Мотивациялық – қозғаушылық
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттың шеңбері.
Балаларды ертеңгісін көңіл күйлерін көтеретін, ұйқыдан оятатын, бойларын сергітетін өте көңілді әнмен шаттық шеңбері жасалады.
Көк Тудың желбірегені
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен Ту,
Жан емес, маған керегі -
Көк Тудың желбірегені.
|
Балалар қимылдар жасайды.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Кіріспе әңгіме.
- Бүгінгі іс-әрекетімізде «Арыстан мен тышқан» атты латыш ертегісімен танысамыз. Ертегі өте қызықты екен.
Жалпы мазмұнын айта кету. Ертегіні оқып беру.
Сұрақ-жауап.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Арыстан қайда жүреді?
- Арыстан мен тышқанның айырмашылығы неде?
- Арыстан мен тышқан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
|
Балалар жауап береді.
Саваннада
Арыстан - үлкен, тышқан — кішкентай
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Қорытындылау.
Балаларға әртүрлі қимылдар жасату:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Диалогты сөздермен балаларға әңгімені рөлдер арқылы ойнату.
|
Қимылдар жасайды.
Рөлге бөлініп ойнайды.
|