Ауызша аударма тарихы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата13.05.2020
өлшемі0,78 Mb.
#67966
  1   2   3   4
Байланысты:
1439-1-2777-1-10-20151019 (1)



Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 

 

233



Ə. Тарақов  

 

АУЫЗША АУДАРМА ТАРИХЫ 

 

 

Тарихи  деректерден  белгілі  болғандай, 



гректер  басқа  халықтарға  менсінбеушілікпен 

қарап,  оларды  варварлар  деп  атады. «Жырт- 

қыштардың»  тіліне  де  аса  мəн  бермеді,  ықы- 

ластана  қоймады.  Гректер  өздерінің  сыртқы 

əлеммен  қатынасы  үшін  сол  жырқыштардың 

арасынан  грек  тілін  білетін  жалдамалы  тілмаш- 

тардың  қызметін  пайдаланды.  Мұндай  аудар- 

машылар  жайлы  тіпті  əдеби  ескерткіштер- 

де,  Флавий  Филостраттың  (б.д.д 2 ғ) «Апол- 

лон  Тианскийдің  өмірі»  атты  романында  атап 

өтілген. 

Гректерден бір ерекшелігі ежелгі римдіктер 

аудармамен  кеңінен  айналысты.  Сондықтан 

шетелдіктерден, «сыртқы»  тілдерден  аударма 

жасау  басым  орын  алды.  Мұның  өзі  антикалық 

дəуірде  рим  мəдениетінің  қалыптасуына  ай- 

тарлықтай  рөл  атқарды.  Тіпті  ежелгі  рим 

мəдениеті  грек  мəдениетінің  жүйелі  түрдегі 

«аудармасы»  деген  көзқарастар  да  болды. 

Алайда ежелгі Рим ескерткіштерін терең зерттеу 

барысында  Рим  мəдениеті  алғашында  өзінің 

қалыптасу  кезеңінде  грек  мəдениетінің  көріні- 

сінде  қуатты  қолдау  ала  отырып,  өзінің  дербес 

даму жолына түсті. 

Əйтсе  де,  Рим  өзінің  қалыптасуының  бас- 

тапқы  сатыларында  Грециямен  анағұрлым 

тығыз  байланыс  жасады.  Аударманың  ауқымды 

бөлігі  грек  тілінен  жасалғаны  да  осыны 

қуаттайды. Бір қызығы римдіктер де өзінің тілін 

жыртқыштар  тілі  санап,  грек  тілін  қатты 

құрметтеді,  сол  тілді  білуге  ынтықты,  сол  тілде 

жазуға  дағдыланды.  Мəселен,  алғашқы  римдік 

тарих  жазушылар  (б.д.д. 3 ғ. ) Квинт  Фаабий 

Пиктор тəрізділер грек тілінде жазды. Грек тілін 

білу  білімділіктің  кепілі,  гректермен  диплома- 

тиялық  қатынастар  қоғамдағы  жоғарғы  мəртебе 

саналып,  сол  кезде  де  аудармамен  қамтамасыз 

етілді.  Мұны  Римнің  ықпалды  азаматтары 

атқарды.  Бізге  мəлім  ең  алғашқы  ауызша 

аудармашы бұл сенатор Гай Ацилий. Сонау 155 

жылы  Римге  Корнеад,  Диоген,  Криптолай  т.б. 

философтары  бар  грек  елшілігі  келгенде  ол 

сенатта тəржімешілік қызмет жасады. 

Ауызша  аударманың  тарихы  жазбаша 

аудармаға  қарағанда  терең.  Өйткені,  жазу  өнері 

қалыптасып,  дамығанша,  ел  мен  елді,  ұлт  пен 

ұлтты  өзара  жақындастыруда,  ортақ  тіл 

табыстыруда  ауызша  аударманың  үлкен  үлесі 

болғаны  анық.  Əрине  алғашқы  аудару  бары- 

 

 



сында  ойды  ұғыну  мақсатында  сөздерді  мүм- 

кіндігінше  мағынаға  сай  жеткізу  оңай  бол- 

мағанда  шығар.  Ауызша  аударманың  біртіндеп 

қалыптасу  аясында  сөздерді  неғұрлым  дəл, 

айқын  жеткізу,  айтылған  ойды  айнытпай  түсін- 

діру  де  біртіндеп  сипат  ала  бастады.  Ауызша 

аударма сыртқы байланыстарда (сирек жағдайда 

ішкі  байланыс,  Вавилондағы  тəрізді)  қызмет 

етті.  Ауызша  аудармалар  (мəселен  Египеттегі 

сияқты)  кəсіби  касталарды  құрауы  да,  не 

болмаса  бұл  рөлді  жол-жөнекей  атқаруы  да 

мүмкін.  Мысалы  Римдегідей  бір  мезгілде  ірі 

қоғамдық  қайраткерлер  болуы  немесе  Греция- 

дағы тəрізді (варварлар) жыртқыштар қатарынан 

қажеттілікке  сай  жинақталуы  мүмкін.  Қалай 

дегенде  де  ауызша  аудармашының  қай  дəуірде 

де дəурені жүріп тұрды. Мысалы ежелгі уақытта 

еуропалық  мемлекеттердің  қалыптасу  аралы- 

ғында  дипломатиялық  байланыстарды  орнық- 

тыруда  олар  айтулы  орын  алды.  Бүгін  дəлел- 

деніп  жүргеніндей,  шығыс  мəдениетінің,  ғы- 

лымының  шарықтай  көтеріліп,  Еуропаға  қарай 

біртіндеп  таралуының  түпнегізінде  тəржіме- 

шілік,  тілмаштық  қызметтің  рөлі  айқын.  Ежелгі 

саяхатшылардың жазып қалдырған еңбектерінде 

көз-көрген  оқиғалардан  басқа  дерек,  мəлімет- 

тердің  келтірілуі,  сөз  жоқ,  арадағы  дəнекер 

ретінде  бірден-бір  тіл  білетін,  жол  білетін 

тілмаштар  ықпалы  болғаны  шындық.  Бір  ғана 

мысал: грек, рим ақын-жазушы, философ, тарих- 

шыларының  еңбегінде  сақ  (скиф)  елі  жайлы 

қандай да бір деректің кездесіп отыруы жайдан-

жай  емес.  Тарихи  дерек  куəландырып  отыр- 

ғандай,  олар  шет  елдік  (яғни  сақ,  ғұн  аудар- 

машыларын) пайдаланып отырған. 

Тілмаштар  қалыптасқаннан  кейін,  аударма- 

шылықтың  күнделікті  өмірге,  ел  тірлігіне, 

мəдениетіне,  экономикасына,  саясатына,  сауда 

ісіне  сан-салалы  қарым-қатынасына  жарап, 

қызметі  де,  мəртебесі  де  артты.  Ол  біртіндеп 

ресми  қызмет  аясына  еніп,  мемлекеттердің  бір-

бірін    тануында  рөл  атқарды.  Мысалы XVIII 

ғасырда Еуропада алғаш рет ауызша аудармашы 

қажеттілігі  сезілген  жағдайда  шынайы  ынта-

ықылас туғызған заңгер Петрус де Боско болды. 

Ол  Парижде  шығыс  тілдерінен  аударатын 

ауызша  аудармашылардың  арнайы  жоғары 

мектебінің  ашылуына  тікелей  ықпалын  тигізді. 

Сонымен  бірге  Филипп IV патшаға  мұндай 

мектепті  құрудың  қажеттілігіне  негізделген 






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет