«Абай-Шәкәрім-Мұхтар мұрасы» атты кездесудің қорытындысы бойынша анықтама мақсаты



Дата11.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#142457
Байланысты:
шыңғыстау
То санды жиынты ба алауды спецификациясы «Биология» 8-сынып 2, АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ, Литература методическое руководство для учителей 9 класса общеоб, Жарықтың затпен өзара әсерлесуі

Абайдың туысы және үздік шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына байланысты өткізілген
«Абай-Шәкәрім-Мұхтар мұрасы» атты кездесудің
қорытындысы бойынша
АНЫҚТАМА
Мақсаты
-Ұлттық руханият жарық жұлдыздарының өнегелі өмірімен таныстыру;
-Маржан сөзбен өрнектелген шығармаларын насихаттау;
-Өскелең ұрпақ жүрегіне өлеңдері мен әндерін ұялату;
- «Шыңғыстаудың үш шыңын» құрметтейтін ұрпақты тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер:







1. Елжанды , қабілетті, білімді жеке тұлға;




2. Шәкәрім шығармашылығымен шыңдалған шәкірт;







2018 жылдың 3-інші желтоқсанында № 8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектепте «Абай-Шәкәрім-Мұхтар мұрасы» атты кездесу болып өтті.Яғни, қазақ руханиятынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімдері аталатын үш арыс, үш бәйтерек – Абай, Шәкәрім, Мұхтарларды ұлықтап, әлемді мойындатқан Шыңғыстаудың үш шыңын бүгінгі ұрпаққа дәріптеу болатын. 


«Абай-Шәкәрім-Мұхтар мұрасы» атты кездесуді жүргізілу бағдарламасы:
Өтетін орны: №8 орта мектебінің акт залы
Өтетін уақыты: 2018 жыл 3 желтоқсан сағат 11:00-12:30


І. Қақпа алдында қонақтарды Берік Арайлымның ән шашуымен қарсы алуы ( 3 мин)
1.Безендіру;
2.«Шыңғыстаудың үш шыңы» аталымымен слайд интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.
ІІ.Қарсы алу: («Жас ұлан» ұйымы гүл шоқтарымен қарсы алады)
(2 мин)
ІІІ. Мектеп фойесіне көтеріледі. 4 мин
- Қонақтар көтеріліп келіп , фойеге тоқталады.
1. 5-8 сынып оқушыларының орындауындағы хор: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»


Қатысушылар контингенті: 1.Абайтанушы, Шәкәрімтанушы ғалым, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Қадыров Айбар Қабікенұлы
2.Республикалық «Абай» журналының Бас редакторы, Абайтанушы ақын, бірнеше кітаптың авторы, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Қ.Р-ның Қоғамдық келісім және Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Оспанов Мұратбек Қабиденұлы
3.Шәкәрімтанушы, Техника және философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Республикалық «Абай» журналының жауапты қызметкері. Қазақстан Республикасы Қоғамдық келісім және Ақпарат министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне қарасты ғылыми – зерттеу және талдау Орталығының жетекші маманы. Абайтану, дінтануға қатысты жүзге тарта еңбектерінің авторы Омаров Асан Қайырбекұлы
4. ҚР білім беру ісінің үздігі, құрметті қызметкері, Абайды насихаттаушы, Облыстық «Таным» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Абат- Тохташ Жолдасова.





Кеш қонақтары 9 «А»сынып оқушысы Байданов Бақытжанның орындауындағы «Көзімнің қарасы» әнін тамашаласа, шәкірттеріміз ұлы тұлғаларды зерттеушілердің жүрекжарды жылы лебіздерімен сусындады. Мектебіміздің білімді түлектері үш асылдың шығармаларын сүйіп оқып, тұлғаларды пір тұтатынын алға тарта отырып,көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.
Сұрақтар:
1.Абайды зерттеуге не түрткі болды?
2.Абай туралы ашылмаған құпия-сыр бар ма?
3.«Абай жолы» романында М.Әуезов Құнанбай бейнесін жағымсыз етіп көрсетті, қазіргі таңда Құнанбайды жағымды кейіпкерге айналдырды. Себебі неде?
4. Шәкәрім Абайды не үшін үлгі тұтты?
5. М.Әуезовтың «Абай жол» романын жазуға не түрткі болды екен?
6.Шәкәрім атамыздың 160 жылдығына орай тек осы Қызылорда қаласынан басқа республиканың қай жерлерінде тойлауда?
7. Сіздердің Абайтану жолдарыңызда шәкірттеріңіз бар ма?
8. Абай атамызды зерттеп жүрген жастардан кімді айта аласыздар?
Оқушылар өз сұрақтарына тұшымды жауап алып,бір серпіліп қалды.Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректеріне сақтайтындықтарын нық сеніммен жеткізді.
Поэзия әлемі мектебіміздің мақтанышы, қалалық, облыстық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы , «Сыр жұлдыздары» телебайқауының І орын иегері, «Роза Востока» халықаралық байқауының ІІ орын иегері Берік Арайлымның «Құтты ұя» әнімен аяқталды.
ІV. «Рухани жаңғыру» мұражайымен таныстыру;
V. Шығарып салу:
Қонақтарды шығарып салу



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет