Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу. Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету. Көрнекілік



Дата14.02.2018
өлшемі67,39 Kb.
"Ең ақылды оқушы" атты интеллектуалды ойын

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу. Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойынбарысы:

І. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 2топ қатысады қатысады. Ойын 5айналымнан тұрады.

1.Ұшқыр ой

2.Құпия сандық

3.Ойлан тап

4.Айшықты сөздер

5.Білгенге маржан



Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Өзінің арманын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»

Әртопқа ғылым салалары бойыншас ұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек және әр жауапқа 2 ұпайдан алады.

1.Кел, балалар оқылық! Өлеңінің авторы кім? Ы. Алтынсарин

2.Күйді орындайтын адам, күйші

3. Бір жылда неше ай бар? 12 ай

4. Ұя салмайтын құс. Көкек

5. 16 желтоқсан қандай күн? Қ.Р. Тәуелсіздік күні

6. Әліппенің атасы кім? А. Байтұрсынов

7. Абайдың анасының аты кім? Ұлжан

8. Тірі табиғатқа нелер жатады? Адам, өсімдік, жануар

9. 25+15 қосындысы нешеге тең? 40



10. Балалар сөзін орыс, ағылшынша қалай айтады? Ребята, children

ІІ айналым «Құпия сандық»



Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топқа кезекпен кезек жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.

1-о: Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2-о: Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3-о: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

4-о: Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5-о: Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6-о: Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7-о: Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8-о: Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9-о: Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

1-о:Суға батпайды, отқа жанбайды,

Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан. (мұз-лед)

2-о: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн-солнце)

3-о: Тігіп алып көк шатыр,

Қызыл күрең доп жатыр. (қызылша-свекла)

4-о: 1 санға өсірді.

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді. (сынып-класс)

5-о: Сақталады алты ай жаз,

Сандығымда сары аяз. (тоңазытқыш-холодилник)

6-о: Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Зыр жүгіре береді



Ол тынымсыз домалап .(доп-мяч)

7-о: Ағайынды бес туыс

Жамылатын тоны бар.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бар. (қолғап-перчатки)

8-о:Бір қораға қамалғандар,



Жану үшін жаралғандар. (сіріңке-спички)

9-о:Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол ұзыны,

Оны сенде танып ал (керік-жираф)

ІІІ айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан .Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев)

2. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

3.Кейде күнмен теңесем,

Таласып күнмен мен өсем,

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған елімнен

Өсіп келе жатырмын. («Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов)

4. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты.Жұрт асырауға көнеді десті.Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды.Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды.»

( «Көксерек» М.Әуезов)

Мұғалім:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 6 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

5. Бетінен оты шықты (ұялу)

6. Ит өлген жер (алыс)

7. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

8. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

9.Таяқ тастам жер (жақын)

10.Жүрегі тас төбесіне шықты (қорықты

11.Қас пен көздің арасында (тез, жылдам, лезде)

12.Ат құлағында ойнайды (шабандоз)

Ойынымыздың соңғы айналымы «Білгенге маржан» деп аталады

Бұл айналымда 2 пән беріледі.Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.



Математика

1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)

2. 1дм - де неше см бар?(10)

3. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)

4. Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың периметрін тап?(12)

5. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)

6. 2 жылда неше ай бар?(24)

7. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады? (кесінді)

8. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)

Дүниетану

1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)

2. Құлағы үлкен жануар (піл)

3. Сезім мүшелерін ата (көз, тері, мұрын)

4. Киелі құс (Аққу)

5. Ұша алмайтын құс (түйеқұс)

6. Өсімдік мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ)

7. Ауаның ластану себептері (қоқыс қалдықтары)

8. Шөлге шыдамды жануа (түйе)

Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Әділқазылар ұпай санын есептегенше барлығымыз тұрып «фиксики» билейік.Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.Ұтқан топқа мадақтау қағазымен марапаттадым.

«Қарағайлы кенті ЖББ №16 орта мектебі»КММ-сі



«Жазықтар.Қазақстан таулары»

Ашық сабақ

4«Б»сынып

Сынып жетекші:Несіпбай.С.Н



2017-2018 оқу жылы
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу