Жобаның мақсаты: Әр түрлі жастағы жасөспірімдер мен кітапханашы арасындағы бірлескен жұмысты жүйеге қою. Әр кітаптың өз оқырманын табуға жол ашу. Балалар арасында әдеби-мәдени кештер ұйымдастыру. Отандық балалар әдебиетін насихаттау барысында қалың оқырман қауымымен конкурстар, поэзиялық, сахналық кештер өткізу;
Жобаның міндеттері: Қызығушылығы мен шығармашылық қабілетті балаларды біріктіру, олармен ұжымдық, топтық жұмыс жасау; дарынды, шығармашылыққа бейім балаларды қолдау, ынталандыру; Заманауи әдебиеттер мен Отандық ірі шығармалармен таныстыру, пікірлерімен бөлісу, ойларын ортаға салу;кітапханада балалардың жазғы демалысын пайдалы, сонымен қатар
тиімді ұйымдастыру;Кітапхана ісін қалың оқырман арасына жарнамалау, оқырмандар санын көбейту;