Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет1/12
Дата17.06.2018
өлшемі285,38 Kb.
#42749
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы « »

қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «23» тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

бекітілген



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес әзірленді және мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.

Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:

1) индикатор – баланың даму деңгейінің көрсеткіші;

2) интеграция – мазмұнның құрылымдық бөліктері арасындағы байланысты жасайтын процесс;

3) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық балалардың тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;

4) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;

5) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірлесіп белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;

6) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталған әрекеттің бір түрі;

7) мектепке дейінгі ұйымда балалардың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру – балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың физикалық, адамгершілік және зияткерлік дамуы үшін уақытты үйлесімді бөлу және қолайлы жағдайларды жасау;


8) заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі;

9) күн тәртібі – бұл баланың қалыпты дамуына және оның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін тәулік бойғы уақытты ұтымды бөлу және түрлі әрекет түрлері мен демалыстың дұрыс өзара сабақтастығы;

10) үлгілік оқу жоспары – стандарттың негізінде жасалған мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін қамтамасыз ететін мемлекеттік нормативтік құжат.

2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:

1) осы стандартқа;

2) үлгілік оқу жоспарларына;

3) жалпы білім беретін оқу бағдарламасына;

4) Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын айқындайды;

2) оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұнына, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

4. Стандарт талаптары:

1) үлгілік оқу жоспарларын;

2) баланың қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске асыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын және қосымша бағдарламаларды әзірлеуге негіз болып табылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын;

3) мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасын;

4) мектепке дейінгі ұйымдарда олардың ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру процесін жүзеге асыруды;

5) мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-дидактикалық құралдар мен әдістемелік ұсынымдарды;

6) мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтардың қызметін мемлекеттік аттестаттау талаптарын;

7) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар (психикалық және физикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар) балаларға арналған білім беру бағдарламасын;

8) балалардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін дамыту бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын;

9) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті.



5. «Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде әрбір баланың жетістіктерінің психологиялық-педагогикалық диагностикасы негізінде ұйымдастырылған оқу қызметі мен режимдік процестер арқылы іске асырылатын білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер көрсетілген.

6. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде мектепке дейінгі білім берудің мақсаты, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында балалардың міндетті түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.

7. «Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар» деген бөлімде жас кезеңдеріне сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы және оларды санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізу көрсетілген.



2. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны:

1) күтілетін нәтижелер түріндегі мақсаттар жүйесіне жету есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға;

2) ұлттық дәстүрлерге, сондай-ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға;

3) тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат-міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге;

4) балалардың, соның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға;

5) мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа;

6)  жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс-әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға;

7) мектеп жасына дейінгі балалардың бастауыш мектепте оқуына тең мүмкіндік беруді көздейтін қарапайым қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

9. Әрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі осы стандартқа қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде келтірілген.

10. Баланың қалыптасқан дағдылары:

1) дене бітімі дамыған;

2) білуге құмар;

3) белсенді;

4) эмоциялық елгезек;

5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген;

6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;

7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

12. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:

1) балаға өмір бойы қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтарға баулуға;

2) халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, әдебиет пен өнерге, фольклор мен еліміздің мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске асыруға;

3) ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;

4) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды психологиялық-педагогикалық консультациялық қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған.

13. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім беру саласына негізделген.

14. «Денсаулық» білім беру саласы.

Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды дамыту, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуге тәрбиелеу, қимыл белсенділігін дамыту және дене бітімі қасиеттерін қалыптастыру.

«Денсаулық» білім беру саласы дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруді; қимыл дағдыларын қалыптастыруды; қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыруды және өткізуді; спорттық жаттығуларды орындауды (шанамен, шаңғымен сырғанау, велосипед тебу, жүзу); спорттық ойындардың (футбол, баскетбол, бадминтон және басқалар) элементтерімен танысуды қамтиды.

«Денсаулық» білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.

«Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) дене шынықтыру;

2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері.

15. «Коммуникация» білім беру саласы.

Мақсаты: айналадағы адамдармен араласуға қабілетті, көптілді тұлғаны тәрбиелеу үшін баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту.

«Коммуникация» білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.

«Коммуникация» білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.

«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) сөйлеуді дамыту;

2) көркем әдебиет;

3) сауат ашу негіздері;

4) қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;

5) драма.

16. «Таным» білім беру саласы.

Мақсаты: қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бөбек жасы топтарында (1 жастан 3 жасқа дейін) – сенсорика;

2) құрастыру;

3) жаратылыстану.

17. «Шығармашылық» білім беру саласы.

Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.

«Шығармашылық» білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) сурет салу;

2) мүсіндеу;

3) аппликация;

4) музыка.

18. «Әлеумет» білім беру саласы.

Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге, айналасындағыларға жағымды мінез-құлықты және қайырымды қатынасты тәрбиелеу.

«Әлеумет» білім беру саласы қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттылығы мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; салт-дәстүрлерді сақтауды, тарихты, қазақ халқының тұрмысын білуді және құрметтеуді; Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді, сондай-ақ басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін құрметтеуді; еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тәрбиелеуді қамтиды.

«Әлеумет» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) өзін-өзі тану;

2) қоршаған ортамен танысу;

3) экология негіздері.

19. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады:

1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады;

2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;

3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады.

Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.

20. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерудің мерзімі – 5 (6) жыл. Жас және топтық кезеңдері мынадай:

1) бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:

ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);

кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);

2) мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін:

мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);

мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);

мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).

4. Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар
21. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы баланың денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.

22. Мектепке дейінгі білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленген.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:

ерте жастағы балалар үшін – 7-15 минут;

мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін – 15-20 минут;

мектепке дейінгі естияр жастағы балалар үшін – 25-30 минутты құрайды.

23. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың және білім беру ұйымдарындағы мектепалды сыныптардың педагог қызметкерлерінің айлық еңбекақысын есептеу үшін оқу жүктемесінің апталық ең жоғарғы көлемі 24 сағатты құрайды (МЖМБС-ның бес білім беру саласының мазмұнын іске асыруға бағытталған негізгі оқу жүктемесіне 20 сағат, мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын басқа іс-әрекет түрлеріне (ойын, дербес, шығармашылық, жеке жұмыс және т.б.) 4 сағат көзделген).

_________________________




Мектепке дейінгі

тәрбие мен оқытудың

мемлекеттік жалпыға міндетті

стандартына қосымша
1-кесте
Денсаулықты сақтау дағдылары


Р/с



Дағдылар тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 4 жасқа дейін

4 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

6 жастан бастап

7 жасқа дейін




1

2

3

4

5

6

7

8

1

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Ересектердің көмегімен жуынудың, киінудің, шешінудің қарапайым дағдыларын орындайды

Жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгерген

Жеке бас гигиенасының қағидаларын біледі және сақтайды

Гигиеналық шаралардың орындау ретін біледі

Гигиеналық шараларды өздігінен орындайды

Гигиеналық шараларды орындау кезінде өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын меңгереді, шынықтырудың барлық тәсілдерін біледі және орындайды

2

Дене тәрбиесі

Белгілі бір бағытта жүріп, жүгіре алады

Жүгіру, өрмелеу және секірудің алғашқы дағдыларын меңгерген

Негізгі қимыл-қозғалыс түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгерген

Өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалысты өздігінен орындай алады

Негізгі қимыл-қозғалысты орындау кезінде шығармашылық танытады

Жас ерекшелігіне сай сандық және сапалық көрсеткіштерге жете отырып, негізгі қимыл-қозғалыс түрлерін орындай алады

3

Дербес қимыл белсенділігі

Қатар ойнай алады, кеңістіктегі ашық, зейінді тартатын заттарды өз бетінше таба алады

Шағын топта бірге ойнай алады

Бірлескен ойындарда қарапайым ережелерді сақтай алады

Өз бетінше түрлі ойындар ойнай алады, барлық ойын ережелерін сақтай алады

Балалар тобымен қимыл ойындарын ұйымдастыру дағдыларына біледі

Қимылдарын еркін меңгеріп, саналы түрде ойын ережесін сақтай алады. Қозғалыс қызметінде қарапайым өзін-өзі бақылау қалыптасқан

4

Салауатты өмір салты

Күнделікті шынығу тәсілдерін біледі

Шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады.

Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі, ересектердің көрсетуімен дене шынықтыру элементтерін орындайды

Балабақшада өзін ұстаудың қарапайым ережелерін біледі және сақтайды. Өсімдіктерге, жануарларға, жәндіктерге қарым-қатынас жасай біледі.

Қауіпсіздік қағидаларын саналы түрде орындайды. Дене шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді

Ағзаны шынықтыру және дене сымбатын сақтау тәсілдерін біледі. Күн тәртібін сақтайды


2-кесте
Коммуникативтік-тілдік дағдылар


Р/с



Дағдылар тізбесі


1 жастан бастап 2 жасқа дейін

2 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап

4 жасқа дейін

4 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап
6 жасқа дейін


6 жастан бастап 7 жасқа дейін




1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қарым-қатынас мәдениеті

Жай сөйлеммен айтылған өтінішті орындай алады

Құрбыларымен қарым-қатынасқа түсе алады


Ересектердің сөзін түсінеді. Сұрақтарды тыңдайды, оларға жауап бере алады

Ересектермен, балалармен қарым-қатынасқа түседі және олардың өтініштерін орындай алады

Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі және оларды сақтайды.

Тілдесу қағидаларын: сөзсіз тілдесу құралдарын; сөйлесу әдебін меңгерген.

2

Тілдің грамматикалық құрылымы

Жеңіл сөздерді қолданып, оларды түсіндіре алады

Өз ойын түсінікті дұрыс жеткізе алады

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады

Ересектердің сұрақ қоюы арқылы салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді үйлесімді құрастыра алады

Сөйлеуге сыни қарым-қатынас таныта алады, грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады

Сөз тіркесі мен сөйлемдерді грамматикалық дұрыс құрастыра алады. Сөйлеуде таныс сөздердің қиын түрлерін қолданады

3

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды артикуляциялық қатынаста жеткілікті түрде анық айта алады

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады

Сөздердің дыбысталуын тыңдай отырып, оларды анық айтады

Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады

Дыбыстарды саралай отырып, интонациялық мәнерлеудің әртүрлі тәсілдерін қолданып, сөздерін белсенді түрде құбылтып ойнай алады

Дыбыстарды анық, дұрыс, мәнерлеп айта алады, жіктей алады, дыбыстың шартты белгілерінің көмегімен буын мен сөз құрастыра алады

4

Сөздік қор

Ересектердің айтқан сөздері мен сөз тіркестерін айтады

Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап бере алады

Барлық әрекеттерді, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілерін және сапасын атайды

Көрнекі жағдаяттарсыз -ақ сөздерді қолданып, сөйлеуде етістіктерді белсенді қолдана алады

Сөйлемде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді

Сөзжасам дағдыларына ие. Заттардың белгілері мен қасиеттерін қолдана отырып, сөздің мағынасын түсіндіре алады.

5

Байланыстырып сөйлеу

Тапсырманы мұқият тыңдайды және оны басқа адамға жеткізуді, қысқа фразалар мен сөздерді қолданып өтініш жасай алады

Тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады

Табиғаттың тірі және өлі нысандарын бақылау, суреттерді, заттарды қарастыру арқылы сұрақтарға дұрыс жауап бере алады

Диалогтік сөйлеудің, тілдесудің негізгі формасын меңгерген. 2-3 сөйлемнен тұратын тұжырымдарды қолдана біледі

Әртүрлі сөз таптарын, эпитеттерді, салыстыруларды қолдана отырып, монолог құра алады

Берілген тақырып , сурет бойынша қарапайым, жайылма сөйлемдерді қолдана отырып байланыстырып, бірізділікпен әңгіме құрастыра алады

6

Шығармашылықпен сөйлеу қызметі

Күрделі емес шағын сахналық мазмұндағы ойыншықтардың қойылымдарын түсінеді, олардың әрекеттеріне еліктей алады

Саусақ ойындарына арналған тақпақтарды жатқа айтады

Кейіпкерлердің мінездемесін беру үшін интонациялық мәнерлеудің қарапайым түрлерін қолданады

Таныс ертегілерін айта алады, ойыншықтар бойынша шағын әңгімелер құрастырады

Оқиғалар құрастыра алады, астарлы және ауыспалы сөздерді қолданып, түсіне алады.

Түрлі оқиғалар айта алады, ертегілер ойлап шығарады, ойынға өлең ұйқастары мен сөз құрастыруға қызығады

7

Шығармаларды қабылдауы

Тиісті суреттерді қолдана отырып шағын, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды түсінеді

Халық ауыз шығармашылығы туындыларына эмоциямен үн қата алады

Түрлі оқиғаларға, кейіпкерге өзінің қарым-қатынасын білдіреді

Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атай алады, әдеби кейіпкерлерді ойында қолданады

Кітапқа деген қызығушылық танытады, өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқуы мүмкін

Көрген, таныс шығармалар мәтінін мазмұндай алады

8

Сауаттылық негіздері













Үш дыбысты сөздермен талдау жасай біледі. Тыңдай біледі және екпінді буындарды ажыратады.

Дыбыстардың айтылуы мен дыбысталуына талдау жасағанда білімін қолдана алады. 4 дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды, дыбыстарды сипаттайды.


3-кесте

Танымдық дағдылар




Р/с



Дағдылар тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап
4 жасқа дейін


4 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап
6 жасқа дейін


6 жастан бастап 7 жасқа дейін




1

2

3

4

5

6

7

8

1

Заттардың қасиеттерін бағдарлау

Біртекті заттарды бір белгісі бойынша (көлемі, пішіні) топтастыра біледі. Негізгі төрт түсті ажырата алады

Заттардың негізгі түстерін, пішінін, көлемін, сипатын ажыратады

Салыстыру (қатар қою, тіркеу) тәсілімен заттарға тән айырмашы-лықтарды таниды және атайды

Заттарға тән ерекшеліктерді және белгілерді иісі, дәмі, дыбысы негізінде қабылдайды, атай біледі

Танымдық әрекет ретінде заттардың қасиеттері мен белгілерін қарастыра алады

Адам өміріндегі маңызына және қолданылуына байланысты заттарды даярлау үшін пайдаланылатын материалдардың қасиеттері мен алуан түрлілігі туралы білімді меңгерген

2

Қоршаған әлемді танып білу

Өзі, отбасы туралы білімге ие. Айналасындағы жануарларды, өсімдіктерді және заттарды таниды

Адамдарға, олардың әрекетіне ерекше қызығушылық танытады

Табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды.Бағдаршам белгілерінің мәнін түсінеді және атайды

Тірі және өлі табиғат пен қоғамдық өмірдегі қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды түсінеді

Танымдық міндеттерді шынайы-көрнекі және көрнекі-үлгі тұрғысында шеше алады, жүйелей және топтастыра алады. Ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын табуға қабілетті.

Қоршаған ортадағы табиғат объектілерінің сипаты мен айтарлықтай белгілерін айқындау негізінде түсініктерін қорыта біледі

3

Құрылым-дау дағдылары

Ересектердің көмегімен қарапайым құрылыс құрай алады

Ересектердің көрсетуімен қарапайым құрылыстарды қайталап жасайды (үстіне, жанына, астына қоя алады)

Құрылыс материалда-рын әртүрлі тәсілдермен орната алады. Оның негізгі бөлшектерін біледі және атайды

Құрылыс материалдарын өз бетінше таңдайды, құрылысты әдемі орындауға тырысады

Құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін меңгерген.Түрлі нәтиже алу үшін бір және бірнеше тәсілдер қолданады.

Жапсыру және сурет салу түрінде геометриялық пішіндерден шынайы және абстракциялық объектілердің қарапайым модельдерін жасай алады

4

Экология-лық мәдениет негіздері

Тіршілік иелерін, өсімдіктерді ажырата алады, оларға қызығушылық танытады

Жануарлар әлеміне мейірімділік танытады және ұқыпты қарым-қатынас жасайды

Ересектердің көмегімен өсімдіктерді күтіп баптау бойынша қарапайым еңбек дағдыларын орындай алады

Табиғатта өзін-өзі ұстаудың кейбір нормаларын меңгерген

Қоршаған әлемнің алуан түрлілігін түсінеді. Өсімдіктердің қасиеттері мен жануарлардың мекендейтін ортасын біледі

Ұсақ ерекше белгілері бойынша жануарлар мен өсімдіктерді ажырата біледі және атай алады. Табиғат бұрышындағы мекендеушілерді күтіп баптай алады. Өмірлік жаңа жағдайларда қауіпсіздікті сақтай алады

5

Қарапайым математикалық түсініктер

Ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады

Кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын меңгерген

Уақыт, кеңістік, туралы қарапайым түсініктерін көрсете алады

Уақыт туралы (тәулік бөліктері: таңертең, күн, түн; күндер: бүгін, кеше, ертең; жылдам, баяу) түсініктерге ие

Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамаларын, тура және кері реттегі сандық қатынасты біледі

Түрлі белгілері бойынша объектілерді жіктей алады; сөз арқылы кеңістіктік-уақыт қатынасын меңгерген; логикалық ойлау тәсілдеріне ие.

6

Ізденіс және экспери-менттік іс-әрекет

Әртүрлі пішіндегі (тесіктерге) ойықтарға сәйкес заттарды салуды біледі

Әртүрлі заттармен эксперимент жасай (ажырата, жалғай, құрастыра) алады

Таныс материалдар-мен өз бетінше эксперимент жасай алады

Мақсатты түрде жаңа материалдармен эксперимент, моделін жасай алады және заттар арасындағы жалпы белгілерді ажырата біледі

Қарапайым себеп-салдарлық байланыс орната алады, ретімен және нәтижелі эксперимент жасай алады

Нәтижеге жететін эксперимент әрекетіне мақсат қоя, нәтижеге жете біледі

7

Ақпаратпен жұмыс

 

Әртүрлі ақпарат көздеріне қызығушылық танытады

Ескі және жаңа ақпарат-тардың айырмашылы-ғын анықтайды

Жаңа ақпараттар алу қажеттігін түсінеді

Жаңа ақпаратты қалай ұсынуды, кімдер қызығушылық танытатынын біледі және түсінеді

Алған ақпаратқа талдау жасайды, оларды саналы түрде қолдана алады.

4-кесте


Шығармашылық дағдылар


Р/с



Дағдылар тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 4 жасқа дейін

4 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап

6 жасқа дейін

6 жастан бастап

7 жасқа дейін




1

2

3

4

5

6

7

8

1

Музыкалық іс-әрекет

Ән орындау барысында күрделі емес қимылдармен би әуеніне көңілді сипат бере алады

Музыкалық аспаптарды біледі, музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ересектермен бірге ән айтуға ықылас танытады 

Музыкалық шығарманың қарқынын ажыратады жоғары дыбыстарды ажыратады, әуеннің басы мен соңына назар аударады

Дауыс тембрін ажыратады, әнді созып айтады, сөздерді анық айтады; бидің, музыкалық ырғақтың қимылдарын орындайды 

Балалар музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларына ие, музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, тембрінің негізгі қасиеттерін ажыратады. Әнді суырып салып айту қабілетіне ие.

Музыкалық аспап сүйемелдейтін әуенді, регистр дыбысын ажырата алады. Балаларға арналған музыкалық аспапта ойнау барысында, ән айтқандай, билегенде минорлы және мажорлы дыбысталуды қабылдап, жаңғырта алады

2

Өнімді іс-әрекет

Қағаз бетін ашық дақтармен, жақпалармен толтырады, дөңгелек, жайпақ пішіндерді мүсіндейді

Мүсіндеу дағдыларын игерген (заттарды шұңқырлау, сәндеу). Қағаз бетіне тік және жатық, ирек сызықтар сыза алады.

Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен іскерліктерді игерген

Бейнелеу өнерінің түрлері туралы ұғымдары бар (кескіндеме, мүсіндеу, халық өнері)

Бейненің сипатына тән бейнелеудің техникалық тәсілдері мен құралдарын өз бетінше таңдай алады

Түрлі техникалық құралдарды өз бетінше қолдана алады, жұмыстарды жаңа бөліктермен толықтырады және әсемдей алады

3

Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау

Бояудың ашық түстеріне назар аударады, оларға таң қалады, қуанады 

Халықтық ойыншықтарды қарастыру кезінде эмоциялық қуаныш білдіреді, олардың ашықтығын, әдемілігін атап көрсетеді

Түрлі бейнелеу өнері түрлеріне қызығушылық танытады, материалдарды ұқыпты қолданады

Геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін ырғақты орналастырады. Би сипатындағы музыканы эмоциялы түрде қабылдайды

Сәндік өнерге, дизайнға қызығушылық білдіреді, жұмыстың тәсілдерін таңдайды және дәлелдейді, жұмысқа материалдарды тиімді қолданады, табиғаттың әсемдігіне, киімге және бөлменің жинақылығына эмоциялы түрде мән береді.

Қарастырған заттары бояуының қанықтығы (фактурасы) туралы түсінігі бар.Өнердің басқа түрлерінің түпмәтінінде өнер туындыларына алғашқы талдау жасау дағдысына ие.

5-кесте
Әлеуметтік дағдылар




Р/с



Дағдылар

тізбесі

1 жастан бастап

2 жасқа дейін

2 жастан бастап

3 жасқа дейін

3 жастан бастап

4 жасқа дейін

4 жастан бастап

5 жасқа дейін

5 жастан бастап

6 жасқа дейін

6 жастан бастап

7 жасқа дейін




1

2

3

4

5

6

7

8

1

Өзін ұстау мәдениеті дағдылары

Өзін ұстаудың қарапайым нормаларын меңгерген және жағымды әдеттері қалыптасқан

Мінез-құлық нормалары мен қағидаларын түсінеді, сәлемдесу, қоштасу, ризашылық сөздерін қолданады

Адами қарым-қатынас туралы білімді меңгерген, эмоциялық жағдайды түсінеді

Жақын және айналасындағы адамдарға қарапайым қамқорлық танытады

Қажетті жағдайда көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілектерін құрметтейді

Мінез-құлықтың адамгершілік нормалары туралы, табиғатта өзін-өзі ұстау туралы, әдеп қағидалары туралы біледі

2

Ересектермен және құрдастарымен өзара іс-әрекет

Ересек адамды ынтамен тыңдай біледі, оның тапсырмаларын орындайды. Күрделі емес тапсырмаларды есінде сақтайды және орындайды

Жақындарына, құрдастарына бауырмалдық, тілектестік сезім танытады

Құрдастарымен тұрақты ойын бірлестіктеріне қосылады және танымдық тақырыптарға ересектермен тілдесе алады

Ересектермен бірге еңбек әрекеттерін орындайды. Құрдастарының арасында өзінің орнын, «Менін» сезінеді

Ересектермен және құрдастарымен бірге еңбек ете алады, ортақ мақсат қояды және оның нәтижесін талқылай алады

Ересектермен бірлескен әрекетке татулықпен қосыла алады, пайдасын тигізуге және оған қанағаттануға тырысады

3

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

Айналасындағылармен қарым-қатынасты реттеу үшін және тілектерін білдіру үшін қажетті сөздерді қолдана алады

Ненің «жақсы», ненің «жаман» екенін біледі және түсінеді

Өзінің әрекеттерін, ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін бағалай алады

Адамгершілік нормалары мен қоғамда өзін-өзі ұстау қағидаларын сақтайды

Өзін-өзі ұстаудың адамгершілік нормаларын сақтайды, жағымды іс жасағанда қуанады, рахаттанады, адамгершілік нормалары бұзылғанда уайымдайды

Өзінің және басқа да халықтардың әдептілік нормалары мен құндылықтарын біледі, түсіністік, төзімділік танытады. Әлеуметтік әлемде өзара қарым-қатынас жасау іскерлігіне ие, қоғамдық тәртіп қағидаларын сақтаудың коммуникативтік дағдыларын меңгерген.

______________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы « »

№ қаулысына

2-қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

бекітілген


Каталог: 4037BF8AB994617A
4037BF8AB994617A -> Білім беру ұйымдарының басшыларына Инновациялық технологиялар институты
4037BF8AB994617A -> Степногорск қаласы Абай Құнанбаев атындағы №6 гимназия мектебі Қазақ тілінен жазғы бейіндікмектеп
4037BF8AB994617A -> Сабақтың тақырыбы: Сәлемдеме Сабақтың мақсаты
4037BF8AB994617A -> АҚпараттық хат "ziat" Ғылыми-әдістемелік орталығы Сіздерді
4037BF8AB994617A -> Сабақ жоспары Сабақ : қазақ тілі Мектеп: №6 мектеп гимназиясы
4037BF8AB994617A -> Қазақстан Педагогтарының Ассоциациясы АҚпараттық хат жалпы педагогтар қауымына!
4037BF8AB994617A -> Жетекшісі: Исабекова А. Т. Топтың аты:„Бейбітшілік құсы” Біздің ұранымыз
4037BF8AB994617A -> «Қазақ тілі сабағындағы тест түріндегі тапсырмалардың орны»
4037BF8AB994617A -> Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназия мектебінде Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне орай атты онкүндіктің өткізілуі жайлы
4037BF8AB994617A -> Викторина: «сен білесің бе?»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет