«Күз ғажайыптары» атты сурет көрмесі 15 - 22 қазан аралығында 3 - 6 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылады. Күз тақырыбында бір планды композиция құру.
Мақсаты - күзгі көріністердің алуан түске еніп, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне отырып, құлпырған әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне түсіре алуға үйрету.
Құрал-жабдықтары: пішімі А4 сурет дәптер, акварель бояу, қылқалам, өшіргіш, су құятын құты.
Сіздерге арналған керемет жаңалығымыз бар! 2020 жылдың 15 – 22 қазан аралығында «Күзгі пейзаж» тақырыбында 7-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Бейнероликтер байқауы» өтеді.
Байқауға қатысу үшін:
Күзгі табиғат көрінісін, күз айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеу арқылы бейнеролик түсіру қажет. Бейнероликтің ұзақтығы 2 – минуттан аспауы керек және бейнеролик жылдамдатылған түрінде көрсетілу керек;
Қатысушы дайын болған суреттің жанына фото суретке түсу керек;
Күз тақырыбында бір планды композиция құру. Монотипия әдісін пайдаланып пейзаж көрінісін беру, қажетті көріністерді контурлау, аралас техниканы пайдалану арқылы сурет салу;
101mektep_lisei инстаграм парақшасына тіркелу керек.
Осы постты достарыңызға таратып, 5 досыңызды белгілеңіз;
Байқау нәтижелері шыққанға дейін парақшаны ашық қалдыру керек;
Бейнероликті Instagram немесе Facebook жеке парақшаларында жарияланым (пост) түрінде жариялану керек (сторис емес!);
Байқауға тақырыпқа сәйкес, материал сандық фото-бейне камераларға жазылып, кез-келген қолжетімді техникалық құралдармен монтаждалған бейнероликтер ұсынылады;
Слайд түріндегі жұмыстар қабылданбайды;
Байқаудың басты мақсаты - Күзгі табиғат көрінісін көре білуге, күз айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету, табиғат көріністерін, сұлулығын көре біліп дурыс бейнелей білуге, бояу тустері жайлы оқушының ой-өрісін дамытып, шығармашылық қабілетін ұштау, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру, табиғат көрінісін бейнелей отырып туған жердің табиғатын аялауға, қорғауға, елін, жерін сүюге баулу;
Байқау нәтижесі 24 қазанда жарияланады. Достарыңызды белгілеп белсенді болыңыздар.