Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» Мақсаты



Дата08.12.2016
өлшемі85,14 Kb.
#3432
Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Толағай»

Мақсаты: Білімділік- әдеби ертегі туралы түсінік беру, «Толағай» әдеби

ертегісінің мазмұны, негізгі идеясымен таныстыру.



Дамытушылық –оқушылардың тіл байлығын арттыру,сөздік қорын

молайту, әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге, өзіндік

ойын дәлелдеуге, тұжырымдама жасауға үйрету.

Тәрбиелік- туған жерге, отанға деген патриоттық сезімдеріне әсер

ету, сүйіспеншіліктерін арттыру, қайырымдылыққа, жанашыр-

лыққа, рақымшылдыққа тәрбиелеу.



Түрі. Жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілдер: топтастыру, салыстыру, талдау, ойқорыту, т.б.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд материалдары

Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі

Сабақтың өту барысы:



І. Ұйымдастыру жұмыстары.

ІІ. Өткенді қайталау.

  • Балалар, біз бұдан бұрын қандай көлемді тақырыптармен таныстық?

  • Осы тақырыптарды қаншалықты тереңірек меңгергенімізді тексеру үшін сөзжұмбақ шешіп көрелік.
















Т






















О































Л




























А


































Ғ




























А































Й
















  1. Перінің қызының аты (Бекторы)

  2. Қойдың пірі қалай аталады? (Шопаната)

  3. Ер Төстіктің мінген тұлпары (Шалқұйрық)

  4. «Аяз би» ертегісінде уәзірлеріне бұйрық берген хан (Мадан)

  5. Жерұйықты іздеген кім? (Асанқайғы)

  6. Алланың елшісі, ең соңғы пайғамбар кім? (Мұхаммед)

  7. Сырым кімнен бата алды? (Малайсары)

Ортадан қандай сөз пайда болды? Толағай. Олай болса, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Әбділда Тәжібаевтің «Толағай» әдеби ертегісі.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Эпиграф «Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясына

әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын»

Мұхтар Әуезов



Әбділда Тәжібаевтың өміріне шолу.

  • 1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

- 1998 жылы 23қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.

- Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы,, профессор.

- Республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.

- «Толағай» әдеби ертегісін1978 жылы жазған.


Әдеби ертегі туралы түсінік беру.

Ертегі дегеніміз не? Ауыз әдебиетінде ертегінің неше түрі бар еді?

(сызбамен көрсету)

Қиял-ғажайып ертегі «Ер Төстік»

Шыншыл ертегі «Қырық өтірік»

Хайуанаттар туралы ертегі «Жеті лақ»

Әдеби ертегі Ә.Тәжібаев «Толағай»
Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атайды. Мысалы Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталатын Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.

«Толағай» ертегісін сюжеттік суреттермен бірге интербелсенді тақтадан оқу.



Картадан көрсету. «Толағай» әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауының орналасқан жерін картадан көрсету, «Толағай» тауы туралы аңызға тоқталу.

«Толағай» тауы – Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы. Қалба тауының бір бөлігі, биіктігі шамамен 700 метрдей. Толағай тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады. Сыртқы келбетіне қарағанда табиғат ескерткіші тәрізді.Киіз үйге ұқсас. Аңызға сүйенетін болсақ, Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұсқа келіп, сол тауға бастырылып қалған екен. Сондықтан «Толағай» тау деп аталыпты. Бүгінде Көкпекті ауданында «Толағай сазы» халық аспаптар ансамблі, «Толағай тентектері» көңілді тапқырлар клубы республикамызға танымал екен.

-Балалар, «Толағай» есіміне қатысты қандай бағдарламаларды білесіңдер? («Толағай» отбасылық сайысы)

«Толағай» әдеби ертегісінің сюжеттік жоспарын құру.

1.Дүниеге «алып болар» баланың келуі.

2.Толағайдың ер жетуі.

3.Алғашқы ерлік.

4.Алыптың жан күйзелісі.

5.Тау көтерген Толағай

6. Ер есімі ел есінде.


Ертегінің тақырыбы: Ерлік туралы

Идеясы: Елі үшін, Отаны үшін сондай ерлер туса екен деген тілек
Ертегінің композициялық құрылымы:

Басталуы. Саржан мергеннің ұл балалы болуы.

Дамуы. Толағайдың ержетуі.

Шиеленісуі. Халықтың күйзелуі, Толағайдың жан күйзелісі.

Шарықтау шегі. Толағайдың тауды көтеріп әкеліп жаңбыр жауғызуы.

Шешімі. Отаны үшін өлді бала.

Толағайға мінездеме беру. Топтастыру


күшті



Толағай

жанашыр

алып

мерген

батыр

рақымшыл



Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінң сипатын мәтіннен тауып оқу.

Күшті.

Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды.

Маңдайынан тер көл боп ақты,

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да тоқтамапты.

Алып.

Арқаласа он баланы-

Қайыспайды қабырғасы.

Рақымшыл.

«Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын»

Мерген.

Аң аулауға – кең даладан,

Құтылмайды қашқан құлан.

Жалғыз толғап тартуынан,

Жан құтқырмас болды қыран.

Батыр.

«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Жанашыр.

Күйген жердің кірді жаны,

Шөлдегендер суға қанды.

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары.
Венн диаграммасы. Бұрынғы оқыған ертегінің кейіпкері Кендебай мен Толағайды салыстыру

Кендебай

ортақ

Толағай

1.Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6 жастағы бала болады.

2.Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді.

3.Таз, кедей балаға ат а-анасын тауып әкеледі.

Батыр,


ел қорғаны,

жанашыр,


мейірімді,

қайырымды,

алып бала.


1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын мықты болды.

2.Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді.

3.Толағай еліне жаңбыр алып келіп, халқын аман алып қалады.




Қорытынды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп жас ұрпаққа сенім артады.


  • Ендеше бүгінгі жастар қандай болуымыз керек?

  • Ел басына күн туса, халық күйзелсе, сен не істер едің?

  • Бүгінгі бейбіт замандағы Толағайларымыздың қатарын кімдермен толықтырар едіңдер?

  • Толағай сияқты елінің халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, қазақстан атын әлемге паш ететін азамттар бар ма?

«Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді» деген мақал бүгінгі сабағымызға қорытынды болмақ. Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары – сендерсіңдер, ендеше осы атымызға лайық болайық.



Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. 1.Мәтінде кездесетін салт-дәстүрлерді теріп жазу.

(Отыз күндік мереке, бата беру, ат қою)

2. Өлеңнен өздеріңе ұнаған сюжеттен үзінді жаттап, суретін салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет