Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы



Дата05.11.2016
өлшемі75,27 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»
Сабақтың мақсаты:
А)Шортанбай Қанайұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап, шығармаларына талдау жасау, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындау.

Ә)Ш. Қанайұлының өлеңдеріне тілдік және құрылысына талдау жасай отырып, талдау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ойлау, таным белсенділіктерін арттыру.


Б)Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап, сатылай кешенді талдау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Тарих.

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге М.Өтемісұлының 1 өлеңіне сатылай кешенді талдау, 1 өлеңін жатқа мәнерлеп оқу.

М.Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы қандай?



ІІІ. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Шортанбай Қанайұлының өмірімен танысу, «Зар заман» шығармасын талдау.
«Миға шабуыл» әдісі
1. Балалар Ш. Қанайұлы 1818 жылы туылған екен, олай болса оның өмір сүрген кезіндегі тарихи жағдайлар турала не айта аласыңдар?

Жауабы: ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында Қазақстан түгелімен Ресейге бағынып, Ресей империясының қарамағында жаңаша өмір бастайды.Осыған байланысты қазақ халқының тұрмысына да,мәдениетіне де көптеген жаңалықтар енеді. Ресей капитализмінің жаңалықтарының көлеңкелі жақтарын Шортанбай шебер суреттеген.

Сұрақ:
2. Олай болса Ш. Қанайұлы өз шығармаларында нені жырлайды деп ойлайсыңдар?

Жауабы: Сол отаршылдықтың тепкі көрген қалың бұқараның ішкі қарсылық сезімін ашып көрсетеді. Халықты екі жақтап қанаған қазақтың бай,би- болыстары мен патшаның озбыр отаршыларының ниетін әшкерелейді.
Міне , балалар, Ш. Қанайұлының ақындық, азаматтық кезеңі осындай қиын кезеңмен тұспа-тұс келген екен.
Заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы өз заманына мысқалдап кіре бастаған сал-дәстүрімізге жат, ұлттық рухымызға тән емес қылықтар еді.
Сұрақ:
3. Зар деген сөзді қалай түсінесіңдер?
ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат тағы басқа ақындар замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. Бұл ақындарды жерлесіміз, заңғар жазушы, классик М. О. Әуезов «зар заман ақындары» деп атаған.
Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. ««Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады.
Оның «Зар заман» өлеңдер топтамасы-адам сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы, дәуір айнасы.

ІV .Мәтінмен жұмыс.Өлеңді үзінді оқу оқытып, талдатамын.

І-топ -62-бет,

ІІ-топ-63бет,

ІІІ-топ-64-65 бет



Өлеңнің аты

Негізгі әрекет

Кейіпкері

Менің түсінгенім

Зар

заман


Билер жейді параны

Сақтап қойған сүрідей...



Би







































Орыс-бүркіт, біз-түлкі

Аламын деп талпынды,

Орыстан қорлық көрген соң,

Отырып билер алқынды.

1.«Зар заман» өлеңінде заманның бұзылған белгілерін табайық, неліктен заман бұзылып тұр? Себебі?


2. Заманды бұзған кімдер?

Шортанбай әуелі бұрынан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды.


Мынау ақыр заманда
Алуан, алуан Жан шықты
Арам, араз хан шықты
Қайыры жоқ бай шықты
Сауып ішер сүті жоқ
Мініп көрер күші жоқ
Ақша деген мал шықты
Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.
Заманның жаман белгісі «Зар заман» ішінде көп айтылады
Мұның өзі зар заман
Зарлығының белгісі
Ұл сыйламас атасын....
Қазы, болыс, хан қойды
Некесіз туған шатасын...
Сол заманның кезінде
Қыз сыйламас шешесін
Ер жеттім деп шаштасып...
Бұның бәрі-заман бұзылғанның белгілері. Енді осы заманды бұзған кім? Бұған да ақын жауап береді.
Заман қайтіп оңалсын...
Байлар ұрлық қылады
Көзіне малы көрінбей
Билер жейді Параны
Сақтап қойған сүрідей

Сол себепті:

Заманның түрі бұзылды
Текеметтің түріндей

Заманның зарын айтқан, ел келешегіне назаланған Шортанбай Қанайұлының еңбектерінің тақырыбы мен идеясы өз заманының қайғы, мұңы еді.



V.Топпен жұмыс.

І-топ: Оқулықтың көмегімен Шортанбай Қанайұлының өмірбаяны бойынша сатылай кешенді талдау.

1.Шортанбай Қанайұлы

2.Өмірінен дерек:


3.Өмір белесі:


4.Шығармалары:

Сұрақ.


ІІ-топ Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдау.
№ Тіл көркемдігі Мәтіннен үзінді
1 Метонимия ..жаннан түңілген
2 Метафора Орыс-бүркіт, біз-түлкі
3 Теңеу Текеметтің түріндей
4 Эпитет
5 Тұрақты тіркес
6 Мақал-мәтел

ІІІ-топ: «Шортанбай Қанайұлының арманы» ойтолғау
-Ш.Қанайұлы өлеңдерінің тақырыбы не, нені аңсады?

- Иә, балалар Шортанбай Қанайұлы Тәуелсіздікті аңсады?

- Жақында қандай мереке?


  • Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады.

Елбасымыздың биылғы жолдауының жетінші бағытында оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білу керек. Оқыту үдерісінің патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де жанның да дамуы, заңға мойынсұнушылық.

Н.Назарбаевтың өмір жолы, еңбектері қандай?


Венн диаграмма: Ш.Қанайұлы мен Н.Назарбаев сол кездегі мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де жанның да дамуы, заңға мойынсұнушылық ұғымдары бүгінгі күнде де өз құндылығын жоғалтқан емес.

VІ.Шығармашылық жұмыс.

І-топ: Шортанбайдың зар заманы.

ІІ-топ: Елбасына хат.

ІІІ-топ: Мен елімнің ертеңімін. Ойтолғау.
VІ. Тест жұмысы.

І.Толықтыруды қажет ететін тест.

1.Шортанбай Қанайұлы жылы

дүниеге келген.

2. Зар заман ақындары:


3. «Зар заман ақындары» деген атауды берген

4 .Шортанбай Қанайұлының тақырыбы

5.Ақын өзгерістерден шошынады, жиренеді.

ІІ.Балама жауаптары бар тест



Шортанбай Қанайұлы

Иә

Жоқ



Ақын









Медресе бітірген









Күрескер ақын









Жырау









Заман жыршысы









Сыншы









Діндар









Айтыскер ақын









Батыр









Шыншыл реалист








ІІІ. Таңдамалы тест.

1.Шортанбай Қанайұлы қай жылы дүниеге келген.

А) 1818 Ә) 1819 Б)1820

2. Зар заман ақындары?

А) Махамбет, Дулат, Шортанбай. Ә) Дулат, Шортанбай, Мұрат Б) Сүйінбай, Шортанбай, Мұрат

3. «Зар заман ақындары» деген атауды берген кім?

А) А.Құнанбаев. Ә) М.Жұмабаев Б) М.Әуезов.

4.Шортанбай Қанайұлының замандастары кім?

А) Махамбет, Дулат, Шортанбай. Ә) Дулат, Шортанбай, Мұрат Б) Сүйінбай, Шортанбай, Мұрат

5. Шортанбай Қанайұлы қай кезеңде өмір сүрген?

А) ХVІІІ Ә) ХІХ Б) ХХ

Қорытынды сөз:

Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты-біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздерге міндетті түрде сапалы білім алу керек, ол сіздерге сенімді іргетас болады, олсыз сіздер өзіңіздің болашағыңызды, өз балаларыңыздың болашағын, бүкіл еліміздің болашағын жасай алмайсыздар. Сіздерге жұмыс істтеу керек және тағы да жұмыс істеу керек, жетілдіру бағытында. Білімге де, жетілуге де шек жоқ. Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтау.


Бағалау.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы
iblock -> Программа вступительного экзамена по специальной дисциплине профиля (направленности) история философии направления подготовки


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу