Қысқа мерзімді жоспар-6
Қазақстан тарихы
Бөлім:
|
5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
|
Педагогтің аты-жөні
|
Панияз Шолпан, №71 МЛ
|
Күні:
|
|
Сынып: 5
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі.
Зерттеу сұрағы: Мезолит пен неолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың өмірі қалай өзгерді?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлығы:табиғаттағы өзгерістер ежелгі адамдардың шаруашылық өмірін қалай өзгерткендігін түсінеді;
Көпшілігі:мұз басу дәуірінен кейінгі адамдардың еңбек құралдарының басты ерекшеліктерін ажыратады;
Кейбірі: табиғаттағы өзгерістердің ауқымдылығын, адамдардың еңбек құралдары, баспаналары, киімдеріндегі өзгеріске негіздеп, тұжырымдайды
|
Бағалау критерийлері
|
Тас дәуірінің кәсіп түрлерін анықтайды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
|
Тас дәуірі, кезеңдері, адамдардың өмірі жайлы білімдері бар.
|
ҚБ - «Смайлик»
|
Тақырыптық суреттер
«Ежелгі адамдар»
|
Жаңа сабақ
|
Мезолит ( орта тас дәуірі)
Уақыты – б.з.б. 12 -5 мыңыншы жылдар
●Қазақстанда мезолит ескерткіштері аз кездеседі.
●Жер бетін басқан мұз еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар қалыптасты.
●Микролит– ұзындығы 1-2 см. ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар.
●Тағы бір жаңалық – садақ пен жебенің шығуы.
Мезолиттегі басты жаңалықтар:
1/ Ірі жануарлар жойылды
2/ Жебелі садақ
3/ Балта
4/ Ұсақ аңдарды аулау
5/ Ағашты құрал ретінде пайдалану
6/ Қайық, сал жасау
7/ Баспана тұрғызу, ағаш кесу
8/ Өзен –көлді кешіп өту
Аңшылық негізгі кәсіпке айналды.
●Мезолиттің тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтамады.
●Қазақстанда 20- дан астам мезолиттік тұрақ белгілі. Олар Мичурин, Явленко, Дүзбай, Ерейментау, Тельман, Әкімбек, Қарағанды,Қызылсу
Ертіс, Есіл (қабырғасы терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр баспана табылған), Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойында аңшылар мекендеді.
●Жануарларды қолға үйрету және дәнді дақылдар өсіруді бастады.
Ерлер мен әйелдер арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.
1-тапсырма Мезолит (орта тас дәуірі)
|
Достарыңызбен бөлісу: |