Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімі «Оқу – әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне



Дата08.02.2022
өлшемі15,14 Kb.
#118084
Байланысты:
Бала құқығы -адам құқығы ақпарлама (Автосохраненный)


Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімі


«Оқу – әдістемелік орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне


«Маңғыстау аудандық білім бөлімінің
Берекет Жұмалиев атындағы
жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінен


17.09.2021 жылғы №01-34/807 хаты бойынша атқарылған іс-шарадан


Ақпарлама
9 қыркүйек күні мектеп психологы ата-аналарға «Балаларды қорғаудың алдын алу» , «Сенім телефоны», «Көмекті қалай сұрау керек?» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді. 10 қыркүйек күні құқық пәнінің мұғалімі Шорбасова Гүлмира мектеп басшыларымен оқушылардың қатысуымен «Бала құқығы-адам құқығы» атты жиналыста «Бала құқығы- асыл қазына» атты баяндама оқыды. 13 қыркүйек күні мектеп басшыларымен мектеп инспекторымен оқушылардың қатысуымен «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» тақырыбында презентация өткізілді. Декларацияда көрсетілген баптармен таныстыра отырып, адам құқықтарының негізі туралы айтылды.
14 қыркүйек күні мектеп медбикесі «Әрбір бала үшін», «Баланың мектепке оралуы кезінде психологиялықты денсаулықты қолдау» тақырыптарында ақпараттық парақшалар арқылы түсінік жұмыстарын жүргізді. 15 қыркүйек күні мектеп тәлімгері Закарина Айшабибі оқушылар мен ата-аналарға «Әлімжеттік. Буллинг деген не?» тақырыбында видеоролик дайындап желіге жарияланды.
16 қыркүйек күні 1- 2 сынып оқушыларына «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 17 қыркүйек күніне 3-4 сынып оқушылары арасында «Біз-бақытты баламыз» атты сурет көрмесі өткізіліп, 7-8 сынып оқушыларына «Балаларды және балалықшақты қорғаймыз!» атты эссе байқаулары өткізілді. 18 қыркүйек күні «Менің құқықтарым - менің міндеттерім» атты тақырыпта презентация көрсетіліп, түсінік жұмысы жүргізілді.

Директор м.а Г.Серикова

Мусаева Ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет