ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
234
еуропалық мəдениеттің Шығысқа қысым көр-
сете бастауына куəландыра келе, оқытудың
үлгілі бағдарламасын ұсынды.
Ауызша аударма əркез бір ғана негізгі
мақсатты көздеді, ол – адамдарға барынша түсі-
нікті ұғымдағы ақпаратты жеткізу. Бұл үшін
қалыптасқан дағды, білім, білік, қабілет, сөйлеу
шеберлігі талап етілді. Ауызша аудармашы
қызметінің аясы əлі күнге шектеулі. Шектеу-
лі болу себебі, ол қажеттілікте ғана қолданы-
лады.
Аударманың жасалу мүмкіндігіне ХХ
ғасырдың басында лингвистикадағы психоло-
гиялық бағыттарды қалыптастыруға байланысты
күмəн туындады. Көп жағдайда ауызша ау-
дармада оның дəлдігіне, жақындығына, мағы-
налық сəйкестігіне белгілі бір дəрежеде нашар
орындалған жағдайда күмəн қалыптасқаны да
белгілі.
Қазақ хандығының, қазақ елінің ежелден
көрші елдермен кең ауқымда сауда, экономи-
калық, саяси, дипломатиялық қарым-қатынас-
тарында тілмаштық қызмет үлкен рөл атқарған.
Тіпті кейбір хандарымыз (Абылай хан) көрші
елдердің тілдерін жақсы білген. Ресми хаттарда
да жазу мəдениетін жақсы меңгерген. Көрші
мемлекеттермен елшілер арасындағы кездесу-
лерде арада екі тілді білетін тілмаштар жүрген.
Солардың есімдерінің де тарихта қалмауы осы
үлкен жауапкершілігі зор кəсіптің қадірін
кезінде жете түсінбеушілік болса керек.
Дегенімен, сол тілмаштар ел мүддесіне, ханға
шынайы берілген адамдар болған. Өйткені ел
тарихында қандай хандық дəуірде де елдік
мүддені сатып кеткен, болмаса, елшілік дауын
туғызған тілмаш жайлы дерек кездеспейді.
Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына бай-
ланысты тілмаштардың қызметі мен беделі арта
түскені белгілі. Өйткені патша əкімшілігі
тілмаштарды өз мақсатына пайдаланған. Мол
ақша жəне жергілікті бай-болыстардың қомақты
тартуына дəніккен тілмаштар үшін ел мүддесі-
нен гөрі билеушілердің зұлым пиғылдарын қол-
дап, қоштау басым еді. Сондықтан да Абайдың:
«Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бəрінде ой»
деп күйінетіні де – аудармашылық өнерді
меңгеріп, ел мəдениетіне қызмет етуден гөрі,
тілмаштық кəсіпті жеке басының баюына құрал
ететіндерге қарсылық. Абайдың:
«Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой»
деп əдебиет əлеміне бет бұрғызуының ас-
тарында көркем аудармашылыққа ден қоюды
көздеп отырғаны анық.
Ресей отарлығы кезінде тілмаштардың дүм-
білезділігі, бұра тартушылығы, ақшаға, малға
малданып, отарлаушыларға қызмет еткені сол
кезді баяндайтын шығармаларда да аз айтыл-
майды.
XX ғасырдың басында тілмаштық кəсіпті
қалай ермек еткендер жайлы А. Байтұрсынов та
жазған: «Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шала-
шарпы орыс тілі, шала-шарпы орыс жазуы...
Переводчик, хатшылық орын-морын табылса
жарады, табылмаса елде тұрып, тіл де, жазу да
ұмытылып, оқымаған қалпына түседі... «аз білі-
мін көпсініп, көп қазаққа епсініп», переводчик я
хатшы болса, пысықсып тінектейтіндер осы-
лардан шығады». Бұдан сол кездегі тілмаш-
тың бет-бейнесі аңғарылады. Өркениетті, озық
елдер аудармашылықты ішкі саясатта, мəде-
ниет, білім, ғылымда қолданумен бірге, басқа
мемлекеттерде өз мүддесін жүргізуге де пай-
даланған. Аудармашылық кəсіпке фашистік
Германиямен болған соғыс жылдары ерекше
көңіл бөлінді.
Қазіргі уақытта халықаралық саяси ірі шара-
ларда аудармашылар жұмысының маңыздылығы
арта түсуде. Озық, өркениетті елдер аудармаға
ерекше мəн берген. Əлем халықтарының, көрші
елдердің тілін білу, үйрену мəселесін ыжда-
һатты түрде қолға алып отырған. Сондықтан
оларда аударма түрлері дамып, аудармашылық
мектептер қалыптасып, жетілдірілуі елді өзге
мемлекеттермен байланыстыруға əрі өзге
елдерге сол мемлекетті жете таныстыруға негіз-
делген.
Жазба өнері қалыптасқанға дейін де, ел мен
елдің, адам мен адамның өзара қарым-
қатынасында, байланысында ауызша аударма
қызмет жасады. Ауызша аударма тарихын
зерттеуші М.Снекл-Хориби Ежелгі Египетте
аудармашыға соншалықты менсінбей қарау
оның жексұрын жыртқыштар (варварлар) тілін-
де сөйлегендігінен деп санайды. Көп уақытқа
дейін оған жеккөрінушілік көзқарас қалыптас-
ты. Мұнда тілмаштар белгілі кəсіби қауымды
құрады. Египетте бірінші аудармашы – Анхур-
мес (Тунистің жоғары абызы).
Бүкіл əлемде аудармашылар кəсіби одаққа,
қауымдастық пен бірлестікке біріккен. Мұндағы
мақсат – кəсіби құқықты қорғау, мəртебені ны-
ғайту, ақпарат алмасу, кəсіби тəжірибе алмасу.
Солардың арасында анағұрлым белгілі халық-
аралық ұйымдар: Аудармашылардың Халық-
аралық федерациясы, Ауызша аудармашылар-
дың халықаралық қауымдастығы, Əдеби ау-
дармашылардың
европалық
қауымдастығы.
Аудармашылар одағы əр елде бар. Мысалы
|