Апта 1-ші тақырып-Касалиева Гулдана Стқб-02-18



бет1/2
Дата29.12.2021
өлшемі18,55 Kb.
#106140
  1   2
Байланысты:
1-тақырып БАп


  1. апта 1-ші тақырып-Касалиева Гулдана Стқб-02-18

Балалардың тыныс алу ағзаларының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

2. Анамнез түрлері. Жасқа байланысты анамнез жинау ерекшеліктері.

3. Тыныс алу ағзаларының патологиясы бар науқасты клиникалық зерттеу әдістері:

а) тыныс алу ағзаларының ауруы бар науқас баланы не оның ата-анасын сұрастыру: негізгі, екіншілік шағымдар, олардың патогенезі;

б) ауру анамнезінің және өмір салтының ерекшеліктері: тыныс алу ағзаларының ауруының дамуында бейімдегіш факторлардың рөлі

в) қарап тексеру ерекшеліктері: цианоз, мұрынмен тыныс алу қиналуы, қосымша бұлшықеттердің қатысуы, кеуде қуысының формасы және симметриялығы;

д) тыныс алу сипаты: типі, сипаты, тереңдігі, ритмі; тыныс жиілігін есептеу;

е) пальпация ерекшеліктері: кеуде қуысында ауырсыну және эластикалылығы; дауыс дірілі;

ж) патология және қалыпты кездегі  кеуде қуысы резистенттілігін анықтау ерекшелігі;

1-Балалардағы тыныс алу жүйелерінің


анатомо-физиологиялық ерекшеліктері Мұрын қойнаулары туылған уақытта толық дамымайды. Жақ үстілік (гайморлық), этмоидальды және сыналы қойнаулар толық түзілген, бірақ олардың көлемдері өте кішкентай. Маңдайлық қуыс болмайды. Бұлар ерте жастағы балалрда синуситтердің сирек болуымен ерекшеленеді. Қойнаулардың толық қалыптасуы 15 жасқа таман болады.

Нәрестенің көмейі салыстырмалы түрде тар болады. Лимфоидты сақина әлсіз. Бір жастан асқан бадамша бездері доғалардан асып шығады, бірақ крипталары әлсіз дамыған, сондықтан баспамен ерте жастағы балалар сирек ауырады. Жиі балаларда мұрынжұтқыншақтық лимфоидты тіндер (аденоидтар) өсіп кетуі болады, сондықтан ол балалардың қалыпты демалуын қиындатады.

Нәрестелерде тыныс жолдары өте аз бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады, бірақ 4-5 айлық балаларда бұлшықет тіні жеткілікті түрде дамиды. Бұлшықет пен эластикалық тіннің Толық жетілмеуіне байланысты, кішкентай жастағы балаларда бронх спазмы жиі кездеседі; шырышты қабаттың ісігіне байланысты бронх обструкциясы болады.

Балалардың өкпесі ересектерде сияқты сегментарлы құрылымы бар, бірақ ацинус жеткіліксіз. Туған кезде өкпеде 60 млн-ға жуық алвеолалар болады, олардың көлемі алғашқы 2 жылда ұлғаяды. Одан кейін өсуі ақырындайды және 8-12 жаста альвеолалардың көлемі 375 млн-ға жуық болады, бұл ересектердің альвеолаларымен бірдей.



  1. Анамнез жинау

Жас балаларда анамнез анасының айтуымен жиналады. Баланы ойыншықпен, әңгімемен алдап тексеру жүргізу керек. Ұнамсыз әрекетті соңына қалдыру.

2 Ересек балалар ауру белгісін айтуы мүмкін, бірақ оларға сұрақ беру арқылы ауру белгілерін бір бағытқа келтіруге болады

З Жас балалар анамнезінде өмір тарихына баса назар аударылады

4 Аурудың клиникалық белгісі баланың жасы мен жағдайына байланысты

Rusderm.Ru

Балалардағы ауру тарихын толтыру үлгісі

Паспорттық бөлім •Аты-жөні. •Тұрақты мекен жайы, телефон. •Ата-анасының аты жөні жұмыс орны, қызметі. •Баратын мектебі, балалар бақшасы немесе үйде тәрбиеленеді. •Мектептің бала бақшаның мекен жайы, телефоны. •Емдеу мекемесіне
түскен күні. •Болжам диагноз. •Клиникалық диагноз. •Қорытынды диагноз. •Асқынулары. •Қосалқы аурулары. Аурудың нәтижесі: толығымен сауығу, жақсару, өзгеріссіз, нашарлау

Rusderm.Ru

Аурудың шағымдары.

Шағым деп науқастың өзі сезінетін аурулық сезімді айтады. Шағымдар негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді

Әр мүшенің (жүйенің) патологиясына тән болады. Мысалы, тыныс мүшелерінің ауруына тән негізгі шағымдар:Жөтел, қақырық тастау, ентігу және т.б.



Негізгі

Қосымша шағымдарға: Әлсіздік, делсалдық, тершеңдік, ұйқысының бұзылуы және т.б. жатады.


Anamnesis morbi

Бала осы аурумен алғашқыда қандай жағдайда ауырды. Аурудың басталуына қандай әсерлер себебін тигізді (жүйкелік зақымдалу, физикалык жене ойлық шаршау, инфекция, тоңазу және т.б.). Аурудың басталуы: жедел, біртіндеп. Аурудың даму барысы (жүйелігі, күшейуі, өзгерістері, өзгешеліктерінің әлсіреуі, белгілерінің жойылуы, жаңаларынан пайда болуы). Бұрынғы (үйде) жасалған емдік шаралар және олардың тиімділігі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет