Сабақ 5 тақырып Таңдау курсы: Өлкетану



Дата07.02.2022
өлшемі109,57 Kb.
#90297
түріСабақ
Байланысты:
6 а Өлкетану 9 сабақ


«О.Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ

1-тоқсан

9 - сабақ

5 тақырып

Таңдау курсы:
Өлкетану

6 «А» сынып.

Сабақтың тақырыбы:

Әбдеш Төлеубаев, Зейнолла Самашев дегендер кім?

Сабақтың мақсаты:

Біздің бұл сабақта білетініміз:
Қазақстанның танымал археологтарымен танысу

Сабақтың барысы:





Әбдеш Төлеубаев, (1 – сурет) ахеолог, тарихшы ғалым. Ол 1970 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылында М.Әуезов атындағы орта мектепті бітірді.
1970 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетіне оқуға түсіп, 1975 жылы «археология және этнография» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
Ол Тарбағатайдың терістік бөктерінде орналасқан аудандардың аумағынан, Қалба, Шыңғыстау өңірлерінен қола, ерте темір дәуірінің бұрын белгісіз 400-ден астам археологиялық кешенін ашты, оның 60-тан астамын қазып зерттеді. Нәтижесінде осы аймақтарда да беғазы-дәндібай мәдениеті, үйсін мәдениеті жәдігерлері бар екендігі, бұл өңірлердің басқа археологиялық аймақтармен мәдени байланысы, мәдени-этнографиялық ерекшеліктері анықталды. Төлеубаевтың соңғы кездегі археологиялық зерттеулерінің ірі жетістігі - Шілікті жазығынан алтын киімді сақ патшасының мүрдесін ашуы, Үйіктің ерекше көлемі мен зәулімділігі, күрделі архитектурасы, одан шыққан бай алтын қаптырмалар, түймешіктер, зерлер (барлығы 4325 дана) сақ билеушісінің ерекше салтанатын көрсетеді. Сонымен қатар, бүгінгі таңға дейін ежелгі қазақстан тарихын зерттеумен қанаты талмай, айналысып келе жатыр.


Зейнолла Самашев, (2-сурет) Шығыс Қазақстан облысы, Бестерек ауылында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі С. Аманжолов атын. ШҚМУ) тарих факультетін аяқтаған соң, оқытушылық қызметте болған.
Негізгі зерттеу бағыты: Қазақстан мен Орта Азияның ежелгі және орта ғасырлардағы археологиясы, тарихы, мәдениеті және өнері. Қазақстан, Ресей, ҚХР, Франция, АҚШ өңірлерінде жарық көрген 100-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. З. Самашевтің археологиялық бағыты Шығыс Қазақстанмен тығыз байланысты. 1980-1983 жж. Шүлбі экспедициясына қатысқан. 1997 жылдан бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы Берел қорғанын зерттеумен шұғылданады. Археолог алдағы уақытта Моңғолия аумағындағы көне түркі ескерткіштерін зерттеп, Өскемен қаласында Жас археологтар мектебін ашуды жоспарлауда. 



(2 – сурет) (1 – сурет)

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

Балалар, қарап отырсаңыздар еліміздегі атақты, беделді археологтардың екуіде де біздің өлкемізден білім алып, әлі де осы туған өлкесінің тарихын зерттеп келеді. Ендеше, сіздерде бұл археолог ғалымдармен кездесу болса сіздер қандай сұрақ жолдар едіңіз.

Тапсырма:

  1. Археолог ғалымдарға арналған 3 (үш) сұрақ қойыңыз?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет