Бекітемін
«Мектеп олимпиадаларын және
мектептен тыс іс-шараларды өткізетін
облыстық орталық» директоры
_________ Ертуганова Б.Т.
« » _________ 2022 жыл
«Ер есімі - ел есінде»
облыстық байқауын өткізу туралы
Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Бауыржан Момышұлы шығармалары бойынша мәнерлеп оқу және жас суретшілер облыстық байқауының өткізу ережесі (бұдан әрі – Байқау) оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты:
- Бауыржан Момышұлының шығармашылық мұрасын насихаттау және тарату;
- балаларға, жасөспірімдерге және жастарға рухани, азаматтық -патриоттық тәрбие беру;
- өскелең ұрпақ бойында Отан тарихына, соғыс ардагерлеріне, тыл жұмыскерлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
- ерлік, патриотизм сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
3. Байқаудың міндеттері:
- Бауыржан Момышұлы шығармаларын оқуға ынталандыру, қызығушылығын арттыру;
- жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениеттің дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу;
- қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытудағы балалар көркемөнер мектептерінің рөлін арттыру;
- кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, облыстағы көркемөнер білімінің сапасын арттыру;
- шығармашылықпен айналысатын педагогтерді ақпараттық қолдау, көркем шығармашылық саласындағы балалармен жұмысын жетілдіру мақсатында білім беру ұйымдары педагогтарының тәжірибе алмасуы.
2. Байқауды өткізу уақыты және орны
Байқаудың облыстық кезеңі 2022 жылдың 28 сәуір күні сағат в 14.00-де Даңқ Залында өткізіледі.
1. Жас суретшілердің байқауы «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында» өткізіледі.
Байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2022 жылдың 28 сәуіріне дейін келесі мекенжай бойынша: 000008 Тараз қ., Пушкин к-сі, 36, МОжМТІШӨОО, olgasagan@mail.ru электронды поштасына қабылданады, байланыс телефондары:
8707 37 27 528, 8777 117 31 77.
Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:
1) Байқаудың аудандық кезеңнің жеңімпаздары туралы (Бас жүлде, 1,2,3 орын) бұйрықтың көшірмесі және педагогтарының телефондарын жазып жіберу;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары);
3) қатысушылардың және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
3. Байқауға қатысушылар
1. Байқауға мектепішілік, аудандық көркем шығармашылық байқауларының жеңімпаздары 10-17 жастағы білім алушылар 4 оқушыдан қатысады.
Байқау төмендегі жас ерекшеліктеріне қарай бөлінеді:
- 10 – 13 жас аралығы орта топ – 2 оқушы;
- 14 – 17 жас аралығы жоғары топ – 2 оқушы.
2. Назар аударыңыздар!
- «Алаштың айбыны - Бауыржан» номинациясы бойынша Б.Момышұлының шығармаларын мәнерелеп оқу байқауы (үзінді қазақ тілінде немесе орыс тілінде 3 минуттан аспау керек). Байқау Даңқ Залында 2022 жылдың 28 сәуір күні сағат в 14.00-де өткізіледі. Әскери форма киіп, шығарма оқуға болады, бірақ әскери формаға баға берілмейді.
«Ерлік - тәжірибе жемісі» номинациясы бойынша Б.Момышұлының шығармаларынан сурет байқауы. Жұмыстың байқау тақырыбына сәйкес өзіндік ерекше атауы болуы керек. Жұмыс көлемі А-3 форматта. Орындау технологиясы: жұмысты қалаған техникамен орындау. Байқауға жеке жұмыстар қабылданады (әрбір номинация бойынша 1 жұмыс). Жаңаша әдіспен орындалған жұмыстар да қабылданады.
Суреттерді 28 сәуір күні Даңқ Залына жеткізу қажет.
4. Байқаудың шарттары мен тәртібі
1. Бұқаралық іс-шараларға қатысу арқылы көркем өнерді насихаттау, балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін байқау екі кезеңде өткізіледі.
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік байқау;
аудандық (қалалық) байқау.
2) екінші кезең (қорытынды) – облыстық байқауы.
2. Байқау келесі номинация бойынша өткізіледі.
Жұмысты үлгі бойынша рәсімдеп жіберу керек: Максатқызы Айзере 6 жас. Жұмыстың аталуы «Ер есімі - ел есінде»; Жетекшісі (қосымша білім беру педагогы): Дуванов Е.Н., "Мерей" көркем сурет мектебі, БЖО, Шу ауданы, Шу қаласы. Жұмыстың төменгі оң жақ бөлігіне аты-жөнін жазып, рәсімделуі керек.
5. Байқау қатысушыларын марапаттау
1. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
6. Байқауды қаржыландыру
1. Байқауға қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге келетін және кері қайтатын жол ақысы және жолдағы тамақтануы байқауға жіберуші жақтың тарапынан төленеді.
Қазылар алқасының шешімі мен жұмыстың бағалануы 2022 жылдың 9 мамырына дейін жүзеге асады. Қазылардың шешімі нақты және қайта талқыланбайды.
Әдіқазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушылар марапатталады.
Жеңімпаздар туралы мәліметті арнайы парақашалардан көре аласыздар
Байқауға қатысу тегін, ережедегі мақсаттарды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |