I Өтініш беруші-ұйымға қойылатын талаптар Конкурсқа қатысу үшін өтінімді өтініш беруші-ұйым - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі, сондай-ақ білім берудің автономдық ұйымы береді.
Өтініш беруші-ұйымның қажетті жабдықтары, ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін басқа да материалдық және технологиялық мүмкіндіктері болуға, барлық деңгейдегі бюджеттерге салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауға тиіс, төлеуге қабілетті болуға, тарату, банкроттық процесінде болмауға тиіс.
Өтініш беруші-ұйымның бекітілген ережесі немесе постдокторлық бағдарламасы;
Өтініш беруші-ұйым жоба шеңберінде постдокторанттың жұмыс уақытын есепке алуы тиіс (постдокторант жоба бойынша еңбек келісімі шеңберінде толық жұмысбасты режимінде жұмыс жасауы тиіс. Жұмыс уақытының ұзақтығы жоба бойынша аптасына 40 сағатты құрауы тиіс.).
II. Постдокторантқа қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы немесе қандас (бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына тұрмаған, тарихи отанына келген және халықтың көшіп-қонуы туралы заңнамасымен бекітілген тәртіпте тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері) немесе ҚР азаматы емес қазақ ұлтының тұлғасы болуы;
жасы 40 жастан аспаған (өтінім берген сәтте қоса алғанда)
философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) болуы немесе докторантура бағдарламасының толық курсын аяқтаған тұлға болуы тиіс (шетелде алған дипломдарының баламалылығын тану рәсімінен өту талап етілмейді);
Докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға жобаны іске асыруға шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде өзін қорғауға міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда қаржыландыру тоқтатылып, ұлттық ғылыми кеңестердің шешімі негізінде шарт бұзылады;
соңғы 12 ай ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға ғылыми жетекші немесе толық және одан да көп тартылған зерттеу тобының мүшесі болмауға тиіс;
келесі минималды талаптарға сәйкес келетін отандық және/немесе шетелдік консультанттары болуы:
қауымдастырылған (доцент) немесе профессор ғылыми атағы немесе ғылым докторы/кандидаты ғылыми дәрежесі болуы. Шетелде алған дипломдарының баламалылығын тану рәсімінен өту талап етілмейді;
ғылыми консультанттың ғылыми зерттеу саласы және (немесе) оның ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі ғылыми жобаның бағытына сәйкес келуі тиіс;
жеке тұлға бір конкурстың шеңберінде 2 (екі) артық постдокторантқа консультант болуы мүмкін емес.
жобаны іске асыру кезінде докторант жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Еуропалық кредиттерді аудару және жинақтау жүйесі (ECTS) бойынша жобаның бүкіл кезеңінде жалпы оқу жүктемесі кемінде 3 кредит (әр семестрде) бір немесе бірнеше пәндерді оқытуы тиіс.
Грант жеке зерттеу үшін қарастырылады. Зерттеу тобының басқа мүшелері және/немесе көмекші персонал осы жобаның шеңберінде қарастырылмаған.