«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ
«Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат»
(тренинг - жиналыс)
Өткізген: Рахымбаева З.Т
2018-2019 оқу жылы
ШҚО
Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы
«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Рахымбаева Зауреш Толеутаевна
Тақырыбы
|
«Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат» (тренинг - жиналыс)
|
Мақсаты:
|
Ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру,дамыту.
|
Міндеті:
|
Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;
|
Көрнекілігі:
|
Интерактивті тақта, слайд.
|
|
|
Кезеңі:
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Ата-ананың іс-әрекеті:
|
Ресурс:
|
Жүру барысы:
|
Жүргізуші: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби «Ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - атаның парызы.
Енді тренигімізді бастамас бұрын бәрлеріңізді ортаға шаттық шеңберіне шақырсам.
|
|
|
І. «Бойыма біткен қасиет»
|
Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін
Мен көрікті - Әсеммін;
Мен дарынды – Дидармын.
|
Ата-аналар ортаға шеңберге келіп тұрады
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |