Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№ 3 орта мектебі» ММ
Бейнелеу пәнінің мұғалімі
Жандосова Ардақ Серікқызы
Сабақтың тақырыбы: «Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу».
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Қазақстанның көркем табиғатымен танысу, табиғат көріністерін бейнелеуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың пейзаж жанры бойынша алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Қоршаған ортаға деген экологиялық тәрбиені қалыптастыру.
Көрнекілігі: Плакаттар , суреттер, слайд.
Құралдар: акварель, гуашь, қылқалам, альбом, қалам.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сүрақ-жауап, топтық жұмыс.
Түрі: плэнер.
Типі: Меңгерген білімдерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: музыка,география.
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу.
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
III.Жаңа сабаққа көңіл аудару.
IV.Тапсырманы орындау.
V.Сабақты бекіту.
VI.Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгендеу , сабаққа даярлау.
II.Үй тапсырмасы: Өткен сабақты карточка арқылы қайталау.
III. Жаңа сабақпен танысу: Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу».
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы-деп бүгін табиғат суретін саламыз.
Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.
Затқа қарап сурет салу.
Елестету арқылы сурет салу.
Еске сақтап сурет салу.
Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.
Бүгін, біздер осылардың ішінен елестету арқылы сурет салуға тоқталамыз.
Елестету арқылы сурет салу дегеніміз суретші өиялы, құбылысты нақты бейнелеуі болып табылады. Мұндай бейнелеуге табиғат көріністерін бейнелеу, ертегі кейіпкерлерің кітаптан оқып, түсінгені бойынша бейнелеу, ән, күй, терме, өлең шумақтарын тыңдау арқылы композициялық суреттер салу жатады.
Табиғат көріністерін бейнелеу, ол табиғат аясына серуенге шыққанда, су жағасына демалуға барғанда, табиғаттың әдемі, әсем, сұлұ жерлерін бейнелеу. Мұны пейзаж деп атайды.
Пейзаж дегеніміз не?
Пейзаж –франсуз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Европада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бір нақты көрінісін бейнелесе,енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.
XVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. ӘсіресеXVII ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің «Жаңбыр алдында», К. Юонның «Қыс соңы». С. Герасимовтың «Жаз өтті», И. Айвазовскийдің «Тоғызыншы болл», т.б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Табиғат көрінісі бейнелеген суретші шығармаларын көрсету.
Ә. Қастеев «Менің Отаным» 1959ж.
Ә.Қастеев «Биік таудағы мұз айдыны» 1955ж.
Пейзаж-табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж түрлеріи:
Ауыл пейзажы.
Саябақ пейзажы.
Қала пейзажы.
Теңіз пейзажы.
Сәулет пейзажы.
Индустриялық пейзаж.
Ауыл пейзажы (Ү.Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.
Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған. Бірде табиғи пішіндер, сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.
Қала пейзажында(О. Нұржұмаевтың « Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Сәулет пейзажы( А. Остроумова –Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық –сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.
Индустриялық пейзаж (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» Картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды. Бөгеттер мен электр бекеттерін,теміржол тараптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.
Оқушыларды топқа бөлу.
I топ Жомарт күз
II Алтын күз
III Күрен күз
IV.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.
Ф. Шопеннің «Күз вальсі» тындалады.
Проблемалық сұрақ : осы музыкада табиғаттың қандай мезгілі суреттелген?Осы дыбыстардан қандай табиғат құбылысын байқауға болады? Композицияның әсерлі құралдарын ескере отырып, осы құбылыстарды қалай бейнелеуге болады?
Бұл музыкада қандай қозғалыс бар?
I топқа аспандағы құстарды. II топқа су бетіндегі құстарды. IIIтопқа жердегі күзгі жапырақтарды бейнелеу тапсырылады.
Тақтаға кезекпен орындалған жұмыстарын іліп, қорғайды және жұмыстарына тақырып ойлап табады. Әр топқа сұрақтар қойылады.
Оқушы жұмыстарындағы жетістіктер мен кемшіліктер көрсетіледі. Әр топтың басшысы өз оқушыларына баға қояды.
V. Қорытынды: Жасалған жұмыстарына көрме жасап бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру:Табиғат бейнесің еске сақтап салу.
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеудің құпиялары – перспектива. Перспектива ережелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі – перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру.
Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып сурет салуға баулу.
Дамытушылығы: Білімдерін кеңейту,дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық сезімдерін, танымдық
күштерін, ой-өрісін, қиялын, оқуға, өнерге қызығушылықтарын
д амыту;
Тәрбиелігі: Әсемдікке,сұлулыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Типі: жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, үйрету.
Көрнекілігі: перспективалық көрініс суреттері, слайд т.б.
Пән аралық байланыс: математика.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
Оқушы назарын сабаққа аудару.
II Өткен сабаққа шолу жасау,қайталау.
-Композиция дегеніміз не?
-Көкжиек сызығы дегеніміз не?
Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сабақтың мақсатын қою. –Балалар , бүгін біз бейнелеу өнеріндегі негізгі заңдылықтардың бірі –перспектива заңдылығымен танысамыз.
ІV.Жаңа білім беру. Оқулықпен жұмыс.
Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім.
Перспектива латынның «perspicere» - «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті.
1. Зат бізден неғұрлым алыс тұрса , ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунемески.
Біз бүгін перспективаның орындалу тәсілдері туралы ережемен танысамыз. Егер суреттегі заттар бір-бірінен әр түрлі қашықтықта орналасып, қағаз бетінде кеңістік пен тереңдік пайда болса, онда ол перспективалық бейнелеу деп аталады.
Перспективалық бейнелеудің өз ережелері бар. Олармен танысу үшін слайдқа назар аударайық.
Алманың суретін қараймыз, балалар, екі алма бірдей ме?- деп сұраймын. (балалардың жауабы)
Иә, үлкендігі, яғни өлшемі бірдей екі алманы аламыз.
а) сурет б )сурет
Оны жаңағы жоғарыда айтқан ереже бойынша орналастыру керекпіз. Қалай саламыз? – деп сұраймын. (жеке – жеке балалар жауап береді).сонымен бұдан біз не байқадық. Яғни бізге жақын орналасқан алма алыстағыдан ірілеу болып көрінеді. Демек, жақындағы затты алыстағы заттан үлкендеу етіп бейнелеу қажет. Бұл сызықтық перспективаның бірінші ережесі деп аталады.
Ал екінші ережені түсіндіру үшін слайдтан поездың рельсі, көше шамдары, қала көріністері суреттерінен байқауға болады. Бұл суретте параллель сызықтар деген ұғым бар. параллеь сызықтар – бұл негізінде бір-біріне қарама – қарсы орналасқан ешқашан қиылыспайтын сызықтар.
Бөлме ішінің суретін талқылау. Бөлме ішінің түпкі қабырғасына сүйеніп жоғары қарасақ, қабырға мен төбенің қиылысқан бұрышындағы сызықтар қарма-қарсы қабырғаға қарай алыстаған сайын тарыла бастайды. Оны мына суреттен анық байқауға болады. Слайдтағы бөлме ішінің суреттерін көрсету.
Ал енді мына ағаштың суретіне қарайықшы. Биіктігі өте биік ағаштың қасына барып, жоғары қарасақ, ағаштың ұзындығы қысқарғандай болып, ал екі параллель сызықтардың да екінші ереже бойынша бір нүктеде түйіскенін көруге болады.
V. Машықтық жұмыс. (практикалық бөлім)
- Балалар, ендеше бүгінгі салатын суретіміз бөлменің іші болмақ, - деп слайд арқылы бөлменің ішінің салыну кезеңдерін көрсету.
Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып, сурет салуға машықтандыру. Тақтаға және слайдпен салу тәсілдерін көрсетіп отыру.
VI. Жаңа сабақты бекіту.
«Сезімтал саусақтар» ойыны. Тақтаға бір оқушы шығады. Оның көзін байлап, қолына бір затты ұстатып, сипалап көргіземіз. Сонан соң затты алып қойып, көзінің байлауын шешеміз. Оқушыдан сол заттың суретін тақтаға перспективалық бейнелеу талап етіледі.
VIІ. Қорытынды.
VІІI. Бағалау.
IX. Үйге тапсырма. Бояп үлгермей қалған балалар, суретін аяқтау және қабырға тұсқағаздарына перспектива ережесі бойынша өрнектер салып бояп әшекейлеп кеСабақтың тақырыбы: Біз суретші баламыз
Достарыңызбен бөлісу: |