Ұлттық тағамдар! Қазақ- қонақжай халық. Қазақ халқы барлық уақытта қонақты күтуге дайын тұрады. Қонағына ұлттық тамақтар дайындап береді. Мысалы, ет асып береді. Қонақтың түрлеріне байланысты қойдың басын, жамбасың, төсін, жіліктерін бөліп-бөліп қояды. Қазақша ет-қазақтың ерекше ұлттық тамағы. Оны қойдың, сиырдың, жылқының еттерінен де әзірлейді. Ет тағамдары - Ет тағамдары - еттен, ет өнімдерінен көптеген қою тағам түрлері дайындалады.
Қуырдақ - Қуырдақ - майға қуырылған ұсақ ет. Көбінесе ірі қараның, түйенің қол етінен, сан етінен, қойдың мойын етінен әзірлейді. Түскі асқа, жорықта жүргенде, асығыста тез дайындалатындықтан жасайды. Әдетте ішек-қарын мен өкпе-бауырды турап қуырады. Аралас қуырдақ әзірлеу үшін, алдымен өкпе-бауырды суға қайнатып, шала пісіреді. Содан кейін қазанға өзге ет, ішек-қарын, шажырқай, шарбы май қоса салынады. Себебі өкпе кеш піседі, ал бауыр тым тез піседі, сондықтан оны қуырдаққа бәрінен соң салады. Жалпы қуырдақты кез келген малдың етінен жасай береді, оның түсрлері де көп: ішек-қарын, соғым, май, сан ет, өкпе бауыр, қарын қуырдағы т.б.
Бесбармак - Бесбармак (бешпармак)
- Бесбармак - в переводе означает 5 пальцев. Ведь если южноазиатские народы едят палочками, то среднеазиатские испокон веков кушали пальцами. До сих пор во время национальных обрядов связанных с приемом пищи узбеки, казахи, киргизы и таджики стараются есть руками
-
Шұжық - Шужук
- Подготовленное мясо натирают солью и выдерживают 1-2 дня в прохладном месте при 3-4С. Кишки промывают и немного держат в соленой воде. Затем мясо и жир мелко нарезают и перемешивают. Добавляют чеснок, перец и соль и вновь премешивают. Этим содержимым набивают кишки, оба конца завязывают шпагатом, вывешивают на 3-4 часа в прохладном месте.
- Коптят шужук 12-18 часов над густым дымом при 50-60С, подсушивают при 12С 2-3 дня.
- Вяленый или копченый шужук отваривают на медленном огне не менее 2-2,5 часов.
- Перед подачей на стол нарезают на кусочки не толще 1 сантиметра, выкладывают на блюдо, украшают кольцами лука, зеленью.
- 5 кг мякоти конины, 5 кг внутреннего жира, 350 г соли, 10 г черного молотого перца, по усмотрению - добавить чеснок.
- Шұжық – малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады.
- Қуырдақ – соғым сойған-да етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.
Астықтан жасалған тағамдар Бауырсақ - Бауырсақ.
- Ұннан пісірілген ұлттық тағам. Қазақтың ұлттық бауырсағы үш-төрт бұрышты, сопақша, домалақ пішінде пісіріліп, пішімі мен сапасына қарай: ши бауырсақ, тұш бауырсақ, бармақ бауырсақ, жалпақ бауырсақ, жол бауырсақ, бұрама бауырсақ және т.б.
- Құрамы: 1 литр - сүт, 200 гр. маргарин, немесе сары май, 1 жұмыртқа, 2 ас қасық майонез, тұз, шекер (дәміне қарай), ашытқыш. Қамыр ашығаннан кейін бірнеше рет қайтарсаңыз, және қамырды жайып, 10 минутқа кесіп қойсаңыз, өте дәмді және томпақ болады.
Нан - Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды.
Сүт тағамдары - Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т.б.), ашытылған сүт (айран, қатық, құрт, қымыз, сүзбе, шұбат, т.б.) дайындау ісі ертеден белгілі.
Құрт - Құрт. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындан әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2—3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.
Сүзбе - Сүзбенi айраннан әзiрлейдi. Ол үшiн айранды кенептi қапшыққа құяды да, одан ағызады. Қалған қою масса сүзбе болып табылады. Одан кейiн сүзбеге кiшкене тұз салады. Қазақтар сүзбеден құрт жасайды. Кейбiреулер мұны қатық деп атайды. Сүзбеден қазақтар құрт жасап, оны ет тағамдарына астатым ретiнде қосып пайдаланады, тың түрiнде де қолданады.
Қымыз - Қымыз- бие сүтінен ашытып дайындайтын ең қадірлі сусынның бірі. Қымыздың емдік, шипалық қасиеті өте жоғары. Оны ашыту шеберлігіне қарай үй иесіне баға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |