Мұғалімнің аты-жөні: Кемелова Кенжекуль Ажайпхановна Жұмыс орны: Алматы облысы



бет1/6
Дата23.10.2023
өлшемі324,46 Kb.
#187548
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мақала байқауы Кенже 2016


Мұғалімнің аты-жөні: Кемелова
Кенжекуль Ажайпхановна
Жұмыс орны: Алматы облысы,
Қарасай ауданы, «Көкөзек ауылындағы
орта мектебі» КММ
Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ деңгейлік курс бойынша сертификатталған


Абай өнері – өсер сынға өрелі өрнек
(«Абайтану» курсы бойынша 10-сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарлама)
Еліміздің ертеңі, ғаламат жылдамдықпен дамып отырған кезеңде қазақ елінің келбетін танытар тұлғаға білім беріп, тәрбиелеу істері жалпы білім беру саласында оқытудың жаңа жүйесін қалыптастыруға жол ашуда. Осыған байланысты білім берудің тиімді жолдарын меңгеру - әрбір қазақстандық мұғалімдерінің басты мақсаты болып отыр. Осы мақсатты алға қоя отырып, 2014 жылы Кембридж университеті аясында Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығының үшінші (негізгі) деңгейлік курсы бойынша біліктілігімді арттырып келіп, оқушылармен жаңа форматта жұмыс жүргізіп жүрмін. Оқу үдерісімде ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар құра отырып, әр сабағымды қызықты, жаңаша өткіземін.
Тіл маманы болғандықтан менің басты мақсатым – оқушылардың өз ойын дұрыс айтуға, мазмұнды сұрақ қоюға және ұтымды жауап беруге үйрету болды. Сонымен қатар, айтылған пікірлерге сыни тұрғыдан қарайтын, жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-талғамы бар,адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми – зерттеу институтының базасында «Абайтану» бағдарламасын толық меңгеріп шықтым. «Абайтану» курсынан өткеннен кейін менің кәсіби тәжірибем шыңдалу үстінде. Қазіргі кезде 10-сыныпқа «Абайтану» курсынан дәріс беріп келемін. Оқушыларға осы бағдарламаны қызықты өткізу үшін үнемі ізденістемін. Өзімнің іс-тәжірибеммен әріптестермен бөлісу мақсатында 2015 жылы 7сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми - зерттеу институтының сайтында (www.abai-inst.kz) әдістемелік нұсқауым жарияланды.
Қазақтың ХІХ ғасыр әдебиеті алуан үлгіде, түрлі жанрда жасаған олжалы мұра. Сол үлкен әдебиетте Абай – өз алдына бір ғалам. Қазақ әдебиеттану ғылымында абайтану ілімі – іргелі ғылым арнасы.
Абайдың ақындығы жайлы сөз әріден бүгінге шейін жалғасып толассыз, тоқтамсыз дамып, уақыт озған сайын толыға түсіп отыр.
Абайтану мәселесі жүйелі ғылым нысаны етіп, кеңінен қозғап, орнықтырып бекіткен – Мұхтар Әуезов. Абайтануда қазақтың көрнекті әдебиеттанушы, тілтанушы ғалымдары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Б.Кенжебаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішев,Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, А.Ысқақов, А.Нұрқатов, Қ.Мұқаметқанов, М.Мырзахметов, Ғ.Есім т.б. олжалы зерттеулер жасады.
Қазірде абайтану тарихы жасалды. Абайтанудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері сараланып, дараланып, көкейкесті түйіндер жан-жақты зерттеулер нысанына айналып отыр.
Абайтану – Абайдың ақындық мұрасын тану. Абайтану – абайтанудағы ғалымдардың баршасын негіз ете отырып, Абайдың шығармашылық мұрасын мүмкіндігінше бар жағынан бағалауды ілгері дамыту, толықтырып отыру.
Ол – Абайдың туысы мен өміріне, өмірбаянына қатысты зерттеулер және соның нәтижесі. Абайдың Шығысы мен Батысы. Абай ақындығы бастау алған ұлттық арналар.
Ол – Абай шығармасының тіл кестесі, сөз өрнегі. Абайдың қазақтың жаңа жазба әдебиет тілін жасағандағы орны. Сол ыңғайдағы зерттеулер нәтижесі.
Ол – Абай шығармаларының жанры.
Ол – Абай қарасөздерін зерттеу.
Ол – Абайдағы дін жайы. Дүниетаным қағидалары.
Ол – абайтанудың негізгі арналары мен қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселелерінің ғылыми негіздемесі.
Абайтанудың бүгінгі деңгейі оның өткеніне борышты.
Сол тұрғыда Абайдың өлеңі, Абайдың шығармашылық әлемі жайлы абайтану тарихында аса мәнді, аса құнды тұжырым жасап, абайтанудың таным табиғатын ғылым негізінде қалыптастыруға өлшеусіз еңбек сіңірген қадау-қадау абайтанушылар еңбегінің қазақ әдебиеттану ғылымындағы құны мен мәнін уақыт ілгерілеген сайын жарқырата ашып, айтып отыру, қажетімізді аптапта тұныққа бас қойғандай құштарлықпен тауып қуанып отыру, сол өрісті қисынды негіздері көңілден таса етіп алмай, көмбеге айналдырып алмай, жаңғыртып, жаңартып отыру – біздің міндетіміз.
Осы аталған міндеттерді іске асыру мақсатында «Абайтану» курсы бойынша 10-сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарлама жасадым.
«Абайтану» курсының бағдарламасы арқылы оқушыларға әлем таныған Абайды үш тілде меңгерту, шығармалары арқылы олардың дүниетанымын кеңейту, жан дүниесін байыту, Абай шығармаларының қуаты мен тәлімдік мәнін таныту, «Абайды үш тілде оқимыз» атты жаңа жобаны жүзеге асыру.
Өзім мектеп қабырғасында жүргенімде ағылшын тілін оқыдым. Сондай-ақ, қазіргі кезде «Obrain» Халықаралық Дамыту Орталығына ағылшын тілі курсына қатысып, ағылшын тілін толық меңгеру және құрастырған «Абайтану» курсы бағдарламамның сәтті жүзеге асуы мақсатында білімімді жетілдіріп келемін. Бабаларымыз «бір тіл білген бір адам, екі тіл білген екі адам» деп бекерге айтпаса керек. Сол үшін білімнің артықтығы болмайды. Ал шет тілін үйрену бүгінгі заманның талабы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлт туралы толғанысында: «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс… Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады», – деп баса айтқан болатын. Елімізді бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын мемлекет ретінде тануы үшін де үштұғырлы тілдің маңызы орасан зор. Яғни, «Үштұғырлы тіл саясатының» көздеген мақсаты егемен еліміздің жарқын болашағына жол ашу болып табылатыны сөзсіз.
«Абайтану» курсы бағдарламасының негізгі мақсаты:
Оқушыларға Абай Құнанбайұлының қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы ретінде құбылыстық сипатын, бүкіл ақындық әлемін, өлең өнеріндегі өзгешелігін, шеберлігін таныту. Абай қазынасын дәріптей отырып, олардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
2015-2020 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында 3 тілде
білім беруді дамыту.
Бұл курс өзіне төмендегідей міндеттерді жүктейді:
- Абай Құнанбайұлының шығармашылығының зерттелу жайына тоқталып, Абайтану ғылымының тарихынан мәліметтер беруге;
- Қарасөздің мән – мағынасын аша білуге;
- Лирикалық шығармаларды образға сала білу;
- Оқығаннан алған әсерлерін шығармашылықпен ауызша және жазбаша көрсете білу, эссе (ой толғау) жұмыстарын жазу кезінде өзіндік ой-пікірі, көзқарасын көркем тілмен жүйелі баяндауға;
- Курс барысында меңгерілетін үш тілдік білім – біліктер;
- Әдебиет жанрына байланысты сәйкес дауыс ырғағын сақтай оқуға, талдауға бағыттау;
- Әдеби тілдің бейнелегіш көркемдік ерекшелігін қолдана білу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет