Оқушыларды кітап оқуға қалай үйретуге болады?
Бастауыш сыныптың басты міндеті – баланы оқуға үйрету, балаға өмір бойы білімді меңгертетін құралды үйрету. Бұл қандай құрал?
Ол айналадағы дүние құбылыстарын бақылау, көру. Бақылаған, көргендері туралы ойын білдіру, яғни оқу, жазу икемділігі. Бастауыш сыныптарда үлкен қырсық оқудың көптеген оқушылар үшін автоматтық үрдіске айналатындығында. Егер оқушы оны білмесе, оқығанының мағынасын түсінбесе, есепті қалай шығармақ? Бастауыш сыныптарда оқу сабақтарда аз оқытылады, оқу туралы, ненің оқытылтыны туралы сөз көп. Оқу орнына көбінесе тәрбиелеп әңгімелер өткізіледі.
Бастауыш сынып мұғалімдері баланың сыныпта, үйде қанша оқитынын және бұл икемділікті жете меңгеру үшін оның қанша оқу керек екенін зерттеп, есептеуі қажет.
В.Сухомлинский «Мектептің жас директорымен сырласу» деген кітабында өзінің жұмыстары жайында былай дейді: «Мәнерлеп, жылдам, түсініп оқу үшін оқушы қалай дұрыс оқып шығу үшін емес, оқи отырып, оқығанының мазмұны туралы ойлауды үйрену үшін оған байланысты сыныптарда дауыстап – 200 сағат, ішінен 2000 сағат оқуы керек. Бұл бала күніне 1-2-сыныптарда 10 минут, 3-4-сыныптарда 15 минут оқу қажет деген сөз.»
Тез, жүгіртіп оқу – қабілетті оқушының шамасы ғана жететін жылдам оқу емес. Бұл әрбір оқушы міндетті түрде меңгеруге тиісті қалыпты оқу. Жүгіртіп оқу дегеніміз минутына 150-300 сөзге дейін оқу.
Бастауыш сынып оқушысының минутына қанша сөз оқитынын бақылап көргенде, жартысынан көбі межені орындай алмайтыны байқалады.
Барлық оқушыны межеге қалай жеткізуге болады? Осы сұрақтар төңірегінде көп ізденіп, жаңашыл педагогтардың еңбектерін оқып, салыстыра келе мынадай жұмыстар жүргіздім.
І. Әліппеге дейінгі кезең.
Балаларға педагогикалық, психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Ол үшін сыныптағы оқушылардың ата-аналарымен жеке-жеке пікірлесіп, баланың үйдегі мінез-құлқын, өзіне тән ерекшелігін анықтауға тырыстым. Ата-аналарға сауалнамалық сұрақтар беріп, одан қорытынды шығарылды. Оқушылардың отбасындағы орнын және өзін-өзі бағалауын, есте сақтау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын, т.б. зерттеу жұмысын жүргізіп, психологиялық зерттеу жұмыстарына жоспар жасалды. Ата-аналарды алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен таныстырып, не істеу керектігі жайында нұқау берілді. Зерттеу жұмысы осымен ғана шектеліп қалмайды, үнемі толықтырылып, жетілдіріліп, ақыланып отырылды.
ІІ. Әліппе кезеңі.
Әзірлік жұмыстарын зор дайындықпен жүргізгендіктен, әліппе кезеңінде балалар әріптерді тез меңгереді.
Әліппе кезеңінде:
Дауысты, дауыссыз дыбыстар жайында түсінік алды.
Буын құрап оны оқи білуге жаттықты.
Сөздерді буынға бөліп, тұтас оқуға дағдыланды.
Оқушының сөздік қорын көбейту мақсатымен әр әріпті өткен кезде оқулықтағыдан басқа 10 сөз айтуы тиіс болды.
Мысалы: Т әрпін өткен кезде оқушылар трактор, телевизор, телефон, тас, тауық, тай, терезе, Текес, торғай, Талғат, тоты, тарақ, тәрелке, төсек т.б. 18-20 сөзжге дейін айтты.
Дыбыстың, сөздің басында – «тай»
ортасында – «ата»
аяғында – «Талғат» келетінін түсіндіру.
Кез – келген суретке қарап ж дыбысы бар сөз ойлау.
жүзді
Мысалы: Балық желбезек
жүрді
Бала жота
жүгіру т.б.
жарды
Гүл жапырақ
Өлеңді, мәтінді, буынға бөліп, түсініп, дұрыс, қатесіз оқуын қадағалап отыру.
Бір заттың суретін көрсетіп, оның неше дыбыстан тұратынын ауызша, жазбаша талдаттым.
Бала – 0000 Бор – 000 (дыбыс)
Суретке қарап сөйлем құрау, әңгімелеу.
Мысалы: даланың суреті.
Мынау – дала. Далада мал жайылып жүр. Оспан ата мал бағады. Қасында иті бар.
Сызба – нұсқа бойынша сөйлем құрау.
Жаңбыр жауды.
Марат жазу жазды.
Сөйлемнің неше сөзден тұратынына назар аудару.
Әліппеге дейінгі кезеңде арнайы дәптерге жұмбақ, өлең, тақыпытар жазылып, оны жаттап, суреттерін салуға көңіл бөлінді.
Осы жұмыстың барлығы баланың сөйлеу мәдниетінің қалыптасуына, сөздік қорының молаюына, дыбыс, сөз, сөйлем ұғымдарын қалыптастыруға, сөйлемнің бас әріптен басталып, жазылып, соңына нүкте қойылатын меңгерді.
Жазба жұмысы жайында В.А.Сухомолинский былай деген : «Бастауыш сыныптарда 1-сыныптың өзінде – ақ бала қолының ұсақ бұлшық еттері, қолы қалтырамастай әріпті дұрыс жазуы үшін арнайы күш жұмсамастай машықтануы қажет. Тез, анық және сауаты жазып үйрену үшін жазу, оқып үйренудің түпкі мақсаты болмай құралы, амалы болуы үшін оқушы бастауыш сыныптарда дәптердің 1400-1500 бетінен кем жазбауы керек».
Әр дәптерде 12 бет болса, сонда 1500 бет жазу үшін 125 дәптер керек екен. Зерттеп, бақылап көрсек осынша дәптерді пайдаланбайды екенбіз. Жазу сабағында аз жазылады. Жазуға ерекше көңіл бөлдім.
Оқулықтағы , сөздерді кейінірек мәтіндерді бөліп-бөліп көшірту.
Әріпті өткеннен бастап әріп, буын диктант алу. Қайта жазылған сөздерді, әріптерді қашан дұрыс жазылғанша жаздыру.
Бір сөзден бірнеше сөз жазғызу. Мысалы: тарақ деген сөзден (ар аө, ат, тар, қар, қат, ара, тақ, ата, қара, тара)
Үйден диктант, әңгіме жаздыру.
Түйіндей айтқанда, мұғалім баррлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жан-жақты әзірленіп, білімін, шеберлігін баланы тәрбиелеуге жұмсаған кезде, әдіс-тәсілдерді пайдаланған жерде нәтиже болады деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |