Марапаттау



бет1/2
Дата27.05.2017
өлшемі0,72 Mb.
  1   2
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректораты
20.04.2012
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Марапаттау:

  1. Университет ректоры п.ғ.д., профессор А.С.Иманғалиевке ІҮ республи-калық пәндік олимпиададағы БҚМУ студенттерінің үздік білімі үшін Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Г.Ж.Нұры-шевтың атынан алғыс хат табыс етілді.

  2. Ағалиева Светлана Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында өткен ІҮ республикалық пәндік олимпиадада география мамандығы бойынша І дәрежелі дипломмен, жетекшісі г.ғ.к. М.А.Ғалымов алғыс хатпен марапатталды.




  1. БҚМУ-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану. Ғабдуллаев Дәурен Ғаріпұлы - ақпараттық және білім беру технологиялары орталығының директоры

  2. Жаратылыстану-математикалық, мәдениет және өнер факультеттерін-де бірлескен білім бағдарламаларын енгізу және ПОҚ мен студенттер-дің академиялық ұтқырлығы туралы. Медешова Айгүл Бақтығалиқызы, Нағымова Меңдіғаным Мергенбайқызы - факультет декандары

  3. Ағымдағы мәселелер

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БҚМУ-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану



Орал – 2012 жыл

Базалық педагогикалық білім беру стандарттарын, мектеп және жоо оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын күшейту қажет.


«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Қазақстандық заманауи білім беруді дамытуда инновацияны енгізу негізгі рөлдердің бірін атқарады.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде мұндай миссияны Ақпараттық және білім беру технологиялары орталығы орындайды.

Ақпараттық және білім беру технологиялары орталығы – бұл оқу үрдісін үздіксіз инновациялық технологияларды енгізу жолымен жаңғыртып отыратын орталық.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ақпараттық және білім беру технологиялары орталығы (АББТО) өз жұмысын «АББТО туралы Ереже» негізінде жүзеге асырады.


Құрылым және кадр потенциалы

Ақпараттық және білім беру технологиялары орталығы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорға бағынады.

Орталық құрамында:


  • IT бөлімі;

  • Оқу теледидары және графикалық жобалау зертханасы;

  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу бөлімі;

  • Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі қызмет атқарады.


Штат 33 бірлікпен көрсетілген:

  • Орталық директоры (1);

  • Бөлім жетекшілері (3);

  • Зертхана меңгерушісі (1);

  • Бас инженер (3);

  • Инженер-программист (4);

  • Инженер-электроншы (14);

  • Бейнеөңдеу инженері (3);

  • Редактор (1);

  • Дизайнер (1);

  • Аға сарапшы (1);

  • сарапшы (1).

АББТО қызмет бағыты
Университетіміздің Ақпараттық және білім беру технологиялары орталығы ақпараттық инфрақұрылымды жаңғыртуда келесі бағыттар бойынша қызмет атқарады:


  • компьютерлік технологияларды пайдалану;

  • сымсыз желіні шешу (Wi-Fi);

  • Web-технологияларды қолдану;

  • Intranet-жүйелерін пайдалану;

  • TV-технологияларын пәрменді енгізу;

  • Интерактивті технологияларды енгізу;

  • Қашықтан оқыту жүйесін қолдау;

  • Сандық ЭҚА енгізу;

  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу.

Ақпараттық және білім беру технологиялар орталығы мына жұмыстардың уақытылы орындауына жауап береді:

1. электрондық оқу басылымдарын дайындауға;

2. білім беру үрдісіне Web-технологияларды енгізуге;

3. білім беру үрдісін IT-қолдауға;

4. университетің компьютерлік паркіне қызмет көрсетуге;

5. университеттің мамандықтары бойынша бейнефильмдерді (дәрістер, лабораториялық-практикалық сабақтар) түсіру және өңдеуге;


  1. графикалық жұмыстар дайындауды жүзеге асыруға;

7. университет өміріндегі негізгі оқиғалардың (салтанатты кештер мен мейрамдар, ғылыми конференциялар, ірі іскерлік кездесулер, жоо-ға түсу, түлектерге диплом табыстау салтанаты) сурет мұрағатын жүргізуге;

8. оқытылатын пәннің теориясы мен әдістемесінің жаңа жетістіктеріне сәйкес БҚМУ-дағы кредиттік оқыту технологиясын әдістемемен қамтамасыз етуге;

9. оқытудың әдістері мен инновациялық формаларын енгізу бойынша ПОҚ-қа және университеттің бөлімшелеріне әдістемелік көмек (семинарлар, тренингтер, шеберлік-класы) көрсетуді ұйымдастыру;

10. әдістемелік материалдардың бейне қорын қалыптастыру (бейне-дәріс, шеберлік-класы, ашық сабақтар, презентация);

11. білім беру бағдарламарына инновациялық технологияларды енгізу.
Ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі жөнінде ақпараттандару үрдісі субъектілерінің біліктілігі арқылы талдауға болады. Бұл жағдайда техникалық құралдар мен технологиялардың оқытушылар мен студенттерге қолжетімді болуын ескеру қажет. 1 және 2 кестеде келтірілген көрсеткіштер осыны көрсетеді.

ЖОО-ны ақпараттандыру көрсеткіші



1 кесте




Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

1

Локалды желінің болуы

+

+

+

+

+

2

WEB-сайттың болуы

+

+

+

+

+

3

Intranet-сайттың болуы

+

+

+

+

+

4

Электронды поштаның болуы

+

+

+

+

+

5

Білім беру порталының болуы

+

+

+

+

+

6

Компьютерлер саны

698

730

760

830

840

7

1 компьютерге шаққандағы студенттердің саны

23

21

13

11

6

8

Internet-ке қолжетімділік жылдамдығы

512kbit/s

1 Mbit/s

1 Mbit/s

4 Mbit/s

4 Mbit/s

9

Келтірілген контингент

6450

6828

5027

2945

2343

10

Компьютерлік сыныптардың саны

23

25

30

35

39

11

Компьютерлік сыныптардағы компьютерлер саны

280

321

380

420

452

Жылдар бойынша негізгі техникалық құралдардың болуы


2 кесте




Техниканың болуы

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

1

Компьютер

698

730

760

830

840

2

Серверлік станция

2

4

6

7

7

3

Ноутбук

4

5

8

8

8

4

Интерактивті тақта:
ACTIVboard, InterWrite, SMARTboard, WhiteBoard

2

5

11

14

17

5

А4 форматындағы көшірме аппараты

66

96

96

96

96

6

А3 форматындағы көшірме аппараты

10

13

13

13

13

7

Лазерлі принтер

138

179

179

179

168

8

Графикалық проектор

25

25

25

25

8

9

Бейнепроектор

7

15

15

15

15

10

Плоттер

2

3

3

3

2

11

Түрлі-түсті принтер

6

6

6

6

6

12

Үздіксіз қуат беру көзі

90

150

150

150

150

13

А4 форматындағы сканер

18

18

18

18

18

14

А3 форматындағы сканер

1

1

1

1

1

15

Мобильді интерактивті компьютерлік класс «МИК»

-

-

3

5

8

16

UniTrain жүйесі негізіндегі компьютерленген зертханалық кешен: «Схемотехника»

-

-

1

2

2

Университетте әлемдік ақпараттық кеңістікке шығуға арналған барлық мүмкіндіктер бар:



  • барлық оқу ғимараттары мен жатақхана ғаламторға шығатын корпоративті желіге қосылған (SHDSL-технология);

  • Internet желісіне қосылу жылдамдығы 4 mbit/s лимитсіз трафикті WIMax сымсыз жалғану арқылы жүзеге асырылады. Провайдер: «Казтранском» АҚ;

  • Оқу ғимараттарының аумағында студенттер мен оқытушылардың ғаламтор желісіне еркін қолжетімділік беретін WiFi сымсыз желісі іске қосылған;

  • Университеттің оқу ғимараттарында ақпараттық терминалдар орналастырылған, бұл арқылы студенттер мен оқытушылар электронды кесте, рейтинг, университетөміріндегі маңызды жаңалықтарды білуге ғаламтор желісіне лимитсіз қолжетімділікке мүмкіндік алады;

  • Жоо-ның Web/Intranet-сайты үнемі ақпараттармен толығып жаңартылып отырады;

  • Университеттің локалды желісіне тұрақты бақылау жүргізіліп отырады.

2011 жылдың 29 қазанында ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің қолдауымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Холдинг «Зерде» АҚ-мен бірлескен «Электронды үкімет және электронды қызметтер» курсы бойынша оқыту семинары өткізілді.

Оқыту қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қолжеткізілді – тыңдаушылар:


  • «Электронды үкімет» веб-порталында тіркеле және қосыла алады;

  • ХҚО қызметтерінің тарихын, қызметтерді төлеу және пайдалану тарихын қарау;

  • Электронды сандық қолтаңба алу үшін тапсырыстарды толтыру және жіберу;

  • Электронды мемлекеттік қызметтерді алу: ақпараттық, интерактивті,

  • Мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына өтінім беру.

Оқу материалы презентация түрінде көрсетілген (қалағандар үшін электронды нұсқада), электронды қызметтерді пайдаланушыларға арналған нұсқаулықтар.

Орыс тобы: 159 адам

Қазақ тообы: 174 адам

Семинар соңында барлық тыңдаушыларға «Электронды үкімет және электронды қызметтер» курсын өткендігі туралы куәлік берілді.


2011 жылдың 3 қарашасында Астана қаласындағы тәуелсіздік сарайында «Оқу үрдісін ақпараттандыру» атты V халықаралық форум ұйымдастырылды. Университетімізден қатысқан ақпараттық және білім беру орталығының қызметкерлері екі шеберлік-класын өткізгендері үшін дипломдармен марапатталды: Д.Г.Габдуллаев – «Антиплагиат» автоматтандырылған жүйесі», Н.А.Жүсіпқали – «Виртуалды турларды өңдеу технологиясы».

2011 жылдың 12 желтоқсанында «М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Болон үрдісі параметрлерін орындау» тақырыбында on-line семинар өткізілді. Көпканалды on-line байланыс университеттің №1, 2, 3, 5 және 7 оқу ғимарттары арасында орнатылды. Семинардың фасилитаторы ретінде оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Ғ.Қ.Жүсіпқалиева жүргізді.

Форум аясында мектепке дейінгі және орта жалпы, техникалық және және кәсіптік, жоғары және жоо-дан кейінгі білім беру жүйесінде оқытылатын қолданбалы компьютерлік бағдарламалар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқыту жүйесіне АКТ-ның заманауи жетістіктерін енгізудегі отандық тәжірибенің нақты үлгілері көрсетілді. Форумның жарқын сәттерінің бірі ретінде білім берудің барлық деңгейлерінде қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды өңдеу және қолдану мәселелеріне арналған 100-ге тарта шеберлік-кластарының өткізілуін айтуға болады. Әр шеберлік-класы Форум қатысушыларын қызу талқылауға шақырды.

Компьютерлік сауатсыздықты төмендету мақсатында ақпараттық технологиялар бойынша оқу-әдістемелік материалдар орналастырылған «IT-басқару» http://it.wksu.kz/ интернет-порталы іске қосылды.


Бағдарламалық жасақтаманы және электронды оқу басылымдарын еңгізу, жасау және дайындау

Бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу бөлімі тұтынушылардың қажеттілігін компьютерлік бағдарламаларды енгізу және дайындау, оқу үрдісіндегі электронды оқу шығарылымдарын және университеттегі ішкі және сыртқы сайттарын жасалуы арқылы қамтамасыз етеді.


Университетіміздің АББТО өңделген бағдаламалар өнімі:

  • Интернет-ресурс: www.wksu.kz;

  • Intranet-сайт: http://inside.wksu.kz;

  • «БҚМУ оқу сабақтарының кестесін құру» бағдарламалық кешені;

  • «Тесттік бақылау жүйесі» бағдарламалық кешені;;

  • «Оқытушы студент көзқарасымен» сауалнама бағдарламасы;

  • «Антиплагиат» автоматталған жүйе;

  • E-Journal v.2.0 (Электронды журнал);

  • «Makhambet» автоматталған ақпараттық жүйе.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу