Ғалым Серік Мақпырұлы «Адамтану өнері» еңбегінде:
Метафоралық тәсілде бір-біріне ұқсас, жақын екі құбылыс, зат өзара салыстырылмайды (бұл теңеу), бір-бірімен деңгейлес, тепе-теңдікте алынады. Мұнда ең бастысы балау сөз бен баланатын ұғым тепе-теңдігі. Мысалы, Әсет Найманбаевта мынадай өлең
жолдары бар:
Сөз-жаңбыр, даусым-дауыл, әнім-ескек,
Ойнақтап басылайын аз желдетіп.
Бірінші тармақтағы асты сызылған метафоралық бейнелеулерді алайық. Мұнда бір біріне баланушы образдар (сөз-жаңбыр, дауыс-дауыл, әнім-ескек) қатар, тең мағынада алынған. Сөз-жаңбыр десек те, немесе жаңбыр-сөз десек те мағыналық, бейнелілік сипат өзгермейді.
Ақбөкен-сахараның ботакөзі
Атты екен қандай мерген көзі қиып?!
(С. Сейфуллин).
Бұл жерде ақбөкен мен әсем қыз бір-біріне тең дәрежеде баланып тұр. Бұл балау дала еркесі - ақбөкен мен ботакөз бойжеткен арасындағы сұлулық секілді ортақ қасиет, ұқсастық - жақындыққа негізделген. Автор "сахараның ботакөзі" деген поэтикалық метафора арқылы ақбөкенді мүлдем басқа сипатқа - ботакөз ару бейнесіне ұластырып жіберген. Бұдан соң осындай сұлулықты атқан, әсемдікті жойған қатыгез мергенге қалай қарғыс айтпайсың?! [2, 78-79б.]
Достарыңызбен бөлісу: |