Ə. Тарақов
АУЫЗША АУДАРМА ҮДЕРІСІ
Екі тілді білгеннің бəрі аудармашы болып
шықпайды. Кəсіби аудармашы болу үшін
арнайы теориялық білім алады. Сонан соң біраз
уақыт тəжірибелік тұрғыдан шыңдалады.
Аудармашылық мектептер, оқу орындарының
жұмысы аудармашыны кəсіби маман ретінде
дайындауға негізделген. Қазіргі заман талабы
аудармашылықтың тəжірибе жинаумен емес,
теориялық мол əзірлікпен қалыптасатындығын
дəлелдеп отыр. Бұрындары ауызша аударғанда
арнайы
теория
қалыптаспағандықтан,
əр
аудармашы өз қабілетіне, тілді меңгеру мүм-
кіндігіне сүйенді. Көптеген күрделі аудар-
машылық шешімдердің өзі теориялық тұрғыдан
терең талдап түсіндіру қиындығын туғыз-
ғанымен, көп жағдайда аудармашының кəсіби
танымы мен шығармашылық машығына не-
гізделді.
Аударма теориясы ең алдымен аудар-
машының кəсіби негіздегі жинақталған білімін,
қос тілділік жағдайындағы ізденісін, жаңа ой-
тұжырымдармен, тəжірибелермен толықтыруға,
аудармашылық машықты жетілдіріп, ізденісін,
шеберлігін ұштауға көмектеседі. Аударма-
шылық əдеп нормаларын сақтауға дағдылан-
дырады. Аударма теориясы аударма жасаудың
түрлі тəсілдерін үйретеді, жаңа ізденістің
үлгілерін көрсетеді, тəжірибе жетілдіреді, ау-
дарма ісіне қолданылып жүрген жаңа тер-
миндермен таныстырады.
Ауызша аударма – шығармашылық іс емес,
техникалық сипаттағы үдеріс. Аударма үдерісі
мықты теориялық білім нəтижелерінсіз əрі үнемі
ізденіп, жаттығусыз мүмкін емес. Аударма
теориясын жақсы меңгеру арқылы болашақ
аудармашы тəжірибе жинақтайды. Ауызша
аударма – аса жауапты жұмыс. Ауызша
аударманың жасалу технологиясы, əдістемелері,
аударма үдерістері, аудармашы əдебі, мəдениеті
– кəсіби маманданудың басты негіздері. Қазіргі
өмір тəжірибесі көрсеткендей, кəсіби теориялық
білімсіз аударма жүзеге асырылмайды. Екі
немесе бірнеше тілді жақсы меңгеру аудар-
машыға жеткіліксіз. Оның кəсіби ой-өрісін
дамыту үшін аударма теориясы əбден қажет. Ең
алдымен жалпы тіл білімін, теориялық грам-
матиканы, лингвистиканы, аударма тілінің
стилистикасын,
салыстырмалы
стилистика,
лингвомəдениеттану, лингвоелтану, нейрофи-
зилогия пəндерін жете білу қажет. Ауызша
аудармашы шешен де шебер сөйлеуге дағды-
ланумен бірге, тіл мəдениетін жетік меңгеруі
тиіс. Ойды дұрыс, жинақы жеткізу, сөзді жедел
есте сақтап, жылдам қайталап айту белсенділігін
меңгеруге логика жəне аударма психология-
сының ықпалы да бар.
Ауызша аудармашы жұмыс барысында əр
саланың мамандарымен жиі араласады. Ау-
дармашыға əр кəсіп иесімен, мамандармен
əңгімелесу, яғни, аудару қажеттілігіне сай сол
саладан жеткілікті хабардар болу маңызды. Əр
мамандықтың қыр-сырын білу қашан да қажет.
Аудармашы – адамзат білімі мен қызметінің
əр саласынан мəліметтер, деректерді бірегей
жинаушы. Ауызша аударма үдерісі көп жағ-
дайда бағдарлы білімге негізделеді. Бұл де-
геніміз аудармашының сан салалы білімнен,
ғылымнан жеткілікті хабардар болуы. Ол ой-
танымын үнемі дамытумен бірге, үнемі ізденісте
жүреді. Ауызша аудармашыға жаңа білім
саласын жедел меңгеру қажеттілігі де туады.
Мəселен ертеңгі болатын жиын атом энергиясы
саласы болса, келесі бір (конференция) мəслихат
қазіргі медицина мəселесіне арналса, үшінші
кездесу халықаралық сауда ұйымы туралы
болуы мүмкін. Осы жағдайда əр саладан жаңа