III. Асыл сөздерінің жалғасын тап
1. Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
................................... ( Аздырар адам баласын.)
2. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті.
...................................................... ( Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
3. Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
...................................... ( Екі жаққа үңілдім.)
4. Қайратсыз ашу - тұл,
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
......................................... ( Шәкіртсіз ғалым - тұл.)
5. Досы жоқпен сырлас,
.......................................... ( Досы көппен сыйлас.)
6. Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
........................................... ( Өрнегін сендей сала алмас.)
7. Өмірдің алды - ыстық, арты - суық,
.............................................................. ( Алды-ойын,артқы жағы мұңға жуық)
8. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
............................................................. ( Ол - ақынның білімсіз бейшарасы.)
9. Толғауы тоқсан қызыл тіл,
.................................................. ( Сөйлеймін десең өзің біл.)
10.Еңбек етсең ерінбей,
................................................. ( Тояды қарның тіленбей.)
Мұғалім: Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге, тіл шұбарлауға, Абай мүлде қарсы болды. Абай күні бүгінге дейін алдына жан салмаған жүйрік ақын.
" Абайға тағзым" өлеңін мәнерлеп айтты. ( Жүніс Дінмұхамед )
IV. Өлең өнері
Абайдың өлеңдері оқылды.Оқушылар өлеңнің тақырыбын айтып, әрі қарай өлеңді жалғастырып айту керек.
1. Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
2. Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.
3. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
4. Қар аппақ, бүркіт - қара, түлкі қызыл,
Ұқсайды дала сұлу шомылғанға.
5. Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
6. Антұрғанмын өзім де,
Бір мінезбен өтпеймін.
7. Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
8. Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай,
Қол жетпес әр нәрсеге тыртақтаған.
Мұғалім: Абай атамыз ән де жазған. Абайдың музыкалық мұрасын зерттеуде інісі Ысқақтың баласы Архамның үлесі зор. Абай қазақ халқының рухани әлемін өзінің терең мағыналы әрі әуендік құрылымы жағынан мүлдем тосын ырғаққа құрылған романстық сипаттағы әндерімен де байытты. Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның әндерін жоғары бағалады. Ақын музыка өнеріне аса қатты зейін қойып, оған қатты талап та қоя білген.
Достарыңызбен бөлісу: |