8-билет
7-сыныпта «Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша оқытылатын тақырыптар мен оқу мақсаттары.
Бұл тарауда 3 автор және олардың шығармалары берілген. Авторлар: Шортанбай Қанайұлы, Сүйінбай Аронұлы және Жамбыл Жабаев.
Оқытылатын тақырыптар: «Зар-заман», «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы» және «Зілді бұйрық».
Оқу мақсаттары:
7.1.1.1 әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;
7.1.2.1 әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау;
7.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау;
7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту
7.2.1.1 шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру;
7.2.2.1 эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;
7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау;
7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
7.3.2.1 әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру;
7.3.3.1 шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 9 сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны.
Жалпы 72 сағат берілген. 4 тоқсанға есептегенде 8 бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау.
1-тоқсан- 17 сағат.
2-тоқсан-16 сағат
3-тоқсан- 20 сағат
4-тоқсан-19 сағат.
Мектепте жазушы өмірбаянын оқытудың әдістері (М.Әуезов бойынша)
Адамзаттың ақыл-ойының ғұлама жазушысы Әуезов шығармашылығын қалай оқыту керек, оны жастардың бойына қалай сіңіру керек, осы мәселе әрбір әдебиетші ұстазды ойландырып келгені рас. Себебі, М.Әуезов шығармашылығын оқыту дегеніміз - үлкен мұхитқа сапар шеккенмен тең деген сөз. Қай кезеңде, қай туындысын алсақ та, Әуезов туындыларының тақырыбы мәңгілік мәселені қозғайды. Қазақ халқының өткен тарихын баяндап, толғағы жеткен мәселелерді көтеріп, ел тұрмысының шынайы болмысын көрсетіп, адамдар тағдырының шындығын суреттейді. Осыған байланысты М.Әуезов шығармашылығын оқытуды алға тартқан Қ.Бітібаева өз сөзінде былай дейді: «Ұстаздар қауымы Әуезов тағлымын оқу мен тәрбие беруде тиімді пайдалануы, қажетке айналдырудың көзін тауып, қонымды жолын ізденуі керек. М.Әуезов шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарын іздеу бүгінгі оқыту үрдісінің талап деңгейінен туындайды», - дейді [2; 6]. М.Әуезовтің әңгімелерін, драмалық шығармаларын 5 – 8 сыныптарда оқытудың тиімді жолдары ұстаз еңбегіндегі негізгі тақырып болып табылады. 20-шы жылдары қазақ прозасын әлемдік деңгейге көтерген Әуезов әңгімелері туралы айтқан ұстаз ойлары ғылыми пайымдылықпен, пәлсапалық тұжырымдылықпен байқалады. Автор оқу құралында Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің өзіндік ерекшелігі мен жазушы шеберлігінің қырларына талдау жасайды да, әңгімелерін оқытудың әдістемелік үлгісін береді. 5-сыныпта «Жетім» әңгімесін, 6-сыныпта «Қыр суреттері», 7-сыныпта «Қорғансыздың күні», 8-сыныпта «Еңлік-Кебек» трагедиясын оқыту барысында оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керектігін ескертеді. Оқушылардың зейіні, есте ұстау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалімнің мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғанын тиімді деп табады. Мәтінге жуық мазмұндауды, одан кейін ұжымдық жұмыс әдісін ұсынады. Әр әңгімедегі кейіпкер мен мен табиғат арасындағы байланыстарды, қаһарман психологизмін басты нысанаға ала отырып, оқушыларға түсіндірмелі оқу, әрі әңгімелеу тәсілдерімен мұғалімнің жеткізуін қалайды. Шығарма талдауда жазушының стилі, көркем тәсілі мен мұғалімнің әдіс-тәсілі қатар беріліп отырады. Мұғалімнің проблемалық сипаттағы сұрақтары оқушылардың әңгімені терең түсініп, үңіле қарап талдауына әкеп соқтырады. Кесте арқылы қорытынды түсінігі, талдауды жинақтауы, пысықтауы Әуезов әңгімелерін оқытуда өте тиімді жолдардың бірінен саналады.
Сонымен, қорыта келгенде, әйгілі ұстаз өзінің көп жылғы тәжірибесінде «Абай жолы» эпопеясын оқытудың қия-қалтарыстарын түгел зерделейді. Соның ішінде М.Әуезов шығармашылығын оқытуда оқулық пен оқу бағдарламасында кездесетін кемшіліктерге білгірлікпен сын айтады. Әуезовтің ұлылығын таныту мақсатында автор ғұлама жазушының публицистикалық шығармаларын, прозалық шығармаларын, «Абай жолы» роман-эпопеясын, драматургиясын, ғылыми еңбектерін тұтастай оқыту керектігін баса айтады. Осыған қоса, жазушы шығармашылығын оқытудың алдына бірнеше мәселелер де қояды. Бұл жағынан алғанда, Қ.Бітібаеваның М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту мәселесі терең зерттеуге бағытталған еңбек болса, екіншіден теориялық білімді ұштаудың әдістемелік негізгі көзі болып табылмақ.
Ұстаздың әдебиетті оқыту пәлсапасы ой, ойлау, ойланту мәселелерінен тұрады. Әр сабақта оқушыға ой салу, ойланту ұстаздың әдістемесінің биік жемісі. Ол әдебиетті - ғылым, өнер пәні ретінде қарастырады. Байырғы әдістемемен оқытылып келе жатқан әдебиет пәніне жаңа бетбұрыс әкеліп, инновациялық технологиямен оқыту мәселесін қазіргі педагогика ғылымының күн тәртібіне қойды. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін мүлде тың арнаға бұрды деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |