Эпитет Профессор Қажым Жұмалиев «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі»



бет3/4
Дата13.05.2020
өлшемі26,38 Kb.
#67880
1   2   3   4
Байланысты:
Эпитет

Кебеже қарын қара биеге мінген төртбақ адам жай бүлкекпен жақындай берді(«Жапандағы жалғыз үй», 9 бет).

Биенің түр-тұлғасының ерекшелігін кебеже қарын деп ерекшелесе, адамның дене-тұрқының үлкендігін төртбақ деп көрсеткен.

  1. Тәует басын бір жағына бұрып тастап, мойнын садақша иіп жұлынып келе жатқан парайдағы ақбақай тор дөнен, енді қарға жиі омбылап, қабырғасымен жетекті сықыр еткізе қағып, тар жолға таласып келеді(«Жапандағы жалғыз үй», 12 бет).

Жылқының бақай тұсындағы ақшыл жолағын ақбақай деп атайды. Жазушы осы сөзді қолдану арқылы тор дөненнің сұлулығын арттырып тұр.

  1. Бұл жолы қалың қабағы түйіліп, қияқ қасы тікірейіп кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 18 бет).

Кейіпкер көңіл-күйін білдіруде қалың қабақ, қияқ мұрт эпитеттері ерекше мән беріп отыр.

  1. Сонау Малжан байдың үй мүлкінен қалған ескі көзі, берекелі жұртының құты –дәу тай қазан ертеден қара кешке бұрқ-сарқ қайнап, буы аспанға шығып жатқаны(«Жапандағы жалғыз үй», 25 бет).

Қазақ халқының ұғымында киелі саналған, қастерлі тай қазан қашанда үйдің берекесі, ырыс, байлығы әрі құты.

  1. Жас келіншектің ішінен шыққан ащы жалынды, арзан нәпсіні аңсаған ыстық жалын деп ұқты(«Жапандағы жалғыз үй», 28 бет).

Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған ыстық жалын эпитеті бұл сөйлемде құмарлықты аңсау деген мағынада жұмсалынған

  1. Бар сүйеніші, шаңырақ иесі екі ұлының бірін сұм ажал тамырымен суырып алып кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 35 бет).

Өмірде адамзат баласының қарсы тұра алмас дүниесінің бірі осы ажал. Жазушы «сұм» сын есімін қосу арқылы сөзді одан әрмен әрлендіріп, жаңаша көрік беріп отыр.

  1. Келе қазақ аулында ұсталық етіп, бос уақытында кедейлердің қара табан балаларын оқытып бүкіл төңірекке аты жайылды(«Жапандағы жалғыз үй», 70 бет).

Бұрынғы кезде қазақ балалары аяқ киімсіз далада жүргендіктен табандары күс-күс болып қатты болған. Кейін келе қара табан деп атау жалпы қолданысқа енген. Бұл жерде автор осылайша кедей балаларының күйін аша түскен.

8. Сұлтан қайтып оралып Қарабеттің қасына келіп түскенде, бұла боп өскен адуын бала қол қамшымен Сұлтанның бетінен осып жібермесі бар ма(«Жапандағы жалғыз үй», 104 бет).

Бетін қақпай өсірген, өз дегені ғана болатын, әй дейтін ажа, қой дейтін қожа көрмеген ерке баланы адуын деп атау арқылы жазушы сөйлемге жаңаша рең беріп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет