Ғалым Омирбекова Жамиля Калдыбекқызының 2005ж «Метафора және тіларалық транспозиция» атты диссертациясының авторефератында метафораларға атқаратын қызметтеріне тоқталады.
Метафора - қызметінің барлық аясында әлемді тану мен ойлаудың әмбебап қаруы. Соның арқасында тіл жүйелі түрде түрленіп дамып отырады.
Метафораларды қолдану басқа тілдік жүйелерден гөрі тілдің өзіне тән табиғи
ерекшелігі деп атап кету орынды. Сол сияқты метафораның өзгеруі, яғни транспозициялануы заңды құбылыс. Себебі метафоралар жазушы шеберлігіне немесе оның дүниені, қоршаған ортаны белгілі бір жағдайды бейнелеуіне байланысты құбылып тұрады.
Сен тұтқиыл бұзылған түсі суық дүниеге шошына қарадың (298-6.). Таң алдында жауған қардан кейін осынау буалдыр мұнар ішінде түсі суық түксиген дүние - мазда да, жер де - түгел аппақ (13-б.). Түкси ет. Ашулы, кейіп көрсету, қабағын қарс жабу [1, IV т, 328 б.]. Қазақ жазушылары түксиген дегенді жалпы адамға яғни тірі жандарды сипаттап, бейнелегенде көркемдеу үшін қолданады. Мұнда қаламгердің өзінің өмірге деген көзқарасымен, әлемді тануымын қоршаған ортаға жер-жүзіне жан бітіре, оқырманға соншама әсерлі етіп жеткізіп бере алған. Мұндай бейнелі метафоралық тіркес қазір автордың тек өзінің жеке қолданысында болғанымен, ауыздан-ауызға таралып, бірте-бірте жатталады. Сөйтіп жалпыхалықтық сипат алып, тілге сіңісіп, халықтық мүлікке айналуы мүмкін.
Әшейінде шексіз көрінетін далиган дүниенің бұл кәзір, таусылған жеріне келіп тұрғандай (249-б.). Дали от. 1. Кең көлемді алып, жайылып, созылып жату. 2. Киімнің етек-жеңі шектен тыс кең болу. 3. Ауыс. Масаттану, көңілі шалқу, мақтану [1, III т, 42 6.]. Жазушы далиған сөзін бірінші мағынасында сын есім тұлғалы метафора тұрғысында қолданып тұр. Сол сияқты аталмыш жазушының қолданып отырған метафорасы осы негізде жасалған [3, 13 б.]
Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін метафоралар:
Елу төртінші жылдың күзінде қазақ даласы сары алтынға малынды («Жапандағы жалғыз үй», 217 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |