шыңғырлау аудандарында бастауыш және шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы

МДжОБДБ

2

Жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған мекеме басшыларының балалардың заңды құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз ету туралы есеп.

АБДжБҚҚ

3

РҚ Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес директорлық корпустың сапасын арттыру және орналастыру, іріктеу бойынша Тасқала, Ақжайық аудандарының және Орал қаласы білім беру бөлімдерінің жұмысы

ӘБ

4

Бөрлі ауданындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы кадрларды даярлаудың жәйі туралы

КБжКДБ

5

Білім басқармасының 2014 жылғы жұмыс жоспарын бекіту.

Р.Хамза.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет