«АНА ТІЛІ – ҰЛТ ТАҒДЫРЫ»
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс», - деп оның қоғам өміріндегі орны мен рөлін, қадір-қасиетін айрықша атап көрсетті.
«Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп түсініп, мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі қолданысы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметі, оның бүгіні мен болашағына толғанатын қауымның тіл мәселесіне ерекше назар аударып отырғаны анық.
Тіл - әрбір халықтың дербес ұлт екендігінің бірден-бір айқын куәсі. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік – ана тілден бастау алдаы. Тілін білмеген тарихын білмейді, тарихын білмеген соң, салт-дәстүрін білмейді, салт-дәстүрін білмегесін, мәдениетімзідді білмейді. Осыдан барып тұла бойында ұлттық рухын сыйлаудан алшақтап, отаншылдық сезімі орнықсызданады.
Тіл туралы ұлы жазушы М.Әуезов: «Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барамын десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, ана тілі әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек»-дегенді.
Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев , М.Әуезов сынды ағаларымыздың көбі басы байлауда, аяғы бұғауда кетті. Ана тіліне қамқорлық жасау, оны қолдану ең алдымен елдің болашағы бізге – жастарға жүктеледі.
Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Сондықтан ана тілімізді құрметтеуіміз керек. Тілді дамыту - әрбір мемелкет үшін аса маңызды мәселе. Мемлекеттік тіл – халқымыздың рухани, мәдени бірлігінің көзі. Ұлттық және елдік бірлікті қалыптастырушы екені айдан анық.
Тіл – қатынас құралы ғана емес, халықтың тәжірбиесі жинақталған мол қазынасы, мұрасы . Ұлттық тіл – ұлттық философияның қайнар көзі. Оған – қазақтың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдеріндегі философиялық ой негізі бола алады. Ата бабаларымыз ауыз әдебиеті арқылы артына қаншама мол мұра қалдырып кетті. Соны ұлттық тіл арқылы жеткізбесе, не арқылы жеткізеді? Ұлттық тіл сақталмаса, ұлттық тарихымызды кім шынайы жазып береді?
Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік деген ұғыммен тікілей байланысты. Тілде жоқ тәуелсіздік – елде де жоқ.
«Тіл – ұлттың дүниесі. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі» - деп Л.Н.Толстой дәл айтқан.
Егемен еліміздің еңсесі биіктеген сайын туған жерімізге қызыға қарамайтын, елдегі бірлігімізге сүйсінбейтін ел жоқ та шығар. Елімізді мекендеген барша ұлттың тарихи Отанына айналқан қазақ жері – бүгінгі таңда барлығымыздың туған жеріміз. Осы туған жерімізде барлығымыз салт-дәстүрімізді жаңғыртып, өскелең ұрпақ бойына сіңіріп те жатырмыз. Туған тарихымыз да талай –талай шежіре шертеді.
К.Р.Ушинский: "Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын, тарихы бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел – жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз” – деген.
“Ана тілі дегеніміз – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді” (Ғ.Мүсірепов).
Тіл – ойдың елшісі. Кез келген оқиға жүрек қылын шертіп, ой елегінен өтіп, ақыл таразысына салынады. «Бас кспек болса да, тіл кеспек жоқ», - деп, тіліне ерек тиген жыраулар шыңдықты жырлайды.
Халықтың психологиясын, дүниетанымын, табиғаттағы әр құбылысқа деген деген көзқарасын ана тілінен, әдебиетінен танимыз.
Тіл – ұлттың ұлттылығын білдіретін көрсеткіштердің ең бастысы. «анаңды жоғалтсаң да, ана тіліңді жоғалтпа» деген мәулі сөз кімді болсын тебірентері белгілі. Қазақ халқы - өз ана тілін аса ардақ тұтып, өнердің ең жоғарғы сатысына қоя білген халық. Халқымыз ерте заманнан тіл шеберлігіне, сөйлеу мәдениетіне айырықша мән беріп, ұқыпты қараған. Сөз қадірін білуге баланы тілі шыққан кезден-ақ тәрбиелеген.
Ана сүтімен бойға сіңген ана тәрбиесі, үлгі-өнегесі, асыл өсиеті адамның көкірегінде жатталып, өл-өлгенше сақталады. Сол үшін әрбір қазақ әйелінің дүниеге келген сәбиі жылағанда, қазақша әлдилеп жұбатып, қазақша бесік жырын айтып ұйықтатып, қазақ тілінде ертіге айтып үйретсе, неге білмес.
Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы ғана өз тілін «Ана тілі» деп ардақ тұтады. Қазақ үшін тілден құдіретті, сөзден қастерлі ештеңе болмаған.
Ана тілі - әр ұлттың негізгі қасиетті белгісі, ұлттың жан дүниесі. Тіл - халықтың қымбат қазынасы, халықтың рухани байлығы, халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы, мәдениеті. Ал біз үшін қазақ тілі. Ана тіл жан дүниеміз, баға жетпес байлығымыз.
Шындығында да, қазақ халқының басында талай қиын нәубеттің, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Ұлттық руханияттың, оны жасайтын ұлттық идеологияның орталық негізгі мәселесі – тіл. Ұлттық тілдің қоғам өмірінде алатын орны қандай екендігінде көптеген мәселелердің шешімі жатыр. Сол ұлтпен бірге оның тілі де үстемдік құрса, оның руханияты толыққанды өмір сүреді. Халықтың өзімен бірге болатын бар байлығы - ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.
Тіл – ұлттың ұлт болып өмір сүруінің, ұлттық руханияттың салтанат құруының бірден-бір өлшемі, өзегі, ұлттық дамудың бірден-бір шарты, көрсеткіші, болашағы. Тілдің қоғам, ұлт өміріндегі осындай аса маңызды орын алатындығына байланысты тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдарда осы бір аса маңызды мәселені көтерген мақалалар баспасөз бетінде жиі көрінді. Бұлардың барлығында дерлік ғасырлар бойы бодандықта болып келген қазақ ұлтының тілін жандандыру, тілді дамыту арқылы ұлттық жаңғыруға қол жеткізу, оның рухани өміріміздегі көшбасшылық ролін арттыра түсу мәселелері батыл көтерілді.
Кеңес үкіметі тұсында барлығы орыс тілін білуге аса қажеттілік туып тұрған соң амалсыз үйренді. Сол секілді қазіргі таңда да қайда, андай жағдай болмасын Қазақстанда өмір сүру үшін қазақ тілін білуге қажеттілік тудыру керек.
Тәуелсіздік алғалы бері қазақ тілін оқытып үйретуге арналған қаншама оқу құралдары шығып жатыр.
Тіл үйрену, түсіну әр адамның жеке шаруасы болғанымен, мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың парызы. Оны әр адам «менің міндетім» деп қабылжаса, азаматтық парызын өтегені болып табылады.
Елбасы мемлекеттік тіл мен ресми тілдің әрқайсысының қоғамдағы өзіндік рөлін соқырға таяқ ұстатқандай белгілеп берген.
Қазақ тілідегі балабақша санын тиісінше көбейту;
Білім, денсаулық, сауда және халқықа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандырының қаза тілін жетік меңгеруге ұмтылу;
Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан жиі насихаттап, тіл салт-дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыру қажет;
Ана тілі - әр ұлттың негізгі қасиетті белгісі, ұлттың жан дүниесі. Тіл - халықтың қымбат қазынасы, халықтың рухани байлығы, халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы, мәдениеті. Ал біз үшін қазақ тілі. Ана тіл жан дүниеміз, баға жетпес байлығымыз.
Болашағы бар ел алдымен тілін қадірлейді. Әрине, тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құрал Сондықтан, тіл мәселесі – аса ауқымды мәселе. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры, ұрпақ тағдыры. Тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіздігін алған қазақ қауымы да ұлттық мемлекетін құрып, қоғамдық дамудың сан алуан әлеуметтік, экономикалық мәселелерімен қатар ана тіліміздің де бодандық замандарда қордаланып, әбден шиырланып қалған өзекті проблемаларын да шешуге батыл кірісіп кетті. Бұл істе, әсіресе, қазақ қаламгерлері, әдебиетші, тілші ғалымдар белсенділік танытты. Ең бастысы – осы кездерде қазақ тіліне қатысты жарияланған пікірлерде ұлт тілінің қазақ қоғамының жемісті жолда дамуындағы аса маңызды рөліне жұртшылық көзін жеткізе білді. Тіл – ұлттық дамудың рухани көрсеткіші болғандықтан да осы кездерде қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсе түсуінде айтарлықтай ілгерілеулер болғанын алдымен атап өткен жөн. Десек те, қоғам дамуымен бірге рухани салада туындап отырған проблемалардың түрлі себептерге байланысты замана талабына сай уақытылы шешімін тауып отырмағандығы салдарынан қазақ тілінің де көптеген мәселелерінің шешім табуы жаңа ғасырға қарай ұласты.
Сөздің соңын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сөзімен аяқтасам:
“Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті”, “Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі”.
Айдарлы негізгі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Құрманғожина Жұмажан Валиханқызы
Достарыңызбен бөлісу: |