Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет8/19
Дата14.06.2022
өлшемі125,88 Kb.
#146554
түріКонкурс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
1456483 comp doc 1456483 1653036101
Копия Презентация на тему Ветер в формате powerpoint, Копия Презентация на тему Ветер в формате powerpoint, Doc1
8. Қаржыландыру

1. Қаржыландыру үшін мақұлданған жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуға тиіс.


2. Гранттық қаржыландыру қаражаттарын постдокторант бөледі.
3. Өтінімнің мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін гранттық қаржыландыру қаражаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына сәйкес дайындалған және Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулерді жүргізуге тікелей байланысты шығыстардың түрлеріне жіберілуге тиіс.
4. Гранттық қаржыландыру қаражатын тиімсіз және негізсіз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруші мен постдокторант жауапты болады.
5. Жобаларды орындаушы ұйымның гранттық қаржыландырудан қаражат ұстауына жол берілмейді.
6. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарымен ғылыми, ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға арналған шарт заңнамада белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады. Шартта көрсетілген ғылыми, ғылыми-техникалық жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер күнтізбелік жоспарға және өтінімде көрсетілген күтілетін нәтижелерге сәйкес келуге және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге осы конкурстық құжаттаманың 7-бөлімі 1-тармағының талаптарынан төмен болмауға тиіс.
7. Өтініш беруші заңнамада белгіленген тәртіппен жоба бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді.
8. Постдокторант жобаны іске асырудан бас тартқан жағдайда ҰҒК шешімімен жобаны іске асыру тоқтатылады, шарт бұзылады, ал жұмсалмаған қаражат Ғылым комитетіне қайтарылады. Егер осы жағдайда жобаның жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізілмеген болса, осы бөлімнің 10-тармағындағы шектеулер қолданылады.
9. Орындаушы мониторинг актісіне қол қоюдан бас тартқан және (немесе) құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ сараптама тобының мүшелерін жобаны іске асыру орнына жіберуге кедергі болған кезде жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы ұсыным енгізіледі және мониторинг актілері қарау үшін тиісті ҰҒК-ға жіберіледі.
Жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы ҰҒК шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган орындаушымен шартты бұзады.
10. Конкурстық құжаттаманың 7-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген жоба нәтижелеріне қол жеткізілмеген жағдайда, ҰҒК шешімі бойынша постдокторант нәтижелерге қол жеткізілгенге дейін (нәтижелерге қол жеткізу туралы Ғылым комитеті мен Орталыққа хабарланады), бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге Ғылым комитеті жариялайтын келесі конкурстарға ғылыми жетекші немесе постдокторант ретінде қатысудан шеттетіледі. Ғылыми этиканы бұзу (плагиат және жалған тең авторлық, қайталау, бөтен деректерді беру, ғылыми деректерді фабрикациялау және бұрмалау және т.б.) не ҰҒК шешімімен жоба бойынша аралық немесе қорытынды есепті мақұлдамау фактілері анықталған жағдайда, постдокторант Ғылым комитеті жариялайтын келесі конкурстарға қатысудан 3 жылға шеттетіледі. Постдокторант жобаны іске асырудан бас тартқан жағдайда, ол ғылыми жетекші ретінде Ғылым комитеті жариялаған келесі конкурстарға қатысудан 3 жылға шеттетіледі.
11. Осы жобаны орындау кезеңінде постдокторанттың басқа гранттық және/немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларына алғашқы екі жылда зерттеу тобының қатысушысы ретінде немесе осы жобаны іске асырудың үшінші жылында жетекші немесе зерттеу тобының қатысушысы ретінде қатысуға құқығы бар.

2022-2024 жылдарға арналған


«Жас ғалым» жобасы бойынша
жас ғалымдардың зерттеулерін
гранттық қаржыландыру
конкурстық құжаттамаға

1-қосымша





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет