Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
2022 жылғы «18» мамырдағы
№ 77-нж бұйрығымен бекітілген _
|
2022-2024 жылдарға арналған
«Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін
гранттық қаржыландыруға арналған
конкурстық құжаттама
1. Жалпы ережелер
1. Конкурс Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарын іске асыруға бағытталған 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.
Конкурстың мақсаты – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, талантты жастарды ғылымға тарту және бекіту, жас ғалымдардың үлесін арттыру.
2. Конкурстық құжаттама «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2020 жылғы 27 мамырдағы үшінші отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 20-тармағына, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.
3. Конкурстық құжаттаманы ғылым саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) конкурстарға қатысуға өтінімдер дайындау мақсатында әзірледі.
4. 2022-2024 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы – 10,45 млрд.теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2022 жылға – 1,67 млрд. теңге, 2023 жылға – 4,38 млрд. теңге, 2024 жылға – 4,4 млрд. теңге.
Іске асыру мерзімі 28 айға 1 (бір) жобаны қаржыландыру 19 млн.теңгеден аспайды, оның ішінде 2022 жылға – 3 млн. теңгеден аспайды; 2023 жылға – 8 млн. теңгеден аспайды; 2024 жылға – 8 млн. теңгеден аспайды.
5. Зерттеу түрі: іргелі және қолданбалы зерттеулер.
6. Гранттар постдокторлық бағдарлама шеңберінде зерттеуді іске асыру жоспарында қойылған міндеттерді шешуге бағытталған қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге жас постдокторант ғалымдардың шығыстарын қаржыландыру үшін бөлінеді.
7. Грант ғылыми консультанттың қатысуымен постдоторанттардың жеке зерттеулері үшін қарастырылады.
8. Жеке тұлға посдокторант ретінде тек бір өтінімге қатысуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |