Метафора Профессор Қ. Жұмалиев



бет1/4
Дата13.05.2020
өлшемі24,37 Kb.
#67878
  1   2   3   4
Байланысты:
Метафора


Метафора
Профессор Қ. Жұмалиев «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» еңбегінде:

Жалпы алғанда, метафора – сыртқы, не ішкі бір ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау. Екі нәрсенің арасына тепе-теңдік белгісін қою десек, қазақ өлеңдерін де солай етіп шығару үшін, кейде бір нәрсені екінші нәрсеге тікелей болса да, кейде жалғау арқылы, кейде көмекші етістіктер арқылы жасалатындығын көреміз.

«Құлакер, әкең - тұлпар, шешең - сұңқар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар».

(Ақан сері).

«Арыстан еді Исатай»,

(Махамбет).

Бұл үзінділерде «Құлакердің әкесін - тұлпар, шешесін сұңқар", «Исатай - арыстан" деп, "тұлпарға", «арыстанға» тікелей балап және екі нәрсенің арасына тепе-теңдік белгісін қояды. (Исатай да арыстан, арыстан да арыстан). Аристотель теңеу мен метафора туралы айта келіп, мынадай мысал келтіреді. «Лев (-Ахилл) ринулся - и Ахилл ринулся, как лев (64) дейді. Мұның алдыңғысы - метафора, соңғысы - теңеу.

Демек, теңеуде бір нәрсені екінші бір нәрсеге теңегенде, екеуінің арасында еш айырма жоқ, тепе-тең деп ұқпаймыз. Екеуі екі нәрсе, екеуінің жігі әрдайым ап-ашық. Тек белгілі нәрсе арқылы белгісіз нәрсені көзге елестетеміз. «Ол арыстандай айбатты» дегенде арыстан сықылды, тәрізді, бірақ арыстан емес.

Метафорада ондай сілтеу жоқ. «Ол – арыстан» деп кесіп айтады. Арыстан мен батырдың қайраты жағынан ұқсастығын алады да, бірін екіншісіне тепе-тең етеді. (Арыстан - батыр, батыр - арыстан. )

Құрылысы жағынан алғанда, қазақ әдебиетінде метафораның бес түрі бар. Яғни бес түрлі жолмен жасалынады.

Бірінші: метафораның жай түрі.

Екінші: жалғаулар арқылы жасалынатын метафора.

Үшінші: көмекші етістік арқылы жасалынатын түрі.

Төртінші: күрделі метафора, немесе метафоранын ұлғайған түрі.

Бесінші: метафораның «бейне бір», «тең» деген сөздердің көмегімен жасалатын түрі.



Метафораның бірінші түрі яғни, жай түрі жалғаусыз, жұрнақсыз бір нәрсені екінші нәрсеге балау арқылы жасалынады:

«Көп сөз - көмір,

«Аз сөз - алтын» (69)

Метафораның екінші түрі «мын», бын», «пын», «сын», - жіктік жалғаулары, не: «м», «н», «ы» (сы) - тәуелдік жалғаулары арқылы жасалынады.

Жіктік жалғау:

«Сен бұзау терісі шөніксің

Мен өгіз терісі талыспын» (71).

(Мен) «Бес түлеген бөрімін,

Белге соқсаң жығылман» (72).

Тәуелдік жалғаулары арқылы жасалынатын метафора төмендегілер тәрізді болып келеді:

«Халқыңыз қапа болмайды,

Есен барса жолбарысың» (73).

Метафораның үшінші түрі, көмекші етістіктердің жәрдемімен жасалынады: (Еді, едім, едің, екен, ем, ең, м, н.).

Бұлар бір-біріне баланып тұрған екі сөзге, сөйлемге біткен түс беріп, олардың метафоралық мәнін толықтыруда ерекше орын алады және ауыз әдебиетінде болсын бұл метафораның көп кездесетін түрі.

Ақжүніс өзін суреттей келіп:

«Қойда бағылан қозы едім,

Жылқыда шаңқаң боз едім» (77).

«Қара судың бетінде

Сығылып аққан сең едің» (78).

Метафораның бесінші түрі: «бейне бір», «бейне (тең)» деген сөз деректер арқылы жасалынады.

Бұл сөздердің көпшілігі теңеуге де жақын ұғым туғызуы мүмкін. Бірақ, тереңірек қарасақ, теңеуден гөрі метафораға жақындығын мазмұнынан көруге болады.

«Пайдасы мол жігіттер

Дария шалқар көлмен тең.

Өз басынан пайдасы аспаған

Ел қонбаған шөлмен тең». (89).

«Ауызы бейне шалғы орақ,

Шөп емес, бірақ май орады» (90) [1, 213-220б.].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет