Сабақтың тақырыбы : Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара»



Дата01.01.2020
өлшемі42,53 Kb.
#55365
түріСабақ
Күні: 16.04.2010ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара»

Сабақтың мақсаты: а) Ш.Мұртазаның өмірбаянын шығармасына негіздей

отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін

таныту, өтілген сабақты терең меңгерту,оқушыларды

ойлана отырып ұтымды да мәнді пікір айтуға, жазушы

шеберлігін аңғара білуге дағдыландыру
ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына

деген көзқарасты қалыптастыру, тар жерде тауып айтатын,

ғылыми түрде ұтымды сөйлей алатынын, мәнді сұрақ

қойып, мағыналы жауап алуға бейімдеу үшін оқушының

ой-өрісін шыңдау, шығармашылыққа баулу

б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін

таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық

ойларын дамыту, елін, жерін, Отанын сүюге, табиғатты т

қорғай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: баспасөз конференция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу, іздене талдау, саралау,

шығармашылыққа баулу



Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, портреті, сөзжұмбақ, бүктеме т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, экология, география

Сабақтың толымдылығы: ғылым негізін таныту, білгенін тәрбиемен

байланыстыру



Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,

түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына

көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген

тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар

қоямын

1.Ұлы Отан соғысы жайында не білесіңдер?



2. Дерек бойынша оған Қазақстаннан қанша жауынгер қатысты?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шерхан Мұртазаның өмірінен мәлімет беру.



Әңгімелері: «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Мылтықсыз майдан», «Табылған теңіз», «Интернат наны», «41-жылғы келіншек», «Шекшек шырылдайды», «Айырбас», «Ақсай,Көксай», «Бойтұмар», «Сусамыр» «Жүз жылдық жара» т.б

Дәптермен жұмыс: Әңгіме мазмұнында аталған тал-теректердің, шөптердің атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Конференцияның басталуы.

Ғалымдар төрден орын алады. Қатысушылар: тілші, филолог ғалым, географ ғалым, тарихшы ғалым, әнші, композитор т.б. Тілші сәлемдесіп, өз сұрауын қойды.



1.Тілші:-Менің сұрағым филолог ғалымға. Әңгіме неге «Жүз жылдық жара» деп аталған?

Филолог ғалым:-Әңгіме тақырыбының көп мағынасы бар. Әдетте шынар ағаш жүз жылдан астам өмір сүре береді екен. Ұзақ жасаған шынардың жүрегіне озбыр адамдар аяусыз жара салды. Халықпен шынар егіз. Ал соғыстан халық жүрегіне түскен жара жүз жылда да жазылмасы анық. Екеуі де күңіренеді, налиды. Екі жараның себепкері айуан адамдар. Әңгіме тақырыбы осыны меңзейді.

2. Тілші: - Әңгімедегі Мыңарал, Шоқыбас сайы қай жерде?

Географ ғалым: - Ол Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы мен әңгіме авторы Шерхан Мұртаза осы өңірде дүниеге келген.

3. Тілші: - Шығармада суреттелген ауыр кезең туралы не айтар едіңіз?

Тарихшы ғалым: - Соғыс кезінде тылдағы халықтар өмір тауқыметін аз көрген жоқ. «Жұт жеті ағайынды» демекші ел азаматынан бір айрылса, майдан үшін десе де болады. Оның үстіне елде қулық-сұмдықпен соғысқа бармай қалған Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал сияқтвлардың онсыз да қажыған халыққа тізесін батырып, жағымсыз іс-әрекетпен шұғылданғаны тарихи шындық болып табылады.

4.Тілші: Психолог ретінде сізді бүйірі үңірейіп, күңіреніп тұрған Байшынар мен төсегінде бебеулеген Жуанқұлдың жан күйзелісі қандай ойға жетелейді?

Психолог ғалым: -Шығармадағы Байшынар ешқандай бомба түспей, снаряд жарылмай тып-типыл болған Бахтияр бауындағы жалғыз шынар. Оның бауырларын халық «ақ мылтықтан» қорғану, қырылып қалмау үшін амалсыздан отқа жақты. Ал Жуанқұл еріккеннен жасады. Байшынар өзегіне түскен жарадан күңіренеді, жауын қорғайды. Жуанқұл Жаратушыдан жазасын алған сияқты. Омыртқасы опырылған Жуанқұл Құдайдан күндіз-түні өлім тілесе де келмейді. Байшынардан кешірім сұрайды. – Ол кешпейді. Ендеше ағашта да жан бар. Ол-тіршілік иесі. Оған жөнсіз тиісуге болмайды.

5.Тілші: -Шығармада халқымыздың салт-дәстүрі сөз етіле ме?

Этнограф ғалым: - Иә, атам қазақ шынарды шаппаған, аққуды атпаған, сарқыраған өзенін, шалқар көлін қорғаған, қастерлеп қадірлеген. Жүз жасаған шынарға қасиетті деп бұтағына әлем байлаған, оған тиіскен адамды Құдай жазалайды деп білген. Байшынардың қасқайып тұрған тұрысынан «Ей, адамдар, әр ағашта тіршілік бар, ие бар, қажетсіз кеспе, жаулық жасап өртеме!» дегенін ұғынамыз.

6.Тілші: -Филолог ғалым ретінде сіз осы әңгіме арқылы жазушыға қандай баға бересіз?

Филолог ғалым: - Жазушы жан-жақты білімдар адам. Шағын әңгімеге көп мағына сыйдырған. Жүрегінде оты бар, адам жанын түсіне алатын, табиғатты тіршілік иесі деп танитын, елін, жерін құрметтейтін әрбір адам әңгімені оқығаннан кейін ойға қалуы керек. Өз жерінің әрбір тал-шыбығы қасиетті екенін мықтап ойға түйгені абзал.

7.Тілші: - Сіз дәрігерсіз. Әңгімеде туған жердің түрлі дәрілік шөптері аталады. Осы турасында сіз қандай пікір қосар едіңіз?

Дәрігер ғалым: - Жазушы суреттеген Кенжегүл кемпір теретін шөптердің құны ешқашан төмендемейді. Дәрігері мен дәрісі жоқ ауылға өте қажет болған дәрілік шөптердің түр-түрін байқампаз жазушы дәл танып көрсетеді. Туған жердегі емдік қасиеті бар шөптерді біздер де біле жүруіміз қажет. Ал, шарапатын халық көретіні анық.

8.Тілші: - Менің сұрағым заңгер ғалымға. Әңгімені оқи отырып Жуанқұл тартып жатқан жазаны дұрыс деп ойлаймыз. Ал қазіргі кезде Жуанқұлдар көбейіп кеткен жоқ па? Оларға жазадан бұрын не қолдансақ екен?

Заңгер ғалым: -Дұрыс айтасыз. Жазушы Жуанқұлдың жазасын Құдайдан, қарғысын Байшынардан беріпті. Әңгімені түсініп оқыған әр оқушы тіршілік иесі ағашты шаппас. Қазіргі Жуанқұлдарға айтарым: біріншіден-рұхсатсыз ағаш кесуші заң жүзінде жауапталады,екіншіден-ағашты кеспес бұрын тыйым салып, санасына сіңіру бәріміздің – борышымыз.

9. Тілші:-Әнші мырза осы шынар, болмаса өсімдіктерге, тіршілік иелеріне арналған әніңіз бар ма?

Әнші: - Әрине, мен Мұқағали Мақатаев атамыздың қайыңға арналған «Жас қайың» әнін орындап берейін. Ән орындалады. Ән орындалып болған соң тілші репортажы беріледі.

- Бүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектепте Шерхан Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесі бойынша оқушылар конференциясы болып өтті. Оған көптеген ғалымдар, тілшілер қатысып, мағыналы сұрақтар қойып, маңызды жауаптар алды. Әңгіме ерекшелігі, тәрбиелік мәні кеңінен сөз болды. Жазушы көтеріп отырған мәселе өте орынды. Жасыл желек, ну орманды соғыс кезінде амалсыз қырықса, қазір бейбіт кезде неге кеседі? Мағыналы сұхбаттың тәрбиелік мәні өте зор. Осындай кездесулер жиі-жиі болып тұрса деген тілектеміз. (Репортаж жүргізушінің аты-жөні айтылады)

Тілші сөзінен соң алған білімдерін одан ары пысықтап бекіту үшін «Жаралы Байшынар» атты Блум жүйесі бойынша тапсырма орындалады:


1-тапсырма: Ой қозғау. Екі әріп тастай отырып адасқан әріптер арқылы мақал жазып шығарамыз.


Бір тал кессең,

Он тал ек.

Халық мақалы




2. Салыстырыңыз.

Жағымды кейіпкер Ортақ белгі Жағымсыз кейіпкер




Кенжегүл
Ахмет

Жуанқұл

Дадабай



Қабасақал


3.Топтастыру (Венн диаграммасы бойынша)

4. Суреттеңіз. Жағымсыз кейіпкер Жуанқұлдың портретін жасаңыз. Жуанқұл бадырақ көз, қалқан құлақ, еңсегей бойлы, дәу қара кісі.

Тапсырмаларға әрбір ат салысамын деген оқушы шығып жеке-жеке шығып жауап береді. Жауап бергеніне қарай бағаланады.


5. Сөзжұмбақ. Қорытындылап, пысықтау мақсатында «Байшынар» атты сөзжұмбақ жасырылады.
Сөзжұмбақ шешіп болған соң қорытындылаймын.

6. Қорытынды. Әр ағаш – тіршілік иесі. Ендеше, қаламгердің мәнді де мағыналы, әсерлі әңгімесін оқи отырып қоршаған ортаға араша болу бәріміздің міндетіміз, азаматтық борышымыз.

7. Үйге тапсырма беру. Үйде «Бейбіт күндк күңіренген ағаштар» тақырыбында шағын шығарма жазу тапсырылады.



8. Бағалау. Қолдарына берілген жетондар арқылы бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет