Эпитет
Профессор Қажым Жұмалиев «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» еңбегінде:
Басқа тілдердегі тәрізді, қазақ тіліндегі эпитеттер де негізінде сын есім арқылы анықтауыш т. б. жолдармен де жасалынады. Сосынғы бір түрі - көсемше мен өткен шақтық есімше. Сөйлемнің мүшесі жағынан көпшілігі
анықтауыш, кейде толықтауыш, пысықтауыш болып келеді. Бұлар алдыңғы анықтауыш болып келетін эпитетке қарағанда, анағұрлым аз, анағұрлым сирек. Эпитеттің шығу тарихын зерттеуші дүние жүзінің ғалымдарының қайсысы болсын мейлі, эпитет поэтик тілдің кәрі замандардан бері келе жатқан адам баласының сәбилік дәуірінде өзінің ой-пікірін сурет арқылы берумен байланысты жарыққа шықты деп таныса, қазақ фольклоры да бұл пікірдің дұрыстығын растайды. Қазақтың ескі заманнан сақталынып келген фольклор нұсқауларын алсақ эпитет, әсіресе, тұрақты эпитеттерді жиі кездестіреміз.
«Қызыл шұбар айдаһар,
Қара шұбар жолбарыс», (39)
«Сары өзеннен өткенде,
Тас суындай сарқырап,
Тарлан атпен Қөбікті
Артынан жетті барқырап», (40)
«Солқылдаған ақ найза,
Басыма сайғақ болсын деп,
Оң қарыма ілгенмін…» (41).
Бұл үзінділердегі қара әріппен терілген сөздер сын есім арқылы жасалған эпитеттер де, қара курсивпен терілген сөздер - көсемше мен өткен шақтағы есімше арқылы жасалған эпитеттер. Эпитеттің төртінші түрі және ауыз әдебиетінде өте жиі кездесетін түрі - тұрақты эпитет. Мысалы:
«Айнаменен ақ жүзімді көрейін,
Хақтың салған жарлығына көнейін», (42)
немесе,
«Есік алды қара су
Майдан болсын, жар-жар-ау.
Ақ жүзімді қарауға
Айнам болсын, жар-жар-ау. » (43)
Ғалым Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері» еңбегінде:
Айталық, айқындау, яғни эпитет заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Әрине, бұрын-соңды сан мәртебе қолданылып, ығыр болған эпитеттерді қайталай берудің керегі жоқ.
Көктемнің балғын кезі еді,
Әнші құс көкте ағылған.
Жемнің де жасыл өзегі
Көгілдір мұнар жамылған.
(С. Жиенбаев)
Мың сәуле бар: кел, кел деп, шақыратын,
Бір сәуле бар қасымда отыратын.
Мың кітап бар ешқашан оқылмайтын
Бір кітап бар күн сайын оқылатын,
(Т. Молдағалиев)
Бейбіт күннің өзі күрес мылтықсыз,
Онда да жұрт жатады атып мүлтіксіз.
(Қ. Мырзалиев)
Тентек үн кетіп еді дауылдап бір,
Аңқиып әр жерде бір ауыз қапты.
(Ж. Нәжімеденов)
Мен бүгін сорпа көгілдір көлге сағынып ұшып барамын.
Бірге қақ қанат қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым.
Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің, жабылып кетсем егер мен Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.
(Т. Айбергенов)
Алдымен, осынау жаңашыл, жақсы ақындардың бірде-бірі айтар ойын айқындаудан, яғни эпитеттер ат-тонын ала қашпаған (қашса да құтыла алмас еді), керісінше, әдемі эпитеттің әр түрін әдейі іздеп тауып, орнымен ойната
қолданған. Содан соң, бұлар қолданған -эпитеттер өлеңге көне емес, жаңа, көмескі емес, айқын мағына бітірген, сөздегі сүретті дәлдік, ойдың ықпалын күшейткен. Мысалы, көзбе-көз оқ шығарып, қылыш сермемесе де амалын
тауып, қарсыласын мүлтіксіз көздеп жататын бейбіт күннің жатыпатар лары мен бұқпатырларын» айта қалғандай ұтықты, дәл бейнелеген Мырзалиев пен
ақынның асқақ жырын ғажайып ғұлама жылдардың шежірелі беттерінде сөйлеп тұрған сырға балап, осынау сыр жылдар парағы аударылғанда жабылып кетуі мүмкін екенін тыңнан тауып айту арқылы өлімнің өзін сылқым образға айналдырған Айбергенов өлеңдеріндегі су жаңа нұсқалылықты эпитет көлегейлеп, көрсетпей түрған жоқ, қайта айқындап, аша түсіп түр. Ол - ол ма, байыптаңқырап қарасақ, тіпті әр эпитет өзі тұрған жерге не сұлу сипат, не сыр дарытқан: Сағидың көктемі болған, құсы ән-өзегі жасыл болса, Төлегеннің көлі көгілдір, әні асқақ, жылдары ғұлама да, Қадыр айтып отырған майдан мылтыксыз, атыс мүлтіксіз; Жүмекен дауылдаған күй үнін-тентек үн деп, оны тыңдаған залды жаппай аңқиып шық қалған ауыздар арқылы оқырманның көз алдына елестетсе, мың және бір деген қарапайым сандарға соншалық терең мағына бітіріп, бір шумаққа бір құшақ мазмұн берген Тұманбайдың эпитет қолдану машығы тіпті қызық [2, 209-211б.].
Достарыңызбен бөлісу: |