Маңғыстаудың киелі орындары



Дата13.05.2022
өлшемі15,61 Kb.
#143023
Байланысты:
Шапағат Өлкетану БӨЖ3
Этнология срс, Этнология Жобааааа, Документ, Жоба Америка Шапағат Алтынбек, Жұт жылы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Ессенов атындағы Каспий технологиялар және инжениринг университеті


БӨЖ
Тақырыбы: Маңғыстаудың киелі орындары.

Орындаған: Тарих 19-1 тобының студенті Әнетов А


Пән оқытушысы: Аға оқытушы,магистр Сидешова Р.А.

Ақтау-2022ж


Маңғыстаудың киелі орындары
Маңғыстаудағы киелі орындар арасындағы танымал нысандардың бірі - Кенті баба қорымы саналады. Бұл ескі қорым X-XVI ғасырларға тән. Ол Шетпе мен Шайыр ауылдарының аралығында орналасқан. Қорымның үш мавзолейі оның басты нысандары болып табылады, оның екеуі бір-біріне жақын орналасқан, үшіншісі қираған. Мавзолейдің ішінде тар өткел мен жоғары көтерілетін баспалдақ бар. Ол жерде шағын алаң орналасқан. Жоғары көтерілгеннен кейін жалғыз тұрып, намаз оқуға болады. Егер қолыңды жайып, тілек тілесең - Алла қабыл етеді деп саналады. Туристерге Кенті баба - дүниеден озған адамдардың «киелі» қаласы ретінде таныстырылады. Кенті бабада 130 мемориалдық ескерткіш бар, олардың негізін қойтастар (кіші үлгідегі құлпытас) құрайды. Мұнда үлкен айқастан кейін қаза тапқан ер адамдар көмілген деген жорамалдар айтылады. Қорымның қабырғасында арқарлар, жылқылар, түйелер, үшбұрыштар (тұмар), өрнектер, сондай-ақ киелі орынды зұлым күштерден сақтайды деген сеніммен адамның жайылған алақаны бейнеленген

Кенті бабадан екі шақырым қашықтықта Сұлтан үпі жерасты мешіті орын тепкен. Ол IX-XII ғасырларда салынған. Мешіт Маңғыстаудағы жалғыз жалғалаудағы каньонға жақын орналасқан. «Киелі орын саяхаттаушылардың, көлік жүргізушілері мен теңізшілердің жебеушісі саналады. Сұлтан үпінің емдік қасиеті адамдардың қызығушылығын тудырып келеді. Оның қасында тұщы суы бар құдық бар. Шатқалдың баурайында төбесінде қадалған сырығы бар тас үйінді түріндегі қабыр бар. Тілеумен келгендер бұл сырыққа мата кесіндісін байлап кетеді. Егер қабірді жеті рет айналып, ағаш сырыққа матаны байласа, тілегің орындалады деген наным бар. Ғалымдардың тағы бір болжамына сүйенсек, Сұлтан үпі мешіті Сопылық ордені болған», - деді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры Кирилл Осин. Сұлтан үпінің рухы бас ауруын емдеуге көмектеседі деген сенім бар... Одан әрі Форт-Шевченко қаласына қарай жүрсең, Жығылған елді мекеніне жетесің, ол жерде тастақты жыныстардан шатқалдың әдемі көрінісін тамашалауға болады...


Қарақиа ойпаты Оның ұзындығы 85 км, ені 25. Ойпаттың түбінде ағын суы бар шағын көлшік және бұлақ орналасқан. Бұл жердің суы сортаңды. Ойпаттың оңтүстік батыс жағында суалып бара жатқан Батыр көлі бар.
Саура шатқалы. Бұл жерден ғасырлар бойы қураған ағаш діңгектерін көруге болады, сол себепті шатқал түбінде суы мол өзен аққан деп саналады... Шатқал теңіз жағасына дейін жалғасқан, оның ең көрікті жері үш жағынан сфера пішінді тік жартастар қоршап тұратын Саура көлі. Бір жағынан арна табиғаттың жасаған биіктігі шамамен 50 метрлік тостағанға ұқсайды. Көде батпақты жердің тасбақалары мекендейді. Ал шөлдің тасбақасы аяқ астында өріп жүреді.
Шерқала - Ақтау қаласынан шамамен 94 км қашықтықта орналасқан жалғыз тау. Ол да Маңғыстау өңіріндегі киелі жерлердің бірі саналады. Бір жағынан тау үлкен ақшаңқан киіз үйді елестетсе, тағы бір қырынан қарасаңыз, басын аяғына қойып жатқан ұйқыдағы арыстанға ұқсайды. Таудың атауы да осы жерден шыққан, түрікмен тілінен аударғанда Арыстан тау дегенді білдіреді. Шерқаланы айналып өту үшін бір сағаттан артық уақыт керек. Онда тау үңгірлері өте көп, ал ұшар басында аңыз бойынша қария мекен етеді. Жақын жерде тағы бір табиғи ескерткіш - кең алқаптағы Ақмыш бұлағы орналасқан.
Шерқала, Саура және Қарақия ойпатына танымдық экскурсиялар аясында мектеп оқушылары жиі келеді. Бұл жерлер облыс орталығына жақын жерде орналасқан ең танымал туристік нысандар.
Тамшылы – Түпқараған ауданында орналасқан табиғи су көзі. Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 км-дей жерде. Тамшалы – кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгір. Айырмасы тек шаңырағы, уығының иінінен жоғарғы жағы жоқ. Кереге басы дерлік деңгейден кей жерінде тас қабырға шып-шып терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мұздай әрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады.
Үңгір табанында шағын көлшік пайда болған. Осыған орай Тамшалы аталып, ол ертеден төңірегіндегі елдің ауыз су көзіне айналған; ал көл арнасынан артылып аққан су бөгеліп, суармалы егіншілікке пайдаланылып келген. Тамшалының ерте заманнан елдімекен болғандығын сай бойында сыңсып өсіп тұрған тұт ағаштары айғақтайды. Соған қарағанда оған бағзы замандарда Ұлы Жібек жолының бір тармағы келіп жатқан секілді. Қыр басында ерте дәуір ескерткіштері (молалар) сақталған. Тамшалы – мәдени демалыс аймағы. Сай аяғында 20 ғасырдың 50-жылдарының бас кезінде таратылған балықшы ұжымшары үйлерінің қирандысы сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет