Үш тұҒырлы тіл – заман талабы



Дата22.05.2018
өлшемі31,4 Kb.
#40618
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Қазақ тілінен асыл, қазақ тіліне бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін белсе, дін де осында, ғылым-білім де осында, әулиелік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың бәрі жақсы болып, әулие болып өтті».

Мағжан Жұмабайұлы
Тіл – әрбір ұлтттың баға жетпес байлығы. Тілдің адам өміріндегі ең шешушірөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол – тану мен түсінудің, дамудың құралы. Бабаларымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деген дәуіріне біз енді аяқ басудамыз.

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни «мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз». Сондықтан мемлкетіміз ана тілге қатысты жұмыстарын бұрынғыдан да қарқынды жүргізіп, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тіл аясында топтасуына ұйытқы болсын деген мақсатта жаңа реформа қолға алынды. Ол – 2015-2019жылы толығымен жүзеге асыру көзделіп отырған «Үш тұғырлы тіл» жобасы. Бұл жөнінде Елбасының: «Үш тұғырлы тіл дегенеміз – қазақ. Орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керсінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің ьаласы жоқ. Үш тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес. Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деген сөзі бар. Алайда қазіргі таңда орыс тілі мен ағылшын тілінің тасы өрге домалауда. Қарапайым халықтың өзі балаларын орыс сыныптарына беріп, ағылшын тілдерін толық меңгеруіне барынша жағдай жасауда. Бұл – әрине, заман талабы деуден басқа шара жоқ.

«Үш тілдің бірлігі» жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты – мемлекеттік тіліміздің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу.

Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта  көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі Абай Құнанбайұлы, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев сияқты талай тарландырымыз қанша жерден ресей топырақтарында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба алмаған.



Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық. Кеңес заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл-заман талабы еді.Орыс тілін үйреніп,орыстардың өзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік.Енді алдағы асу –ағылшын тілі. Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетіні анық..

Бұл мәселе жайында, 2005 жылы Қазақстан үштілділікті ендіру туралы ұсыныс жасаған социопсихо-лингвист, тіл теориясының маманы, еліміздегі аймақтық-әлеуметтік лингвистиканың негізін салған, 40-тан астам үлкенді-кішілі монографиялардың авторы Бақытжан Хасанұлы «ЖЕБЕ» газетінде «үштілдік» реформасына қатысты «Атам қазақ 13-те отау иесі дегенді бекер шегелемеген, Абайша айтқанда, тұлға болып қалыптасатын 13жастан бастап ғана балаға ана тілден басқа тілді үйрету керек. Ал баланы зорлап оқыту оның, біріншіден, ой-жүйесінің дамуына кері әсерін берсе, екіншіден ұлт ретінде қалыптасуын тежеп тастайды. Өйткені қалған екі тілді халықаралық қатынас тілдері ретінде қалыптасып, қанаттары қатайған, оның шырмауынан шығу оңай емес. Мектеп жасында оқытылған күннің өзінде өте жоспарлы түрде, қазақ мәдениеті, салты, ғұрпы, басқасы толық қамтыла, әрі тек қазақ тіліне сүйене отырып ғана оқытылуы тиіс. Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатындар міндетті түрде қазақ тілін жақсы білуі тиіс.» деп, өз ойын ортаға салған.
Каталог: uploads -> doc -> 0c04
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c04 -> Ақмола облысы Бұланды ауданы Алтынды ауылы Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі
0c04 -> Әжеме қонаққа келдім (киіз үйге) ШҚО облысы, Үржар ауданы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет