Статистикада динамика қатарлары деп құбылыстың дамуын көрсететін жəне хронологиялық тəртіпте жүйелі түрде орналасқан қатарлар аталады. Динамика қатарында əрбір уақыт кесіндісі үшін екі көрсеткіш, яғни уақыт көрсеткіші t жəне қатардың деңгейі y келтіріледі. Динамика қатарлары динамика қатарларында келтірілетін түрлері бойынша жинақтап қорытылған көрсеткіштер мен уақыт белгісінің сипаттамасы бойынша жіктеледі. Динамика қатарларында келтірілетін жинақтап қорытылған көрсеткіштердің түріне сəйкес оларды абсолюттік, қатысты жəне орташа шамалы динамика қатарларына бөлуге болады
Динамикалық қатарлар абсолюттік, қатысты және орта шамалар қатарларына бөлінеді. Уақыт белгісі бойынша абсолюттік шамалардың динамикалық қатарлары мезетті және интервалды болып бөлінеді. Белгілі бір уақыт аралығында қоғамдық құбылыстың даму деңгейін сипаттайтын динамикалық қатарлар интервалды деп аталады.
Динамиканың әр қатары 2 элементтен тұрады: 1) уақыт немесе мезет кезеңі 2) қатар деңгейі. Динамиканың көрсеткіштер жүйесіне:
• абсолюттік өсім;
• өсу деңгейі;
• өсім деңгейі;
• 1 процент өсімнің абсолюттік мәні;
• өсімнің орта жылдық деңгейі.
Динамикалық қатарларды талдау процесiнде бiрқатар көрсеткiштер табылады: 1) абсолютті өсім (не азаю); 2) өсу (не азаю) коэффициентi немесе қарқыны; 3) 1% қосымша өсімнің (не азаюдың) абсолютті мәнi. 1. Абсолютті қосымша өсім немесе азаю — әрбiр кейiнгi кезеңнiң дәрежесiнен бастапқы кезеңнiң немесе өзiнен бұрынғы кезеңнiң дәрежесiн азайту жолымен анықталады. 2. Өсу не азаю коэффициентi немесе қарқыны (К к.) — әрбiр кейiнгi кезеңнiң дәрежесi бастапқы кезеңнiң немесе өзiнен бұрынғы кезеңнiң дәрежесiне қарағанда неше есе не неше пайыз үлкен не кiшi екендiгiн көрсетедi. 3. Арту (азаю) қарқыны (Ka) да екi әдiспен анықталуы мүмкiн. Бiрiншi әдiстi қолданғанда, әрбiр кейiнгi кезеңнiң дәрежесiнен бастапқы кезеңнiң дәрежесi азайтылып, 100-ге көбейтiледi де,бастапқы кезеңнiң дәрежесiне бөлiнедi.
Статистикалық қатарлардың математикалық сандар қатарынан түбегейлi өзгешелiгi бар. Олар материалдық әлем құбылыстарын сипаттайтын көрсеткiштер қатары болып табылады.
Сонымен қарастырылып отырған статистикалық жинақты өзгергiш белгiлерi бойынша қорытып сипаттайтын көрсеткiштер орта шамалар деп аталады
Орта шама өзiнiң функцияларын толық және анық орындай алуы үшiн оған төмендегiдей жағдайлар туғызылуы керек: — орта шамасы анықталатын жинақ бiр жынысты, көлем жағынан жеткiлiктi болуға тиiс; — қарастырылып отырған жинақ бiрлiктерiне тиiстi белгiнiң шамалық мәнi бойынша олардың бөлiнуi құбылысқа тең объективтi бөлiну заңдылығымен үндес әрi сәйкес болуы қажет. Бұл талап үлкен сандар заңының жүзеге асуынан туындайды.
Статистикада орта шаманың сан алуан түрлерi мен формалары бар. Мәселен, агрегаттық орташа, орта арифметикалық, орта геометриялық, орта квадраттық, орта кубтық, орта хронологиялық және тағы басқа шамалар солардың қатарына жатады. Бұлардан тыс бөлiну қатарларында орташаға ұқсас функцияларды атқаратын орта шамалар (варианта мәндерi) да бар. Бұлар мода, медиана және квантильдерден құралады. Олар қатардың тәртiптi немесе кезеңдiк орта шамалары деп аталады.
Арифметикалық орта шама — орта шамалардың ең қарапайым және практикада өте кең қолданылатын түрi. Ол қарастырылып отырған жинақ бiрлiктерiнде кездесетiн кейбiр шамалық мәндердi қосудан алынатын жалпы жиындыға және бiрлiктер санына негiзделедi