НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2. Авторлық құқықтың объектілері 3. Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары 4. Автор құқығы, авторлық құқықты қорғау 5. Автордың жеке мүліктік емес, мүліктік құқықтары ҚОРЫТЫНДЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Авторлық құқықтың түсінігі Авторлық құқық - санаткерлік меншік саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (автолрық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқық) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Авторлық құқық - азаматтық құқықтың бір институты. Авторлық құқық жеке институт ретінде белгілі бір мәселелерді реттейді, оған мүліктік, мүліктік емес құқықтар және автордың заңды мүдделерін толықтай қорғау, ғылыми және көркем туынды шығару үшін құқықтық әдістерді пайдаланып жағдай жасау, туындының қоғамда кең қолданылуы жатады. Объективтік мағынада, авторлық құқық - ғылым, өнер, әдебиет туындыларын шығару және қолдануға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективтік мағынада, авторлық құқық дегеніміз - ғылым, өнер, әдебиет туындыларын шығарған адамның мүліктік және мүліктік емес қатынастары. Авторлық құқық ауызша, жазбаша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, көлемді-кеңістікті сипатта жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындысына, оның жасалу дерегіне қарай туындайды. Осы авторлық құқықтың пайда болуы және оны әрі жетілдіру, дамыту үшін ол туындыны тіркеу, өзге де арнайы ресімдеу немесе кез келген шарттылықтың жүзеге асуы басты талап емес. Авторлық құқықтың қолданылу аясы, ол автордың бүкіл ғұмыр бойы және автор қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды. Автордың өзінің құқығын, оның есімінің құқығын және автордың беделін қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды. Белгілі бір туындыға авторлық құқықтың пайдалану уақытының бітуі олардың қоғамдық игілікке айналғандығын білдіреді. Біздің еліміздің аумағында қорғауға алынбаған туындылар да қоғамдық игілікке айналған болып табылады. Ал қоғамдық игілікке айналған туындыларды кез келген адам авторлық сыйақы төлемей еркін қолдана алады. Ондай жағдайда авторлық құқық автор есімінің құқығы мен беделін қорғау құқығы сақталуға тиіс. Негізінен авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретінде беріледі және ол мұрагерлік тәртібімен заң бойынша немесе өсиет бойынша беріледі. Сол себептен де, авторлық құқық дегеніміз - бұл жай ғана сөз, жалған жансыз түсінік емес, ол әрбір өнерге құштар адамның, ғалымның, өнертапқыштың толағай жемісі, еңбегінің нәтижесі.