Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет5/12
Дата17.06.2018
өлшемі285,38 Kb.
#42749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
66. Студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әрбір оқу пәні немесе оқу жұмысының түрі бойынша меңгеретін кредит санымен өлшенеді.

ӘАОО-ларда курсанттың өзіндік жұмысы оқытушының жетекшілігімен, оның ішінде аудиториялық сабақтар түрінде жүргізіледі.

67. ОПҚ-ның оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарының кестесі бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының студентпен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.

68. Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық, зертханалық, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтары бұдан өзгеше, онда бір академиялық сағат тиісінше студиялық сабақтар үшін – 75 минутқа немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минутқа тең.

Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.



ӘАОО-ларда барлық оқу сабақтарының түрлеріне, практикалардың және қорытынды аттестаттаулардың барлық түрлеріне қатысты бір академиялық сағат кемінде 40 минутты құрайды.

69. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:

1) семестр түріндегі академиялық кезең бойында студенттің аудиториялық жұмысының;

2) кәсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының;

3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша жұмысының;

4) студенттің мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.

70. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.

Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 40, 50, 75 немесе


100 минутқа тең болуы мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті СӨЖ сағаттарының санымен толығады, осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.

Дәрістермен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі студенттің оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.

Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды.

Практиканың әрбір академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа) студенттің қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат.

Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша студенттің оқытушымен байланыс жұмысының немесе мемлекеттік емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша студенттің оқытушымен жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Студентті қорытынды аттестаттаудың әрбір академиялық сағаты 6 сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.

71. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, тағылымдамалармен каникулдан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.

72. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.

73. ӘАОО-ны қоспағанда, академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден, немесе ұзақтығы 10 апта болатын триместрден, немесе ұзақтығы 7-8 апта болатын тоқсаннан тұрады.

Жоғары оқу орны академиялық кезеңнің нысанын және оған қоса оны ұйымдастырудың біріктірілген нысанын да дербес анықтайды.

74. Әрбір академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.

75. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіліп, ағымдағы үлгерім бағалары (ағымдағы және межелік бақылаулар нәтижелері бойынша орташа арифметикалық бағалар) ескеріле отырып, пәндер бойынша қорытынды бағалар шығарылады.

Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.

ӘАОО-ларда пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерімді бағалау үлесі кемінде 60 %-ды, ал қорытынды бақылауды бағалау үлесі кемінде 40 %-ды құрауы тиіс.

76. Бітіруші курсты қоспағанда, студенттерге оқу жылы ішінде кемінде екі рет жалпы ұзақтығы кемінде 7 аптаны құрайтын каникул беріледі.

ӘАОО-ларда курсанттарға каникулдар бітіруші курсты қоспағанда, оқу жылының ішінде кемінде 2 рет беріледі, оның жалпы ұзақтығы кемінде 6 аптаны құрауы тиіс.

77. Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік, дипломалды және т.б. болып бөлінеді.

Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемі тиісті практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек қажетсінуіне көбейтіледі және студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді.

Практиканың 1 кредитінің еңбекті қажетсінуі оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика, тағылымдамалар үшін 2,5 аптаны құрайды.

78. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) қарай анықталады.

Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа тең, яғни 2 апта. Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.

Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және оны тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.

Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит, яғни тиісінше 4 апта бөлінеді. Бұл ретте 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау кіреді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау процесінің өзі алдын ала кәсіптік практика барысында және теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асырылады.

79. Білім алушылардың (бітіруші курсты қоспағанда) қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық қарызды немесе айырмашылықты жою үшін, игерген кредиттерін өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа жоғары оқу орнында оқу пәндерін оқып-үйрену, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін, екі дипломды білім беру шеңберінде аралас мамандықты меңгеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.

Бұл ретте академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою және қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.

ӘАОО-ларда (бітіруші курсты қоспағанда) курсанттардың қосымша оқуға қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды жою, оқу пәндерін басқа жоғары оқу орнында оқу, үлгерімнің орташа балын жоғарылату үшін ұзақтығы кемінде 4 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.

80. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушының теориялық оқу бойынша кемінде 129 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін игеруі болып табылады.

Жекелеген мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай (жоғары арнаулы білім беру бағдарламаларын қоса алғанда) білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты ретінде студенттің:

1) «Өнер» тобы бойынша – теориялық оқудың 160-180 кредитіне дейін;

2) «Әскери іс және қауіпсіздік» тобы бойынша – теориялық оқудың 170-190 кредитіне дейін;

3) «Ветеринария» тобы бойынша – теориялық оқудың 160 кредитіне дейін;

4) «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» тобы бойынша – теориялық оқудың 190-224 кредитіне дейін игеруі болып табылады.

Бұл ретте жоғары оқу орны іске асырылатын білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне қарай игеруге қажетті кредиттер көлемін арттыра алады.

Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда, студентке оқу мерзіміне қарамастан «бакалавр» дәрежесі беріледі.

81. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен білім алушылар үшін кредиттер саны мен білім беру бағдарламасының қажетті көлемін жоғары оқу орны білім туралы құжат иегерінің алдыңғы білім деңгейінің бейінін, негізгі және кәсіби құзыреттерін ескере отырып дербес анықтайды.

82. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы:

1) жоғары оқу орны есептеп, транскриптіне міндетті түрде енгізетін алдыңғы білімде меңгерген пререквизиттеріне қарай өзінің жеке оқу жоспарын құрастырады;

2) тиісті мамандық бойынша, бірақ алдыңғы білім деңгейін ескере отырып, қолданыстағы білім беру бағдарламасы негізінде жоғары оқу орны дербес анықтайтын жеке оқу мерзіміне және білім беру бағдарламасының көлеміне ие болады.

83. Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі оқыту нысанында білім алушы 18-21 кредитті меңгереді. Сырттай немесе кешкі оқыту нысанының білім алушысына жоғары оқу орны ең аз кредит көлемін белгілейді, бұл ретте тиісінше оның оқу мерзімі көбейеді. Сырттай оқу нысаны техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру негізінде ғана жүзеге асырылады.

ӘАОО-ларда семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі оқу нысанының курсанты бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 18 кредитті меңгереді. Кешкі немесе сырттай оқу нысанындағы білім алушыға ӘАОО кредиттердің аз санын белгілейді, бұл ретте оның оқу мерзімі тиісінше көбейеді.

84. Жоғары оқу орны білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессорлық-оқытушылық құраммен, кітапхана қорымен, Интернетке және басқа да ақпараттық ресурстарға қол жеткізумен, қаладан тыс жерлерден келген студенттерді жатақханамен және студенттерді қолдаудың басқа да қызметтерімен қамтамасыз етеді.

85. Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы қолданыстағы санитариялық қағидаларға сәйкес болуы тиіс.

86. Жоғары оқу орны әрбір студентті мамандығының бейініне сәйкес кәсіптік практикалар базасымен қамтамасыз етеді.

87. Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған.

Жоғары оқу орнының оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтай отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға құқылы.

88. Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру әрбір студенттің ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорына еркін қол жеткізуі, барлық модульдер, пәндер, оқу жұмысының барлық түрлері – практикумдар, курстық және дипломдық жобалау, кәсіптік практика, студенттің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың, сондай-ақ көрнекі құралдар мен аудио- және бейнематериалдардың болуы арқылы қамтамасыз етіледі.

Жоғары оқу орны студенттердің электронды кітапханаларда орналастырылған халықаралық дереккөздерін қоса алғанда оқу, ғылыми, ақпараттық базаларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

89. Білім алушылардың зерттеу қызметіне қойылатын талаптар.

Студенттердің зерттеу жұмыстары оқу процесінің жалғасы және тереңдетілуі болып табылады және тікелей кафедраларда, зертханаларда, ғылыми, конструкторлық және жоғары оқу орындарының жобалық бөлімшелерінде, студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде (конструкторлық және өзге де бюролар, орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары және т.б.) ұйымдастырылады.
______________________________________

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

1-қосымша


Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы


Р/с



Пәндер мен циклдердің аталуы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

кредит саны бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1215

28

1)

Міндетті компонент

810

21




Қазақстанның қазіргі заман тарихы

135

3




Философия

135

3




Шетел тілі

270

6




Қазақ (Орыс) тілі

270

6




Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

135

3

2)

Таңдау компоненті

405

9

2

Базалық пәндер (БП) циклі

3150

69

1)

Міндетті компонент

900

20




Кәсіби қазақ (орыс) тілі

90

2




Кәсіби бағдарлы шетел тілі

90

2

2)

Таңдау компоненті

2250

49

3

Бейіндеуші пәндер циклі

1440

32

1)

Міндетті компонент

225

5

2)

Таңдау компоненті

1215

27

4

Теориялық оқыту бойынша жиыны

5805

129

5

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)







1)

Міндетті компонент










Дене шынықтыру

240

8




Кәсіби практика (КП) (түрлері бойынша)

Практиканың түріне қарай

кемінде 6

2)

Таңдау компоненті







6

Қорытынды аттестаттау







1)

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан

105

1

2)

Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру*

210

2

Ескертпе:

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде жоғары оқу орны:

1) кәсіби практиканың көлемін 20 кредитке дейін ұлғайтуға;

2) білім беру бағдарламасын меңгеру логикасын бұзбай, пәндерді бір семестрден басқасына ауыстыруға;

3) оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің көлемін ұлғайтуға;

4) пререквизиттерді ескере отырып, практикаларды өткізу мерзімін дербес белгілеуге;

5) мемлекеттік емтихан ретінде екі бейіндеуші пәннің тізбесін дербес анықтауға құқылы.


_________________________

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

2-қосымша


ӘАОО-ларда жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы


Р/с



Пәндер мен циклдердің аталуы

Кредитпен есептелген оқу жұмысының еңбек сыйымдылығы

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

кемінде 27

1)

Міндетті компонент

кемінде 18




Қазақстанның қазіргі заман тарихы

3




Философия

3




Шет тілі

6




Қазақ (орыс) тілі

6

2)

ЖОО компоненті

кемінде 9

2

Базалық пәндер (БП) циклі

кемінде 70

1)

Міндетті компонент

кемінде 20

2)

ЖОО компоненті




3

Бейіндеуші пәндер циклі

кемінде 32

1)

Міндетті компонент

кемінде 5

2)

ЖОО компоненті




4

Теориялық оқыту бойынша барлығы

кемінде 129

5

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)




1)

Міндетті компонент







Дене шынықтыру

кемінде 8




Кәсіби практика (КП) (түрлері бойынша)

кемінде 6

2)

ЖОО компоненті




6

Қорытынды аттестаттау




1)

Мамандық бойынша мемлекеттік кешенді емтихан

1

2)

Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе екі базалық және/немесе екі бейіндеуші пәндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру

2

______________________________________

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

3-қосымша


Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы

(оқу мерзімі – 4 жыл)




Р/с



Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/

оқытушымен байланыстағы сағаттар



СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Теориялық оқыту (1:2)

129

105

5805

1935

3870

55,3

2

Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0)

8

60

240

240

-

4,0

3

Қорытынды аттестаттау (1:6), оның ішінде:

3

6

315

45

270

52,5

1) мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін)

2) дипломдық жұмысты жазу және қорғау



1
2

2
4

105
210

15
30

90
180

52,5
52,5




ЖИЫНЫ

140

111

6360

2220

4140

-

4

Практика (кәсіби), оның ішінде:

6

5-11

150-330

90

60-240

30,0

1) оқу (1:0)

2

1

30

30

-

30,0

2) педагогикалық (1:1)

4

4

120

60

60

30,0

3) өндірістік (1:4)

4

10

300

60

240

30,0

5

Каникулдар

-

63-57

-

-

-

-

6

Емтихан сессиясы (7х3 апта)

-

21

-

-

-

-




БАРЛЫҒЫ (52 апта х 4 жыл - 8 апта=200)

146

200

6510-6690

2370

4140-4320



Ескертпе:

1. Бакалавр дәрежесін алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).

2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).

3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін оқу практикасы 2 кредит көлемінде, сондай-ақ педагогикалық және/немесе өндірістік практиканың жалпы көлемі кемінде 4 кредит көлемінде жоспарланады.

4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің апталық жүктемесіне енбейді.

5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).

6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда, оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.

7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.

8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.


_______________________________

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

4-қосымша

   

Жоғары арнаулы білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі – 5 жыл)




Р/с



Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/

оқытушымен байланыстағы сағаттар



СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Теориялық оқыту (1:2)

161

135

7245

2415

4830

53,7

2

Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0)

8

60

240

240

-

4,0

3

Қорытынды аттестаттау (1:6), оның ішінде:

3

6

315

45

270

52,5

1 мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін)

2) диплом жұмысын жазу және қорғау



1

2


2

4


105

210


15

30


90

180


52,5

52,5





ЖИЫНЫ

172

141

7800

2700

5100

30,0

4

Практика (кәсіптік), оның ішінде:

6

11

330

90

240

30,0

1) оқу (1:2)

2

1

30

30

-

30,0

2) клиникалық, өндірістік және т.б. түрлері (1:4)

4

10

300

60

240

30,0

5

Каникулдар




73













6

Емтихан сессиясы (9х3 апта)




27
















Барлығы (52 апта х 5 жыл - 8 апта =252)

178

252

8130

2790

5340



Ескертпе:

1. Біліктілік алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіптік практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).

2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).

3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте жоғары арнаулы білімнің барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, сондай-ақ өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.

4. Қорытынды аттестаттаудың және дене шынықтыру сабақтарының жалпы көлемі (сағатпен) студенттің орташа апталық жүктемесіне енбейді.

5. Қызмет түрлері бойынша апта саны өзгеруі мүмкін, бұл ретте орташа апталық жүктеме 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).

6. Каникул ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда, оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы тиіс. Оқу жылындағы 7 аптадан артық каникул уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.

7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.

8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен каникул уақыты есебінен жоспарлауы мүмкін.


______________________________________

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

5-қосымша


ӘАОО-ларда бакалавриаттың білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы


Р/с



Қызмет түрлері

Кредиттер саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

КӨЖ (оның ішінде КОӨЖ)

1

Теориялық оқыту (1:2)

кемінде 129

кемінде 105

кемінде 5805

кемінде 1935

кемінде 3870

кемінде 55,3

2

Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0)

кемінде 8

кемінде 60

кемінде 240

кемінде 240

-

кемінде 4,0

3

Қорытынды аттестаттау (1:6), оның ішінде:

3

6

315

45

270

52,5

1) мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін)
2) диплом жұмысын жазу және қорғау

1
2

2

4


105

210


15

30


90

180


52,5

52,5





БАРЛЫҒЫ

кемінде 140

кемінде

111


кемінде 6360

кемінде 2220

кемінде 4140

-

4

Практика (кәсіптік), оның ішінде:

кемінде 6

кемінде 5

кемінде 150

кемінде 90

кемінде 60

кемінде 30,0

1) оқу (1:0)

кемінде 2

кемінде 1

кемінде 30

кемінде 30

-

кемінде 30,0

2) өндірістік (1:4)

кемінде 4

кемінде 10

кемінде 300

кемінде 60

кемінде 240

кемінде 30,0

5

Каникулдар

-

63-57

-

-

-

-

6

Емтихан сессиясы (7х3 апта)

-

21

-

-

-

-




Барлығы (52 апта х 4 жыл - 8 апта=200)

кемінде 146

кемінде 200

кемінде 6510

кемінде 2370

кемінде 4140




__________________________________

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

6-қосымша


Тиісті білім беру деңгейлерінің дәрежелерін бере отырып мамандықтар тобын анықтау құрылымы


РР/с№

Мамандықтар тобының атауы

Бакалавриат мамандығы бойынша берілетін дәреже

Магистратура мамандықтары бойынша (бейіндік/ғылыми-педагогикалық бағыт) берілетін дәреже

Философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор берілетін дәрежесі




1

2

3

4

5

1.

Білім

Білім бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша




Білім магистрі/ Педагогика ғылымдарының магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Білім докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



2.

Гуманитарлық ғылымдар

Гуманитарлық білім бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



Гуманитарлық білім магистрі/Гуманитарлық ғылымдар магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Гуманитарлық ғылымдар докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



3.

Құқық

Құқық бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша




Құқық магистрі/заң ғылымдарының магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Құқық докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



44.

Өнер

Өнер бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша




Өнер магистрі/өнертану ғылымдарының магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Өнер докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



55.

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

1. Әлеуметтік білім бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша (әлеуметтік бейін)

2. Экономика және бизнес бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша (экономика бейіні)



1. Әлеуметтік білім магистрі/Әлеуметтік ғылымдар магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша (әлеуметтік бейін);

2. Экономика және бизнес магистрі/экономика ғылымдарының магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша (экономика бейіні)



PhD/Әлеуметтік ғылымдар докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша;


PhD/Экономика және бизнес докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша;




66.

Жаратылыстану ғылымдары

Жаратылыстану бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша




Жаратылыстану магистрі/Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Жаратылыстану докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



77.

Техникалық ғылымдар және технологиялар

Техника және технологиялар бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша




Техника және технологиялар магистрі/Техника ғылымдарының магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Техника және технологиялар докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



8


Ауылшаруашылық ғылымдар

Ауыл шаруашылығы бакалавры«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша


Ауыл шаруашылығы магистрі/Ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



99

Қызмет көрсету

Қызмет көрсету саласының бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



Қызмет көрсету саласының магистрі/Ғылым магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Қызмет көрсету саласындағы доктор

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



110.

Әскери іс және қауіпсіздік

Әскери іс және қауіпсіздік бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



Әскери іс және қауіпсіздік магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Әскери іс және қауіпсіздік докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



111.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)

1. Денсаулық сақтау бакалавры «мамандық атауы және код» мамандығы бойынша;

2. Әлеуметтік қамсыздандыру бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша


1. Денсаулық сақтау магистрі/Медицина ғылымдарының магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша;

2. Әлеуметтік қамсыздандыру магистрі/Ғылым магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



1. PhD/Медицина докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша






Арнайы білім беру мамандықтары

12


Ветеринария

Ветеринария бойынша маман

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша




Ветеринария магистрі/Ветеринария ғылымдарының магистрі

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



PhD/Ветеринария докторы

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



113

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)

Жалпы медицина бакалавры

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша

Дәрігер-маман

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша

Стоматология бакалавры/дәрігер-маман

«мамандық атауы және код» мамандығы бойынша



х

х

______________________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы « »

№ қаулысына

5-қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

бекітілген

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-бөлім. Магистратура




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет