Пайдаланылған әдебиеттер


Автордың жеке мүліктік емес, мүліктік құқықтары



бет5/6
Дата14.03.2023
өлшемі94,5 Kb.
#172363
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
гармонизация
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, treatise125445 (5), тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко
Автордың жеке мүліктік емес, мүліктік құқықтары
Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:
- қоршауға алынған латынша "С" әрпi;
- айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
- туындының алғаш жарияланған жылы.
Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленушi туындыға айрықша мүлiктiк құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  1. Бiр жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (қызметтерiн) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың бiртектi тауарларынан (қызметтерiнен) ажырату үшiн қолданылатын (соған арналған) туындылар авторлық құқық объектiсi ретiнде тiркелмейдi.

  2. Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы деп саналады.

  3. Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде осы Заңға сәйкес автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi.

  4. Егер өзiн жарияланбаған туынды қолжазбасының авторымын деп санайтын жеке тұлға оны басқалардың заңсыз пайдалануына немесе иемденiп кетуiне жол бермеу үшiн сақтауға өткiзудi қажет деп тапқан жағдайларда уәкiлдiк берiлген орган қолжазбаны қабылдап алуға мiндеттi, ол туралы қолжазбаны өткiзген адамға оның түскен мерзiмi туралы анықтама берiледi.

Қол сұқпаушылық құқығы туындыны немесе оның атын өзгертуге тиым салады. Азаматтық кодекстің 977-бабы бойынша автордың келісімінсіз туындыны суреттермен, алғы сөздермен, қортындымен, түсіндірумен немесе басқа да анықтаулармен қамтуға тиым салады. Туындының қол сұғушылығының шегі бар. Автор баспамен, театрмен және де басқа да мекемелермен шартқа қол қойған кезде мекеме қажетті өзгертулерді енгізуге құқығы бар. Редактор немесе режиссер туындыны дамыта отырып, автор идеясын, стилінің ерекшелігін және т.б өзгертпеу керек. Олар енгізген өзгертулерді автормен келісі отырып жасауы тиіс.
Заңда бекітілген автор құқығының қатарында туындыны пайдалану үшін сыйақы беру құқығы да бар. Бұл - мүліктік құқық. Сыйақы шығармашылық мүлікке қарай беріледі. Сыйақы тағайындаған кезде туындының түрін, көлемін, құрылысын есептейді. Ғылыми немесе көркем шығармаға сыйақы әрбір бетке есептеліп тағайындалады. Әдебиет, ғылым және өнер шығармаларын жарыққа шығарған кезде автор 100% сыйақы алады. Әрбір келесі басылымдардың сыйақысы төмендеп отырады. Мысалы, біріншісімен салыстырғанда екінші және үшінші басылым үшін 60%, төртінші басылым үшін 30% және т.б. Автордың туындыны жариялауы сыйақы алу керектігін білдірмейді. Туындыны қоғамға жаққан кезде ғана пайдаланады.
Автордың жеке мүліктік емес құқық деп - туындыға автор болуға және сол туындыға автордың беделіне нұқсан келтіретін өзгерістерді енгізуге қарсы тұруға мүмкіндік беретін құқықты атайды. Автордың мүліктік емес жеке құқықтарының арасындағы бірінші және негізгісі ол туындының авторы болып танылу құқығы. Авторлық құқық туындының белгілі бір тұлғаға тиістілігін объективті факт ретінде белгілейді және туынды мен оның жасаушысы арасындағы ақиқатты байланысты қорғайды. Авторлық құқық туралы заңдардың көпшілігінде осы: автор не авторлық құқықты иеленуші туындыға өзгеріс енгізуге рұқсат етуге немесе керісінше рұқсат етпеуге құқылы деп көрсетіледі.
1.Туынды авторының мынадай жеке мүліктік емес құқықтары болады



  1. туынды авторы ретінде танылу және оны пайдалану кезінде осы туындыны басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтындай нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);

  2. туындыны өз атынан, бүркеніш атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық);

  3. өз туындысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және оның атауын алғанда, туынды жарық көргенде, көпшілік алдында торындалған да немесе өзгертіп пайдаланылғанда автордың келісімінсіз кімнің болса да өзгерістермен толықтырулар енгізуінен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұпаушылық құқығы).



2. Автордың келісімінсіз оның туындысын шығарған да безендірулер, соңғы сөздер, түсініктемелер немесе қандайда болсын түсіндірмелер беруі тыйым салынады.
3. Автор қайтыс болғаннан кейін оның туындыларын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетілген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автор мұрагерлері, сондай - ақ заң актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.
4. Белгізіс тұлғалар тобының туындыны ашуға рұқсат құқығы (халыққа жария ету құқығы) Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешімінен таратуға құқылы (кері қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдаға қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешім арқылы келтірілген залал өту керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны кері қайтарып алатыны туралы көпшілікке хабарлауға міндетті. Бұл орайда ол туындының бұрын әзірленген даналарын өз есебінен айналыстан алып тастауға құқылы. Осы тармақтың ережелері қызметтік туындыларға қолданылмайды. Автордың біреумен келісімі немесе автордың жеке мүліктік емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.
Мүліктік құқық туынды авторына өзге біреулер қолданған кезде қаржылық табыс алуға мүмкіндік береді.
Автордың мүліктік құқықтары:
Авторға туындыны кез келген пайдалану үшін айрықша құқықтар беріледі. Автор туындыны пайдалану кезінде үшінші тұлғалардың мынадай іс - әрекеттерді жүзеге асыруына:
- туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы);
- туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдіспен таратуына, сатуына, айырбастауына, жалға беруіне, өзге де операциялар жасауына (тарату құқығы);
- туындыны көпшілік алдында көрсетуіне (көпшілікке көрсету құқығы);
- туындыны көпшілік алдында орындауына (көпшілік алдында атқару құқығы);
- жалпыға бірдей мәлімдеу үшін эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшілікке хабарлауына (көпшілікке хабарлау құқығы);
- туындыны эфирге беруге (радио және теледидар арқылы тарату) оның ішінде туындыны кабель немесе спутниктік байланыс арқылы таратуына (эфирге хабарлау құқығы);
- туындыны аударуына (аудару құқығы);
- туындыны қайтадан жасауына, аранжировкалауына немесе басқаша түрде енуіне (өңдеу құқығы);
- қала құрлысы, сәулет, безендіру жобасын іс жүзіне асыруына;

  • заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де іс - әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет