Практикалық сабақтың тақырыбы № 4 Басқару іс-әрекетіндегі мінез мәселесі
Практикалық сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Басқару іс-әрекетінің
индивидуалды стильдерінің классификациясын талдай отырып, басқару іс-әрекетіне
психологиялық мінездеме беру
Практикалық сабақтың мазмұны:
Адам мінез-құлқын жарқын бейнелейтін индивидуалды тұлғалық ерекшеліктердің ішінде
ерекше орынды темперамент алады. Темперамент дегенде, қарапайым адамға тән табиғи мінез
ерекшеліктері
және динамика, тонус, ӛмірлік әрекеттерге бірқалыптылық реакция деп
түсінуіміз қажет. Темперамент индивидтің барлық психикалық кӛріністерін бейнелейді. Ойлау,
эмоция, ерік күші сӛз ритміне және темпіне әсер етеді. Сонымен қатар, темпераменттен
тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік бекітілімдері, моральдық тәрбиесі
тәуелді емес екенін
есте сақтауымыз қажет.
Леонгард акцентуацияның 12 типін бӛлген.Акцентуация типіне байланысты мінез
ерекшеліктеріне қысқаша тоқталайық:
1.
Гипертимді тип – үнемі кӛтеріңкі кӛңіл-күймен жүреді, іс-әрекетке деген құштарлық,
айналасындағыларға әр дайын аса зейінді болмағандықтан, ӛзінің жеке күйін күшпен
басқарады. Бала – болашақ гипертим, таңертең оянғанда күліп тұрады және жағымды әлемдік
қатынас объективті жетістіктерге әрдайын шартталған емес .
2.
. Дистимді тип – керісінше, тӛмен кӛңіл-күймен, ӛмірдің қараңғы жақтарына кӛп кӛңіл
бӛледі. Бала оянғанда жылап тұрады, ал ересек жаста ӛмірдің жақсы жақтарын қабылдамайды,
қоршағандардың неодекватты
кінә сезімдерін тудырып, соған байланысты топта жоғары
статусы болмайды.
3.
Циклотимді тип – жоғарыда кӛрсетілген екі типтің кемшіліктерін біріктіреді. Тұлғаның
потологиялық дамуында моникалды-депрессивті психозға әкеледі.
4.
Эмотивті тип – сезімдерімен ӛмір сүреді, барлық эмоционалды күйдің диапазонын
қобалжиды, басқа адамдардың кӛңіл-күйін тез қабылдайды
5.
Демонстративті (истероидты) — бұл тип адамның зейін ортасында болғысы келгенде
кӛрінеді, бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын ұмытады. Демонстративті типке жоғары
ығыстыру қабілеті және әлеуметтік ортаға тәуелділік, ӛзін-ӛзі сендірушілік тән.
6.
Қозғыш тип ( эпилептоидты ) — ӛз
әсерлерін, сӛзін және мінез-құлқын күшпен
басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді.
Ӛткен ӛшпесіне қайта оралып, ӛш алуға бейім.
7.
Тұйықталған тип – бір күйден екінші күйге ауысу ауырлығы, ал оның негізгі қыры – бұл
жоғары бағалы идеялардың қалыптасуы, соған ерекше маңыз білдіреді және қызметке ӛзінің
және басқа адамның ӛмірін қоюға дайын болады.
8.
Педантты (жоғары пунктуалды) — ӛткенге кӛп уақыт бойы ренжу, түкке тұрмайтын
жағдайларға маңызды кӛңіл аудару, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін қстанушы, дәстүрді
ұстанушы,
тұйықталған, жоғары жауапкершіл тип.
9.
Қауіпті – қорқақ тип — қоқақ, тіпті ӛмірдің қиын емес тапсырмаларымен байланысты
болғанда да үнемі қауіпті сезінеді.
10.
Аффективті – экзальтировты тип – нәзік және әсершіл адамдар, шындық ӛмірді
иллюзорлы әлемге ауыстырады.
11.
Интравертті(шизоидті) аз қарым-қатынасқа түседі, тұйық. Ӛзі жайлы ештеңе айтпайды,
ӛзінің уайымын жария еткенді қаламайды.Сезімтал.Мұндай адамдар тіпті жақындарына да суық
қарайды. Мұндай адамдар жолдастарының ӛмірімен
қызықпайды, айналадыларының жетістік
немесе сәттіліктеріне бейжай қарайды. Сезім білдіруде тұйық.Пессимисттнр.Шизоидтермен
жұмыс атқарғанда, сәттіліке қол жеткізу үшін оның әрекетін қызықтырып сол әрекетте
басқалардан ерекшеленетін түсіндіру қажет.Қайта тәрбиелеу әсерлі емес,мағынасыз. Оны
жазалау , санаға келтіру пайдасыз.
12.
Эксравертті (конформды) тип- интровертке қарама –қайшы тип.Кӛп сӛйлеу,
қарым-
қатысқа түсу оңай.Конформист сияқты ӛз ойы болмаса да, ӛзбетті емес.Басқалардан қалмауға
тырысады,бағынуды дұрыс деп санайды. Мұндай адамдар ӛз қызығушылықтарына байланысты
жолдасына қиын сәтте қол ұшын бермеуі де мүмкін. Және де не істесе де, әр кезде себебін
түсіндіре алуға қиындық таппайды.
Кӛбінесе кездесетін
темперамент типтерінің ішінде,яғни күш, қозғалмалылық,
байсалдылық, қызығушылық сияқты сапалардың болуына байланысты оның алты түрі бар:
Күшті (сильный) сангвиник (байсалдылық, күш, қозғалмалылық)
Қозғалмалы холерик( күш,қозғалмалылық,ұшқалақтық)
Ұшқалақ холерик (қозғалмалылық, ұшқалақтық, әлсіздік)
Әлсіз меланхолик(ұщқалақтық, әлсіздік,салғырттылқ)
Салғырт меланхолик( әлсіздік,салғырттылық,байсалдылық)
Байсалды флегматик (салғырттылық,байсалдылық,күш)